әдістемелік-тәжірибелік
зерттеулер
негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері,
теория құрылымы қалыптасады.
Өзін-өзі тану ғылымның обьектісі
– білім беру, тәрбиелеу.
Білім беруді тек өзін-өзі тану пәні ғана емес, сонымен қатар
философия, педагогика, әлеуметтану, психология, экономика және
т.б. зерттейді. Мысалы, экономист жұмысшылардың шынайы
мүмкіншілік деңгейін зерттей отырып, оларды дайындауға қажетті
шығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру жүйесінің адамды
әлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестің
дамуына көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білім
берудің жалпы өмірдегі мақсаты, орны жайындағы мәселелерді
қарастырады. Психолог білім берудің психологиялық жақтарын
зерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім саясатының тиімділігін
анықтауға бағытталады.
Бұл ғылымдардың білім беру де, зерттеуде тигізер көмегі өте зор
болғанмен, олардың біреуі де адамның өзін-өзі адами тұрғыдан тануы
мен ішкі дүниесінің ізгілік бағытта тәрбиеленіп қалыптасу қырларын,
осы қарым-қатынасқа түсу процестерімен байланысты білім берудің
мәндік аспектілерін қарастырмайды. Осы аспектілерді зерттеу білім
берудің белгілі саласы-пәні ретінде танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |