Пайдаланушы авторизациялану үшін алдымен тізімнен облысын, басқарманың атауын, білім басқармасының әкімшісінің аты-жөнін таңдап, ҰТО филиалының қызметкерінен алынған құпиясөзді енгізуі қажет (7-сурет).
7 - сурет – «Білім басқармасының әкімшісінің» тіркеулік жазбасы арқылы қосымшаға авторизациялану
Авторизациядан өткеннен кейін төмендегі бетке көшіріледі. (8-сурет):
Рисунок 8 - «Білім басқармасының әкімшісінің» қосымшадағы интерфейсі
Бұл бетте төмендегі элементтер бар:
«Тілді таңдаңыз» батырмасы – бағдарлама интерфейсінің тілін таңдау: қазақ тілі немесе орыс тілі.
«Пайдаланушы» батырмасы – білім басқармасы және әкімші туралы мәліметті өзгертуге арналған.
Қосымша 3 беттен тұрады:
«Тестіленушілер» (8-сурет, 1) – педагог қызметкерлердің өтініштерін деректер қорына қосуға арналған.
«Мектептер» (8-сурет, 2) – өтініштерді қабылдауға қатысатын мектептерді қосуға арналған.
«Операторлар» (8-сурет, 3) – білім басқармаларына операторлары қосуға арналған. Оператор тек қана өтініштерді базаға енгізумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |