Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет11/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Өзін-өзі тану ұғымына анықтама беріңіз. 
2. Адамның өмір сүру мен мақсат-міндеттерін атаңыз. 
3. Адам мақсатының анықталуына қандай факторлар әсер етеді? 
4. Мақсат пен міндет терминдерінің айырмашылығы неде? 


20
№3 Дәріс 
 
Тақырыбы: Өзін-өзі тану ілімінің ғылыми негіздері. 
 
Мақсаты:
өзін-өзі тану іліміне ғылыми тұрғыдан баға беру; өзін-
өзі тану пәнінің дамуындағы ғылыми ұғымдарының тарихи 
аспектілері мен байланысын көрсету. 
 
Тірек ұғымдар:
өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі дамыту, 
ар, ождан, бақыт ұғымдары. 
 
 
Жоспар. 
1. Өзін-өзі тану ілімінің тарихи даму аспектілері. 
2. Өзін-өзі тану туралы ғалымдардың педагогикалық-
психологиялық ой-пікірлері.
3. Жан мен тән байланысы. Ар-ождан ұғымы.
1. Тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін -өзі түсінуі терминологиялық 
статусқа Е.М. Боброваның, Н.И. Кузьминнің, Ю.Н.Кулюткиннің,
В.Н. 
Козиевтің, 
С.В. 
Васильковскаяның, 
Л.М. 
Митинаның,
А.К. Маркованың, В.А. Якуниннің еңбектерінде ие болды. 
Мысалы, Е.М. Боброва өзін-өзі түсінуді, яғни студенттің болашақ 
педагогикалық қабілет дағдыларды игеру деңгейін тұлғаның өз 
бойында бар білім мен тәжірибені педагогикалық үрдісте 
мақсаттарына жету үшін пайдаланады деп түсіндіреді.
В.Н. Козиев болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі түсінуін ол 
тұлға өзін ұғына отырып, өз ісін белгілі бір жүйеге бағыттап отырады 
деп қарастырады. Бұл іс-әрекетінің арқасында студент тұлғасының 
бойында белсенді түрде өзіндік жетілу, өз бойында саналы түрде 
жеке тұлғаның маңызды қасиеттері мен өз шеберлігін қалыптастыру 
процесі жүреді.
Ю.Н. Кулюткин өзін-өзі түсіну-қол жеткен жетістіктерді бағалау, 
өзіндік өсіп-жетілу бағыттарын жоспарлап, оларды жүзеге асыру 
жолындағы іс-әрекеті деп көрсетеді. Бүгінгі студент болашақта өз 
бойында қандай рухани-адамгершілік қадір-қасиеттерді тәрбиелеп 
дамыту қажеттігін, екінші жағынан ол қасиеттердің өз бойында 
қаншалықты өсіп жетілгенін білгенде ғана ол аталмыш қабілеттерді 
қалыптастыру мен дамытуға саналы түрде ұмтылуы мүмкін. Тек 
тұлға өзінің психологиялық ерекшеліктерін танып-біліп, оларды өз 
даму жолымен салыстырып, сәйкестендіре алған жағдайда ғана оның 


21
бойында қажетті адамгершілік қадір-қасиеттер мен дағдыларды 
тәрбиелеу мен жетілдіруге бағытталған белсенділік туындайды. 
Ұсынылған анықтамалардың көрсеткеніндей, көптеген зерттеуші –
ғалымдар 
өзін-өзі 
түсінуді 
өзін-өзі 
тану, 
өз 
бойындағы 
ерекшеліктерді пайымдап, оларды нақты іс-әрекет саласының 
талаптарымен сәйкестендіру үрдісі ретінде қарастырады. 
Е.М. Боброва студенттердің өзін-өзі түсінуінің мазмұндық 
жағына көп көңіл бөледі. Ол бұл аспектіні студенттердің оқыту 
үрдісінде қалыптастыратын дағдылардың үш тобына жіктейді: жалпы 
педагогтық дағды, арнаулы және тұлғалық дағдылар.
Л.М. Митинаның пікірінше, студенттің өз мамандығында өзін-өзі 
түсіну деңгейінің төмен болуы оның тек жекелеген қасиеттер мен 
қабілеттерді түсінуінен туындайды. Өзін-өзі түсінудің жоғарғы 
деңгейіне қол жеткізген студенттердің ұғымындағы “Меннің” 
біртұтас бейнесі оның құндылық бағытының жалпы жүйесіне кіреді. 
Бұл бағыт оның өз дамуы мен алға қойылған мақсаттарына жетуде 
басты негіз болады. 
Егер бұдан ертеректе болашақ педагог шеберлігінің критериі 
ретінде оның, негізінен, арнаулы әдістемелік және педагогикалық 
саладағы білімі мен дағдылары қарастырылса, соңғы кезде зерттеуші 
ғалымдар болашақ педагог тұлғасының психологиялық қасиеттеріне 
баса көңіл аударады, әсіресе тұлғаның қайталанбас бітім болмысы 
мен тұлғаның өзін-өзі қабылдап ұғынуын сараптауға мүмкіндік 
беретін перцевтивтік-рефлексиялық қабілеттеріне ерекше мән береді.
Н.В. Кухарев еңбетерінде шебер педагог жұмысын қатаң 
қадағалау олардың өз тәрбиеленушісінің жеке тұлғасына айрықша 
нәзік сезімталдықпен қарайтындығын көрсетті. Тұлғаның мұндай 
сезімталдығы олардың жоғары байқағыштығы мен көрегендігінің 
жемісі. Бұл қабілет олардың болашақ педагог жолындағы 
шығармашылық табысының алғы шарты. Олай болса, бүгінгі 
студенттің өзін-өзі үнемі танып, қадағалап отырып, олардың бойында 
қырағылық, жоғары сезімталдық, соның арқасында жаманнан 
жиреніп, жақсыға ұмтылысы жоғарлайтыны сөзсіз. 
А.К. Маркованың пайымдауынша, бұл қабілеттер – қайтадан 
қалпына 
келмейтін 
қабілеттер. 
Тұлға 
бойындағы 
олардың 
мардымсыздығы немесе мүлде дамымағандығы оның жеке бітімінің 
жағымсыз жаққа өзгеруіне әкеліп соғады. 
Н.В. Кузьминаның зерттеу еңбегінде шеберліктің жоғары 
деңгейін меңгерген студент үздіксіз өзін-өзі тану процесіне 
жететіндігін көрсетті. Бұл үрдіс тәжірибенің өзге адамдар мен өзін-


22
өзі танудың барлық компоненттерінің бір-бірімен үйлесе ұштасуына 
негізделген. Оларға өзін-өзі әділ бағалау, өзінің жеке тұлғасының 
жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсіне білу, өз іс-
әрекетінің нәтижелерін пайымдай және сараптай білу, өз іс-әрекеті 
мен өзге іс-әрекеттерін салыстыру қасиеттері тән. Жоғары деңгейдегі 
студент тұлғасы өз мүмкіндіктерін әділ бағалай білудің арқасында 
өзінің іс-әрекеттерін тиімді қадағалайды, оқу-тәрбиелік мәселелерді 
шешуде жоғары деңгейге қол жеткізеді, жеке тұлғаның бойында 
рухани-адамгершілік құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. 
Перцептивтік-рефлексиялық, 
диагностикалық 
және 
алдын-ала 
анықтау дағдылары студент тұлғасының кейбір психологиялық 
қасиеттерімен тығыз байланысты.
Г.М. Метельскийдің зерттеу еңбегінде студенттің жоғарыда 
аталған дағдылары мен оның санасының сынилығы, өзіне талап 
қоюы, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі, өз уақытын ұйымдастыра 
білуі, өз мінез-құлқын және дағдыларын тәрбиелеу жүйесін 
жобалауға көмектеседі, яғни рефлексиялық міндеттерді тиімді 
орындай 
білу 
студент 
тұлғасында 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарының табысты жетілуіне жетелейді. 
Қазіргі кезге дейін тұлғаның өзін-өзі түсінуін зерттеу еңбектері 
негізінен теориялық негіздері терең сарапталмаған. Бұл жөнінде 
шектеулі мәселелер қарастырылады. Олар өзін-өзі түсінудің 
деңгейлері мен бірліктері секілді мәселелерге бағытталады.
Тұлғаның өзін-өзі түсінуінің құрылымын теориялық сараптау 
оның үш құрама бөлімнен /когнетивтік, аффективтік және мінез-
құлықтық компоненттер/ тұратын өзін-өзі толықтырушы бірлік 
екендігін көрсетті. /Л.М. Митина, А.К. Маркова/. 
Когнитивтік құрылымдық бөлімнің ішіне тұлғаның өзін 
педагогикалық саладағы тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі 
және өзінің тұлғалық даму жүйесіндегі өзін-өзі түйсінуі /сезінуі/ 
кіреді. Біртіндеп, жекелеген педагогикалық ситуациялардағы өз бітімі 
туралы ұғым – түсінігі негізінде, әріптестерінің пікірі негізінде 
тұлғаның бойында тұрақты “Мені” қалыптасады. Ол тұлғаға өз-өзіне 
деген сенімділік туғызады немесе керісінше, ол сенімді яки мүлде 
жояды. “Мен”- негізінде тұлға өзіне қатысты құбылыстарға баға 
береді.
Тұлғаның өзіне деген аффективтік – бағалаушылық қатынасы 
тұрғысынан - өзінің қазіргі бойындағы қасиеттері мен мүмкіндіктерін 
бағалауы 
/өзін-өзі 
ретроспективті 
бағалау/ 
және 
болашақ 
жетістіктерін бағалау /өзін-өзі потенциальді немесе идеальді бағалау/, 


23
сонымен қатар 
өзі 
туралы 
өзгелердің 
ой-пікірін 
бағалауы 
/рефлексиялық бағалау/ жіктеліп – бөлінеді./Ю.Н. Кулюткин, В.Н. 
Козиев, А.К. Маркова/. Егер өзекті бағалау ретроспективті 
бағалаудан, ал идеальдік бағалау- өзекті бағалаудан жоғары болса, 
бұл өзін-өзі түсінуінің өз бойында өсуі-жетілгендігін дәлелдейді. 
Өзіне жағымды көзқараспен қарайтын студент тұлғасының бойында 
өзіне деген сенімі ұлғайып, өз бойындағы адамгершілік-рухани 
құндылық бағдарына көңілі толу сезімі туындап қабілеттің жалпы 
тиімділігі артады. Мұндай студент тұлғасы өзінің рухани-
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастыруға 
деген 
қабілет 
мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға ұмтылады. Айрықша маңызы 
бар бір жайт тұлғаның өзі туралы позитивтік, көтеріңкі “Мені” оның 
өз бойында осындай көтеріңкі “Менін” тәрбиелеуге ықпал етеді. 
/Р.Бернс,1986/. Өзін сенімді де, салмақты , байсалды сезінетін тұлға 
әріптестерінің бәріне де бірдей мейірлі әрі тең көзқараспен қарайды. 
Өз қабілетінің әлсіз, дамымаған жақтарын түсініп, оларды түзесем 
деген ниет өзіне деген жалпы көтеріңкі көзқарасқа кері әсер ете 
алмайды. Керісінше өзін-өзі бағалау деңгейі төмен тұлға қорғансыз 
күйге еніп өзінің қорқынышы мен стрестері әсерінен қоршаған 
ортаны теріс қабылдап, психологиялық өзін-өзі қорғау құралы 
ретінде авторитарлық стильге көп жүгінеді. Соңғы жылдардағы 
зерттеулер студент тұлғасының өзіне деген қызығушылық деңгейі 
төмен екендігін, өз “Менін” қорғауға бейімдігінен қарағанда, 
олардың өзге адамдарға жоғары талап қоятындығын көрсетті. 
Сондықтан да студент тұлғасының өзі туралы көтеріңкі көзқарасын 
жетілдіруі өз бойындағы рухани-адамгершілік қадір-қасиеттерінің, 
өсіп-жетілу мүмкіндігі туралы өзін толыққанды көрсетсем деген 
ниетін бекітуі “өз әріптестері үшін маңызды тұлғаға айналып, өзінің 
және олардың өсіп-жетілуіне ықпал етіп, осыған байланысты өзіне 
деген құрмет адамгершілік сезімінің туындауы – осының бәрі адам 
тұлғасының сипаттамасы ретіндегі көтеріңкі “Менін” жетілдірудің 
маңызды компоненттері.
Бұл сипаттамалар жас студент тұлғасының өзін-өзі түсінуі мен өз 
шеберлігінің өсу барысын анықтайды. Өзін-өзі түсіну, яғни өзіндік 
“Мен” тұлғаның өзін-өзі тану процесінде қалыптасады. Студент 
тұлғасының өзін-өзі тануы оқу процесінде жүзеге асады. 
2. Шетелдік педагог ғалымдардың зерттеулерінде болашақ 
педагог тұлғасының өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, оның “Меніне” 
арналған 
бірқатар 
зерттеу 
еңбектері 
бар: 
А.Комбс, 
1962; 


24
М.Розенберг, 1965; С. Мецер, 1968; Ф. Куолтер, 1974; К. Паркер, 
1977; Т. Кейт, 1986; Р. Бернс, 1986; М. Харрис, 1986 және т. б.
Ф. Куолтер /1974/ студенттердің – болашақ педагогтардың 
педагогикалық сараман уақытындағы өздерін көрсету, ұстау 
ерекшеліктерін зерттеді. Осының нәтижесінде ол мынандай шешімге 
келді: егер студенттердің өзі туралы ұғым түсініктерін қалыптастыру 
бағытында арнайы жұмыстар жүргізілетін болса, бұл ұғымдар өзге 
студенттер ұғымынан әлдеқайда терең әрі толық, студенттердің өз 
тұлғасы туралы ұғымдарын қалыптастыруды басқаруға болатындығы 
тәжірибе негізінде дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет