Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет13/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

.
Рухтың ұясы-жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым 
рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді.
Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның 
өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Жастардың даму 
кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, 
біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және 
рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған 
жөн.
Жалпы, рухани жан көрністерін бақылау арқылы адамның ішкі 
дүниесіне көз жіберу немесе тексеру арқылы адамды тану біздің 
халқымызда өте жоғары деңгейде қалыптасқан. Мәселен, көру 
құралы – көз туралы мынандай тіркестер бар:”үлкендеу келген 
қоңырқай саналы көздер”, “нұрлы көз”, “ойлы, оты бар жанған 
көздер”, “ұялы қара көз”. Бұлар ойлылық, ақыл мен парасат, ізгілік 
пен ізеттілік, көңіл күйініші мен сүйенішін білдіреді, яғни жақсы 
адамгершілік көріністер белгісі. Ал енді “суық”, “жалтыраған”, 


29
“сығыр, “түссіз”, “жасқаншақ”, “қомағай”, “өлі қозғалыссыз” көздер 
ыза, ашу, нұрсыздық, ойсыздық тәрізді адам жанының ішкі көрінісін 
айқындайды. Сондықтан болар, ата-бабамыз: “Көреген болса 
балаңыз, күйіңді көзден болжайды” деген. Адамның тәрбиелігі – 
оның таза, ұқыпты жүруді түсінгендігімен ғана емес, осы 
қасиеттердің ол үшін табиғи қажетке айналғандығымен өлшенеді – 
дейді халық даналары. Ол үшін әрбір тұлға өзінің осы қасиеттерін 
терең түсінуі қажет.
Қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тұлғаның өзін-өзі тану жолындағы 
ізденісі басым. Мәселен, “Мен кіммін”, “Мен қандаймын” Мен 
дүниеге неге келдім? Менің өмірім қандай болуы керек? – деген 
сұрақтарға жауап беру үшін адам алдымен өзін-өзі тануы арқылы, 
өзгеге және өмірге қатынасын айқындауы тиіс. Адам қолымен 
жасалатын заттың бәрі оның өзіне қызмет атқарса ғана құндылығын 
сақтайды. Ал адамның құндылығы неде? Оның қабілеті мен өмірде 
көздеген мақсаты қалай анықталады? 
Әр адам дүниеге келгеннен кейін, өсіп жетіліп, тұлғалық 
ерекшелікке ие болады. Оның ерекшелігі, құндылығы – оның 
қайталанбас даралық сипатында. Тіпті өмірде егіз туған балалар да 
бірдей бола бермейді. Адамның даралық сипаты оның өмірге беретін 
үлесімен, сіңіретін қызметімен ерекшеленеді. Адам өзінің құндылық 
сапасын білу үшін өзінің даралық сипатын сақтап, оны жетілдіруі 
керек. Адамның даралық қасиеттері оның адамгершілік рухани 
құндылық сипатын көрсетеді, сол даралық қасиеті өзгелердің 
назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар оны сол адамгершілік рухани 
қадір-қасиеттері үшін құрметтейді. Студенттің мінезін дұрыс 
қалыптастыру үшін ата-ана, оқытушы студенттің тәндік және жандық 
жаратылыстарын ажырата қарастырмай, бірдей ескеруі тиіс. 
Отбасында жастардың денсаулығын, материалдық қажеттіліктерін 
өтеп, қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жастардың жандық сипаты, 
яғни ішкі “Мен”-нің қажеттілігін қамтамасыз ету көбіне ескеріле 
бермейді. Жеке тұлғаның сыртқы бейнесі – тән, ал оның ішкі жан 
дүниесі – оның ішкі “Мен”- інің қажеттілігі. Тұлғаның үлгілі-өнегелі 
мінезін қамтамасыз ету көбіне ескеріле бермейді. Ал адамды өз 
мәнінде танып, онымен дұрыс қарым-қатынас орната білу үшін біз 
оның жандық сипатын, яғни даралық ерекшелігін көре білуіміз керек. 
Рухани сана тәндік санамен тығыз байланысты. Адам санасы үш 
түрлі қызмет атқарады, олар – ақыл-ой, ерік, сезім. Адамгершілік 
рухани сананың мақсаты - өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой 


30
арқылы үнемі шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты 
сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рақымдылыққа ұмтылу. 
Адамның қиялы, өзіндік санасы, ар-ұяты, шығармашылық 
ұмтылысы бәрі де сананың қызметіне жатады. Осындай рухани 
қасиеттер болмаса, біз кісілік келбетімізді мүлде жоғалтар едік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет