«Тестіленушілер» беті
«Тестіленушілер» беті төмендегідей көрсетіледі (21-сурет):
21-сурет – «Тестіленушілер» беті
Педагог қызметкердің өтінішін қабылдау үшін, «Өтінішті қосу» (21–сурет, 1) батырмасын басып, педагог қызметкердің мәліметтерін нысанға (22-сурет) енгізіп:
- Тегі
- Аты
- Әкесінің аты
- ЖСН
- Білім беру деңгейі
- Жоспарланған санаты
- Тестілеуді тапсыру тілі
- Тестілеу пәні
- Аттестаттаудың түрі (кезекті, мерзімінен бұрын)
«Қосу» батырмасын басу қажет.
22-сурет - Педагог қызметкердің өтінішін енгізу нысаны
Педагог қызметкерді базаға қосқанда, оған ТЖК (тестіленушінің жеке коды) автоматты түрде беріледі.
Қосылған педагог қызметкерлердің өтініштерінің тізімі кестеде көрсетіледі.(21-сурет,4)
Өтінішті түзету үшін, «Өзгерту» (21-сурет,5) батырмасын басып, пайда болған нысанға өзгертулерді енгізу қажет.
Өтінішті деректер базасынан өшіру үшін «Жою» (21-сурет, 6) батырмасын басу қажет.
Пайдаланушыға тізімнің ішінен қандайда бір өтінішті табу үшін, іздеу (21-сурет,3) функциясын қолдануға болады. Іздеу барлық параметрлер (аты-жөні, ЖСН, тестілеу тілі, аттестаттау түрі) бойынша жүргізіледі. «Іздеу» жолына қажетті мәліметті енгізу барысында, төмендегі кестеге соған сәйкес мәліметтер көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін, пайдаланушы «Тіркеу журналын» (21-сурет,2) қалыптастырып, басып шығаруы қажет.
Назар аударыңыз! «Тіркеу журналының» тілі интерфейстің тіліне байланысты қалыптастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |