Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы



бет5/22
Дата07.07.2018
өлшемі1,15 Mb.
#48252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

«Тестіленушілер» беті


«Тестіленушілер» беті төмендегідей көрсетіледі (9-сурет):



Рисунок 9 – «Тестіленушілер» беті

Педагог қызметкердің өтінішін қабылдау үшін, «Өтінішті қосу» (9–сурет, 1) батырмасын басып, педагог қызметкердің мәліметтерін нысанға (10-сурет) енгізіп:

- Тегі

- Аты


- Әкесінің аты

- ЖСН


- Білім беру деңгейі

- Жоспарланған санаты

- Тестілеуді тапсыру тілі

- Тестілеу пәні

- Аттестаттаудың түрі (кезекті, мерзімінен бұрын)

«Қосу» батырмасын басу қажет.



10- сурет Педагог қызметкердің өтінішін енгізу нысаны

Педагог қызметкерді базаға қосқанда, оған ТЖК (тестіленушінің жеке коды) автоматты түрде беріледі.

Қосылған педагог қызметкерлердің өтініштерінің тізімі кестеде көрсетіледі.(9-сурет,4)

Өтінішті түзету үшін, «Өзгерту» (9-сурет,5) батырмасын басып, пайда болған нысанға өзгертулерді енгізу қажет.

Өтінішті деректер базасынан өшіру үшін «Жою» (9-сурет, 6) батырмасын басу қажет.

Пайдаланушыға тізімнің ішінен қандайда бір өтінішті табу үшін, іздеу (9-сурет,3) функциясын қолдануға болады. Іздеу барлық параметрлер (аты-жөні, ЖСН, тестілеу тілі, аттестаттау түрі) бойынша жүргізіледі. «Іздеу» жолына қажетті мәліметті енгізу барысында, төмендегі кестеге соған сәйкес мәліметтер көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін, пайдаланушы «Тіркеу журналын» (9-сурет,2) қалыптастырып, басып шығаруы қажет.



Назар аударыңыз! «Тіркеу журналының» тілі интерфейстің тіліне байланысты қалыптастырылады.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет