Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы



бет2/22
Дата07.07.2018
өлшемі1,15 Mb.
#48252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Авторизациялау


Авторизациялану үшін тізімнен өзіңіздің ҰБТӨП таңдап, пайдаланушылар тізімінен – ҰТО филиалының қызметкерін таңдайсыз (2-сурет).

Ары қарай ҰТО ұйымдастыру бөлімінен алынатын құпия сөзді енгізіп, «Кіру» батырмасын басасыз.



2 - суретҰТО филиалы қызметкерінің авторизациялануы


      1. Өтініштерді қабылдау пункттерін қосу


Авторизацияланғаннан кейін, пайдаланушыға өтініштерді қабылдау пункттерін – ҰБТӨП орналақан облыстың білім басқармасы мен бөлім бөлімдерін (бұдан ары – ӨҚП) қосу беті ашылады.

3 – сурет – ҰТО филиалы қызметкеріне арналған қосымшаның негізгі беті

Өтініштерді қабылдау пункттерін қосу үшін «ӨҚП қосу» батырмасын басып (3-сурет), төмендегі ақпаратты таңдай отырып, нысанды толтырып (4- сурет):

- тізімнен ӨҚП облысын;

- тізімнен ӨҚП ауданын;

- тізімнен ӨҚП түрін (білім басқармасы немесе білім бөлімі);

- ӨҚП атауын қазақ тілінде толтыру;

- ӨҚП атауын орыс тілінде толтыру;

- ӨҚП әкімшісінің аты-жөнін (толықтай);

- ӨҚП электронды мекен-жайын толтыру (e-mail);

- байланыс телефонын;

- ӨҚП әкімшісінің кіру құпия сөзін жазып



«Қосу» батырмасын басу қажет.

4 – сурет – ӨҚП қосу нысаны



Қосылған ӨҚП туралы мәлімет кестеде көрсетіледі. (5-сурет).

5 – сурет – Қосылған ӨҚП туралы мәлімет

Осы бетте орналасқан кестеде барлық қосылған ұйымдар және қабылданған өтініштер саны («тестіленушілер саны» ұяшығында) көрсетіледі. (5-сурет).

Қате жіберілген мәліметтерге өзгертулер енгізу үшін «Өзгерту» батырмасын басу қажет. (5-сурет, 1).

ӨҚП тізімінен ұйымды өшіру үшін «Жою» батырмасын басу қажет. (5-сурет, 2).

Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған уақытта әр ӨҚП деректер базасын жабуы қажет. Егер ӨҚП базаны жапқан болса, «базаны ашу/жабу» ұяшығында «Ашу» батырмасы болады. ҰТО филиалының қызметкері қажет жағдайда ӨҚП деректер базасын қайта ашып бере алады.

Егер ӨҚП деректер базасын уақытында жаппаған жағдайда, ҰТО филиалының қызметкері «Жабу» батырмасын басып базаны жаба алады. (5-сурет,3).

Назар аударыңыз! ӨҚП тестіленушілер 0-ден көп болған жағдайда деректер базасын жабуға болады. Егер ӨҚП тестіленушілер саны 0-ге тең болса бұл ӨҚП тізімнен өшіру керек.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет