КАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Тарих және құқық институты МҰРАТБАЙ ТАСБОЛАТОВ. Р У М Қ Ұ Қ Ы FЫ ( студенттерге арналған оқу құралы)
Павлодар 2005ж. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің cтуденттеріне арнадым. Praesriptio ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН Алдымен сізді заңгерлік мамандығы жолына шығуымен құттықтаймын. Өзіңіздің таңдап алған өмір жолыңыз дұрыс болғанына тілектеспін.
Егеменді Қазақстан Конститутция бойынша біздің отанымыз құқықтық мемлекет делініп бекітілген.
Құқықтық мемлекет болуына бәріміз өте көп жұмыс істеуіміз керек. Алдымен еліміздің жастары құқықты жақсы білсе, оны дұрыс пайдаланса, білімін бүкіл халыққа түсіндіріп таратса, жас мемлекеттің қиын жағдайлары тез тарайды деп ойлаймын. Осы кәсіп сіздердің – жас заңгерлердің қолында. Әсіресе, құқық туған қазақ тілінде оқыған мамандарда. Казақ тілі әділетті, мемлекет қызметте өзінің заңды орнын табатын уақыты өте жақын, тіпті келді деп айтуға болады. Сондықтан Қазақстанның құқықтық мемлекетінің кілті сіздің қолыңызда.
Қазіргі қазақ тіліндегі құқықтану білімі жаңадан шыққан оқулықтарға өте мұқтаж болып отыр. Астанада және Алматыда шыққан заңгерлік оқулықтардың саны және сапасы бізді аса қанағаттандырмайды. Ал Рум құқығының оқулықтарының көбі орыс тілінде шыққан. Рум құқығы заңгерлік ғылым және білімдерің негізі екендігін алдымызда көрсетеміз, қазір бұл пән құқықтану (юриспруденция) мамандығында бүкіл әлемдегі университеттерде бірінші курстарда және бірінші семестрде оқытылады. Сонымен осы оқу құралы сіздерге бірінші көмекшілердің арасында болады деп сенім білдіремін.
Бұл шығарма басқа тілдерде шыққан рум құқығының оқулықтардың аудармасы емес. Бірінші осы пән бойынша кітаптарды салыстырып жас студенттерге түсінікті тілмен жазуға әрекет істедім. Өйткені басқа қалаларда шыққан рум құқығының оқулықтарының көбі өте қиын және күрделі тілмен жазылған. Сол оқулықтардың авторларының көбі өзінің шығармаларын жас шәкірттерге емес, жоғары білімді оқырмандарға, тәжірибелі заңгерлерге арнаған деп ойлаймын. Әрине, олар сол шығармалары жаңа-жаңа қазақ мектептерді бітірген студентгер пайдаланады деп ойлаған жоқ. Бірақта осы құралды оқығаннан кейін міндетті түрде басқа университеттерде, әсіресе Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Новосібірде шыққан оқулықтарды оқуыңыз керек. Оқулықтардың тізімі бұл шығарманың соңына кіргізілді. Осы оқу құралы оқулықтың дәрежесіне жетпесе де, рум құқығын негіздерін береді. Мемлекеттік оқулық стандарт бойынша жарияланған тақырыптар ішінде толық кіргізілген, рум құқығының негізгі ұғымдары түсіндірілген. Латын тілінде айтылатын терминдерге қазақ синонимдар қосылған және анықталған, кейбір сөздер және сөйлемшелер латын тілінде жазылды (қиналмаңыздар).
Латын тілі қиын емес; ағылшын, неміс, француз, басқа Европа тілдердің біреуін жақсы білсеңіз, латын тілі сізге өте жеңіл болады. Латын сөздері қалай жазылса, солай оқылады, бұрын қазақ тілі де латын әріптерімен пайдаланған. Заңгерлік терминдер прокурор, юрист, юстиция, адвокат, республика, Сенат, тағы басқалары сіздерге аудармасыз да түсінікті. Бұлар бәрі латын тілінен, рум құқығынан шыққан.
Бұл шығарма әдейі үш айдармен жазылған.
Praescriptio (кіріспе), Rogatio (мазмұны), және Sapctio (шешім), өйткені ежелгі Рум заңдары осы үш бөлімнен шығатын. (мазмұны), Rogatio бойынша 12 тақырып берілді. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда Рум қаласындағы орталық алаңда 12 тақта тұрған. Сол тақталарда Рум мемлекетінің заңдары жазылған. Бірақ осы оқу құралының 12 тарауларында осы 12 тақтадағы жазылған заңдар емес ең негізгі тақырыптар көрсетілген. Осы шығарма сіздердің заңгерлік оқуыңызға пайдалы болып шықсын.
Жолыңыз ақ болсын!