4. терең тыныс алып, суға ену, сонан соң дем шығармай,
су бетіне қалқып шығу 4
–
6 реттен қайталанады. Бұл жаттығу
барысында су астында 6 секундтай болып, аяқ
-
қолмен аздап
есуге машықтанады. Су бетіне көтерілгеннен кейін ұзынынан
жатып, демді 5
–
6 реттен сыртқа шығару.
5. су бетінде ұзынынан жатып, дем шығарғаннан кейін оң
немесе сол бүйіріне шалқалай аударылу. Осы кезде тыныс алу 3
–
4 рет қайталанылады.
Ескерту:
тыныс алудың маңызы екендігін түсіндіру керек.
Алған дем сыртқа түгел шықпаса, іштегі көмір қышқыл газдың
әсерінен бас қатты ауруы мүмкін. Аяқпен есу қимылдары
алғашқы кезде бір қалыпта орындалғаны мақұл.
Жүзуді үйренушінің жіберген қателіктері жаттығу
барысында немесе үзілістерде ескертіліп, оны дер кезінде
жөндеуіне ықпал жасаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: