Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығыКөміртек атомының пайда болуына келесі
PISA KAZ (1)
Сұрақ 4: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР Ашытқан қамырды пешке салғанда, газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды. Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғаяды? Олардың молекулалары көбейеді Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады Молекулалар саны көбейеді Олардың молекулалары сирек соқтығысады КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР Айрықша замандас көлік маркалары пайдаланылған газды адам мен қоршаған орта үшін зияны аз болуы үшін каталиторлық конвертерлермен жабдықталған.. 90%-ға жуық зиянды пайдаланылған газдар одан әлдеқайда зияны кем газға айналады. Төменде конвертерге түсетін және одан шығатын бірнеше газдың түрлері келтірілген.
Каталиторлық конвертер Сұрақ 1: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР Берілген суреттегі ақпаратты қолданып, конвертердегі пайдаланылған газдың зиянын қалай азайтатынына мысал келтіріңіз. ............................................................................................................................................ ............................................................................................................................................ ............................................................................................................................................ Сұрақ 2: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР Газдар каталиторлық конвертердің ішінде өзгерістерге ұшырайды. «Атомдар» ЖӘНЕ «молекулалар» сөздерін қолданып, болып жатқан үдерістерді түсіндіріңіз. ............................................................................................................................................ ............................................................................................................................................ ............................................................................................................................................ Сұрақ 3: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР Каталиторлық конвертерден бөлінетін газдарды талдаңыз. Каталиторлық конвертермен жұмыс жасайтын инженерлер мен ғалымдар зиянсыз пайдаланылған газдарды алу үшін кандай мәселенің шешімін табу керек? ............................................................................................................................... ............................................................................................................................ ............................................................................................................................... ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Біздің денсаулығымызға жүйелі, бірақ қалыпты денешынықтыру жаттығулары пайдалы. Сұрақ 1: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Жүйелі денешынықтыру жаттығуларының пайдасы неде? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Сұрақ 2: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Бұлшық етті жаттықтыру барысында не болады? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Сұрақ 3: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Сіздің жай кезбен салыстырғанда, денешынықтыру жаттығуларын жасау барысынды әдеттегіден тыс жиі тыныс алуыңыздың себебі неде? .................................................................................................................................. ................................................................................................................................... ................................................................................................................................... ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонат пен кальцийден тұрады 1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған. Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді. Сұрақ: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына, ал екіншісін жай (тазартылған) суға салды. Оқушылар бұл сынауды өздерінің тәжірибесіне неліктен қосқанын түсіндіріп жазыңыз ....................................................................................................................... ....................................................................................................................... ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ»1 БОЛА АЛАМЫН БА? Мен де алмасу оқушысы бола аламын ба? Бұл ой мені қорқытады, бірақ, сонымен бірге өте қызығарлық. Егер мүлде қорықпасаңыз, бұл таңданарлық болар еді. Ең бастысы - сіз мұны қалайтыныңыз және сіздің күтулеріңіз толық орындалуы. Үміткерден не талап етіледі? Оқушылар алмасумен шұғылданатын әр түрлі ұйымдардың талаптарының айырмашылығы аз ғана, бірақ олардың барлығы үміткердің жасына, бітірген сынып санына, үлгеріміне және жеке басының қасиеттеріне нақты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейін. Оқушы негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітіруі талап етіледі. Оқушылар алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда, «орташа үлгерім» жеткілікті болады. Үлгерімнің біршама төмен деңгейінің есесі әңгіме өткізу кезінде оқушының жақсы әсер қалдыруымен қайтарылуы мүмкін. Көп жағдайларда мектептен немесе мұғалімнен мінездеме қажет болады. Бұдан басқа, өтінішіңізге сіздің мектептегі бағаларыңыз бар көшірмені қосу керек. Тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша экзамен арқылы бағаланады. Сірә, үміткерден шет тілінде жүгіртіп сөйлей білу талап етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелескенде үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша, жеңіл-желпі сөйлесе алуы ескеріледі. жүктеу/скачать 1,9 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |