Бірінші:Қазіргі заманда Европа, Америка, Азияның ең нығайған мемлекеттерде құқықтың жүйелері рум құқығының тамырын табады. Юрист терминологиясы румдық құқықтан, латын тілінен шығады. Юстиция, прокурор, адвокат, нотариус және тағы бір неше терминдер латын тілінен шығып, енді халықаралық заңгерлік тіл болып шыққан.
Екінші: Қазіргі Қазақстанның құқық ғылымы қалай айтсақ та бұрынғы Советтік құқықтың ғылымынан шықты. Ал ол Патшалық Ресейдің заңгерлігі мекткптен басталды. Патшалық Ресейде Европалық юриспруденциясы румдық құқықтан негізделген.
Үшінші: Егеменді Қазақстан нарықтық экономикасының жолына шықса, біріншіден нарықтық қатынастарды жүргүзуге үйрену керек. Ал ондай жүргізу құқықсыз болмайды. Нарықтық мүлік қатынастар бүгін ғана шыққан емес. Бүкіл әлемдегі тарихынды әртүрлі құқықтық системалар әртүрлі экономикалық қатынастарды жүргізді. ХVІІІ-ХІХ ғасырда ңарықтық (капиталистік деп айтайық) қатынастар Европада туғанда ең білімді ғалымдар оған құқықтық негізін іздеген. Сонда Ф.Энгельс айтқанынша ешқандай іздестіру керек емес, оған дайын негізі тарихта бар. Оның аты рум құқығы деп айтқан. Өйткені, тек қана румдық құқықта ең әртүрлі, ең дәл мүлік қатынастарды тартатын шарттары болған. Одан әрі Еуропада, одан кейін Америкада, оңтүстік-шығыс Азияда рум құқығы тек қана нығайту және қазіргі заманға салыстыру мен бүкіл әлемдік юриспруденция болып шыққан.
Мәселен, Советтік құқықтың системасында сервитут, кондоминиум, тағы басқа заңи ұғымдар болған жоқ. Ал ол терминдер Егеменді Қазақстанның құқықтық системасына, заңдарға қазір ғана кіріп отыр. Өйткені бұл ұғымдар, терминдер тек қана нарықтық қатынастарға келеді. Ал бізге оған жаңадан ұғымдарды іздеуге ешбір керегі жоқ. Олар бәрі де румдық құқықта бар. Оның ең бірінші, ең негізгі ұғымы жеке меншік деген ұғымы. Жеке меншіктің қатынастар тек Рум мемлекетте болған жоқ, ол әртүрлі ежелгі мемлекеттерде (Қытай, Үндістан, көне Қазақстаңда да) экономикалық заңдар бойынша шыққан. Бірақ румдық құқықта оның ұғымдары және оның дұрыс жүргізілуі олардан өте дәл және түсінікті болып шыққан.