Жоспар.
1. Өзін-өзі тану ұғымының психологиялық қырлары.
2. Өзін-өзі тану, танымдық іс-әрекет түрлері.
3. “Мен” бейнесі мен тұжырымдамаларына сипаттама.
1. Табиғи мәдениет пен қолдан жасалған өркениеттің үшінші
мыңжылдығы тарихтағы адам факторының орны мен маңызын нақты
айқындап, Дара тұлға қалыптастыру мәселесіне зор мән беріп отыр.
Ғылыми –техникалық революцияның қазіргі кезеңі “Табиғат-Қоғам-
Адам” төңірегіндегі орасан зор мәселені көтеруде. Қазіргі
психологтар адам тақырыбының аясын кеңейтіп адам мен
табиғаттың “тікелей тереңірек жанасуы” табиғаттағы өзгерістерді
түсіне қабылдауына зер салуын қамтамасыз ету мақсатында ұрпақ
тәрбиесіне үңілу керек екендігін алдарына қойып отыр. Сондықтан
болашақ мамандарды қызметке психологиялық жағынан дайындау
қазіргі кезеңде тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай адам психикасына әсер
беретін стрестердің жиеленуі, жастардың өмірдегі бағдарының
өзгеруіне байланысты бүгінгі күні оқушыларды рухани-имандылыққа
тәрбиелеу мәселесінің белсенділігі артуда. Сол себептен қазіргі
кезеңде болашақ мамандарға қойылатын талаптар жоғарлап келеді.
Жоғарыда аталған жәйттер бүкіл мамандық иелеріне ортақ. Дегенмен
педагогтарды дайындау мамандығы бойынша стрестік жағдайлар
күрт өзгерістер қатары тәрбие оқыту процесінде жиі кездесіп
отырады. Педагогтардың психологиялық дайындығын арттыру
мәселелерін зерттеумен көптеген ғалымдар 1989-2000 жылдар
аралығында айналысып келген. /Л.Г. Ахтареева, А.Д. Альферов,
А.А.Бодалев, А.А. Бербидский Ф.Н. Гоноболин, Г.Б Заремва, Е.И.
Исаев,
Ю.Н.
Кулюткин
Н.В.
Кузмина,
М.Я.Меркулинская,
112
А.К.Маркова,
Л.М.
Митина,
А.Б.Орлов,
А.В.Петровский,
А.З.Рахимов,
Д.В.Ронзин,
Л.А.Регуш,
В.А
Сластинин.,
Г.С.Суховская, А.Э.Штейнмец, В.Ф. Шмургун, А.И.Щербаков т.б./.
Жоғары оқу орындарында психология пәнінің оқыту сапасының
төменділігі және оның негізінен теорияға бағытталып көп көңіл
бөлінуіне байланысты, оқытушы мен оқушы арасында біріншіден
өзін-өзі тануға бағытталған пәндердің қажеттілігі туралы К.Д.
Ушинский, Л.С. Высодский өз еңбектерінде айқын көрсетеді. /М.Я.
Микулинская / цитаты бойынша А.К. Маркова педагогтың өз-
өзінің
психологиялық
құзыреттілігінің
яғни
психологиялық
дайындығының төменділігін сезінуі оның ішкі дүниесінде үрей
тудырып мазасыздану деңгейінің жоғарлануымен сипатталады. Бұл
жағдай жүйке психикалық тежеліске әкелетін риска фактор болып
саналады. Адамның өзінің психикалық деңгейін жетік білмеуі және
комуникативтік
өзін-өзі
қадағалау
тәжірибелік
ептілігінің
қалыптаспауы
педагогтардың
басым
көпшілігінің
“стресс”
“соматикалық” және жүйке психикалық ауруларына әкеліп соғады.
Бұл жағдай өз кезеңінде оқушылардың жүйкесінің жұқаруын
туындатады. Өзіндік таным пәнінің субъектінің жаңа мәлімет алу
үрдісі үстінде өзін -өзі қадағалауды үйрету арқылы үрейлік деңгейін
төмендету педагогтарды өз мамандығы бойынша жұмыс жасауға
дайындаудың тиімді жолы болып табылады. Көптеген ғалымдар
оқушылардың бойындағы үрейлік дәрежесін төмендету мәселерін
психология саласында жиі зерттеген. Альферов А.Д. пайымдауынша
оқытушының мамандығына қарай психологиялық компитенттілігінің
өз дәрежесінде қалыптасу қажеттілігін – атап, отырып оның негізгі
көріну компоненттерін ажыратып берген:
1.Оқытушының жұмысындағы айқын психологиялық позициясының
болмауы.
2.
Оқушылармен жұмыс істеу кезеңінде психологиялық әдістерді
дұрыс қолдана алмауы;
3.
Жеке баланың немесе балалар тобының психологиялық жағдайын
сезінбеу және сол дағдарыстан қалай шығу керек деген сауалға
жауап бере алмау.
И.Ф. Демидова өзінің зерттеулер тұжырымдамасы бойынша
педагогикалық
жоғарғы
оқу
орнындағы
студенттердің
психологиялық дайындығындағы үш аспектіні атап көрсеткен: 1.
мотивациялық; 2. Когнетивтік және мінез – құлықтық; Бірінші
аспектісі бойынша психологиялық дайындықтың корытындысы- деп
оқытушының сол жұмысқа қаншалықты дәрежеде дайын болуын
113
қадағалауды сипаттайды. Когнетивтік аспетісінде мінез құлық әрекет
психологиясының қыр сырын білуін және психологиялық орындау
шеберлілігін көрсетсе, ал үшінші аспект педагогикалық жоғары оқу
орынындағы студенттердің психологиялық жалпы дайындығын
алады. Жоғары педагогикалық оқу орынындағы студенттердің
психологиялық дайындығының төмендігі жан-жақты субъективтік
және
объективтік
мәселелерге
байланысты.
Біріншіден,
психологиялық тәжірибенің сараманының болмауы, техникалық
оқыту құралдарының болмауы және дидактикалық материалдардың
жетіспеушілігі, психология пәнін оқыту кезеңінде проблемалық
зерттеу жаттығуларының болмауы./ Е.И. Исаев, А.Э. Штейнмец/.
2
. Психологиялық дайындықтың тиімділігі педагогтың оқыту
үрдісін ұйымдастыруынан байқауға болады. Бұл жағдай әсіресе оның
оқушылармен,
жұмыстағы
әріптестермен,
ата-аналар
қарым-
қатынасынан ерекше көрінеді /Г.С. Суховская/.
Сонымен жоғарғы оқу орындарындағы психология пәнінің курсы
студенттердің профессионалдық қажеттіліктерімен ерекшеліктеріне
лайық болуы тиіс. Студенттерге ол пәннің қызықты болуы және
қосымша
психология
саласындағы
пәндердің
оқытылуы
студенттердің психологиялық дайындылығын арттыратындығы
сөзсіз. /Л.Я.Ляудис/.
Педагогтың психологиялық дайындығына қатысты мәселелері
Спилберг өз жұмыстарында нақты қарастырған /1966-1983/. Ол
мазасызданудың екі түрін анықтаған: ситуациялық және реактивтік
үрей; және оны “Ү-қалпы” деп эмоционалдық деңгейде қарастырады.
Бұл жағдай объективтік, саналық түрде, қозуды төнген қауіпті
қабылдап отырып, автономдық жүйке жүйесінің белсенділігімен
сипатталады. “Ү-қалпы” қайталанған стимуляциядан туындайды
және оған бейімделу мүмкін емес деп көрсетеді. Спилберг зерттеуінің
нәтижесі бойынша “…тұлға ситуациялық үрейлікті жиі басынан
кешсе, ол жағдай тұлға үрейлігіне әкеліп соғады. Сондықтан да
зерттеу процесінде ситуациялық үрейлікті бірінші кезекте қарастыру
керек. Тұлға үрейлігінің жоғарлауы ситуациялық үрейлікті сезінуін
жоғарлатады. Сол себептен үрейлікті актуализациялау кезеңінде
тұлға үрейлігін бірінші эмоционалдық қалыпты айқындайтын
параметр деп қарастыру қажет. Мінез құлық деңгейіне шықпаған
тұлға үрейлігі тек қана ситуациялық үрейлік арқылы байқалады…”.
Мұғалім оқушымен жұмыс үстінде әрдайым қоғамды жалпы
адамзаттық құндылықтармен толықтырып отыруы тиіс. Баланың
бойынан әртүрлі жолмен құндылықтарды дарытып отыруы тиіс. Ал
114
бүгінгі ұсынғалы отырған жаңа қоғамның талпынысы “өзіндік
таным” пәні оқушы мен мұғалім арасындағы тікілей байланысты
орнататын
психологиялық
және
педагогикалық
тәжірибелер
жиынтығын ұсынады.
Оқытушы - оқыту процесінде студенттің өмірінде реалды дамуды
жағдайды туғызып сол жағдайдан ізденіс үстінде қалай шығу керек
екенін өзі ойлап табу процесіне жол ашуы тиіс.
Психологиялық тұрғыда өзіндік таным процесінің қажеттілігі
сонда - ол студент пен оқытушы арасында жүректен жүрекке ұлы
сезім арқылы ену болып табылады. Осы орайда Эйнштейн өз
еңбегінде былай келтіреді: «Интуиция – это не результат глубокого
сознания или какой-то программы, но она приходит прямо от сердца.
Это значит, что не нужно много работать, надо работать от сердца».
Олай болса бүгінгі ұрпақ тәрбиесін жалаң қалпында емес, бір
жүректен екінші жүрекке жеткізіп, сол арқылы саналы өмірге қажет
ұрпақ дайындау болып табылады. Баланы қалай оқыту керек? Оның
санасы мен сезімін жан-жақты қамту үшін қандай процестермен
ерекше әсер беру қажет? Ол үшін баланың жүрегіне тіке жол салу
мен оның танымына тікелей әсер беру керек. Ол үшін біздің жас
психологтарымыз дайын ба? Егер ауызша оқыту формасының
жұмысының нәтижесі 10 пайыз нәтиже берсе, жазбаша оқыту процесі
90 пайыз, ал оқытудың таным арқылы әсер ету әдісімен оқыту 100
пайызға нәтиже бере алады. Бұл әдіс мэта метич (через сознание) деп
аталады / К.Н.Шамшиденова /.
Таным қабылдау процестері психология саласында өте ежелден
бастап қарастырылып келеді. Бірақ та оқыту жүйесіне сай баланың
бойындағы қабылдау ерекшеліктерін анықтап, оны шығармашылық
белсенділігіне қарай жетілдіру психология саласында зерттелмеген
мәселелерге жатады. Таным қабылдау жайындағы ассоциация
теориясының мәні баланың жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне
ұқсас деуге болады. Мұндай түсінік баланың туған күнінен басталып,
оның бүкіл өміріндегі психикалық дамуымен тығыз ұштастырылып,
оның бойында сол ассоциация байланыстары негізінде жаңа
қасиеттер қалыптасады. Дәстүрлі ассоциация психологиясының
принциптеріне сәйкес бөбектің қабылдауы бастапқы кезінде
нәрселердің бытыраңқы бейнесі /түйсік/ сипатында болып, ол
К. Бюлердің айтуынша шашыраңқы түсініктердің тағылық бейнесіне
ұқсайды дейді.
Егер біздер кейбір жалпы жағдайларға жүгінетін болсақ, онда
баланың даму деңгейі сол әсерлену сипатына қарай бейімделіп
115
отыратындығын байқаймыз. Бала әлеуметтік ортада өмір сүретін
болғандықтан, оның сыртқы нәрселермен құбылыстарға әсерленуі
өзіндік әрекеттері мен танымын дамытудағы қуатты фактор болып
саналады. Сондықтан баланың дамуын зерттеу үшін оның жан-
дүниесінің сырына терең үңілу керек.
Адамның жан-дүниесінің сыр сипатын терең зеттеген Л.С.
Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және “бала
психикасының жақын арадағы даму аймағы” деп аталатын
тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи
теория туралы Высотский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның
әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне,
екіншіден, ондай даму дейгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-
тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге
келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра
ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық
бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан-дүниесінің өзгеріп
өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор
ретінде қарастырады.
Тұлғаны қалыптастыру оның дүниетанымын қалыптастыру үнемі
табиғи даму деңгейімен бірге оздырып отыруды талап етеді. Мұнда
талап біріншіден, тұлғаның психикасын, оның жан-дүниесінің
дамуын, ақыл ой парасатының деңгейін замана ағымына сай
өрістетіп, оны жетілдіруде, оны өздігінен ойлантып-толғантуға әрбір
зат пен құбылыстың мазмұн-мағанасын пайымдап білуге жетектеу
болып табылады. Тұлға оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым
күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себептер мен
байланыстарды зерделеп танитын міндеттерге машықтанулары керек.
Бұл тұрғыда мына ғалымдар келесі ой тізбегін келтіреді.
/В.П.Кузмин, Б.Г.Ананьев/.
“…
Егер
баланың
табиғи
дамуында
оның
психикасы
күрделеніліп, сана сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары
арқылы оның өзіндік танымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның
өзіндік танымы , сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп
білгендерін ой елегімнен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін
сыртқы
факторлардаң
/экстериоризация/
ішкі
факторларға
/интериоризация/ айналуымен белгіленеді” Бұл ғалымдар жеке
тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы психологиялық ерекшеліктер
мен адам проблемасының шешу жолдарында тек қана психика емес,
сонымен бірге жеке тұлғаны да зерттеу үшін жаңа методологиялық
тұжырымдамалар ұсынады.
116
Мясищев В.Н. “Әрбір адам өзінің бірінші күнінен бастап қоғамға
еніп, адамдардың қарым-қатынасында болып, тыныс –тіршілік
шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбиесінен үйреніп үнемі даму
үстінде болады . Бұл қарым-қатынас бірте-бірте өзінің күнделікті
өміріндегі дербестігін жеке бастың психикалық қасиеттерін
өрістетеді Әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан
мағлұматтары
оның
ішкі
дүниесінің
өзіндік
танымының
қалыптасуына әкеліп соғады”. Жеке тұлғаның дамуы ғалымдардың
көрсеткеніндей сыртқы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар
ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсініп, әрбір процестерді
өз ойымен, ақылымен пайымдап білуімен қалыптасады.
Танымның бір көрінісі бұл материалдық дүниенің жоғарғы
психикалық қызмет арқылы мәдени факторларға айналуы яғни
сыртқы ортаны тану, білу қабылдау болып табылады. Сондай-ақ
қарапайым нәрселердің бейнесі сол зат жайындағы ойлау әрекетіне
алып келеді, немесе бұлар шығармашылық қиялға айналады,
қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады.
Ішкі процестердің бәрі сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болып,
қайтадан ішкі процестерге айналады. Осы орайда белгілі психолог
В.Штерн қабылдаудың дамуын әр қилы деңгейлерде топтастырады.
Нақтылы зерттеу тәжірибелеріне қарағанда авторлардың басым
көпшілігі аддардың қабылдауы негізінен төрт түрлі сатыдан
құралады дейді. Алғашқы сатысы – дара заттарды қабылдау, бұл
заттың басқышы; екінші сатысы- дара заттармен жасалатын әрекет;
үшінші сатысы – дамудың алғашқы кезеңінде нәрселердің белгі
қасиеттері мен сапасын көрсетуі; төртіншісі – заттардың бөліктерін
біріктіріп тұтас түрінде қабылдауы. Осындай тәжірибелерге сүйене
отырып /Германияда Штерн, Т.Нийт, М. Хейдметс, Ю. Крусвал/.
Ресейде П.П.Блонский, П.Я. Гальперин, Грузида Д.Н. Прангишвили,
Узнадзе, адам дамуындағы мағыналық қасиетін анықтауды көздейді.
Блонскийдің пікірінше алғашқы кезеңде адам баласы картиналарды
көріп, өзінше қабылдап, нәрселердің жиынтығын байқайды, одан әрі
оның қимыл-қозғалысы мен әрекетін көреді, ең соңында бұл
суреттердің тұтастығын қабылдап, болмыстағы шындықты біледі,
өзіндік танымы оянады. Блонский тәжірибелерінің шындығы шетел
психологтары
Штерн,
Нейман,
М.Роллоф
т.б.
зерттеу
қортындыларымен айқындала түседі.
Өзіндік таным процесінің қалыптасуы бұл нәрселердің шама-
шарқы мен түр-түсінің, тұлғасының тұрақтылығына қатысты өзге де
қасиеттермен толықтыруға болар еді. Бұл мәселелердің бәрі тікелей
117
бақыланатын қасиеттер құрлымы деп аталады. Тікелей бақылаудың
өзі тағы да заттарды дұрыс қабылдай білу оны өз бетінше тану.
Сондықтан біздер тікелей бақылау нәтижесінде нәрселер мен
құбылыстардың құлпырып өзгеруі кеңестікте орналасу жағдайына
қарамастан, оларды бұрмаламай дәл сол күйінде тұрақты жағдайында
қабылдаймыз, солай ішкі дүние мен сыртқы құбылыстың
ұштасуымен тұлғаның негізгі қасиеттері дамуы қалыптасады.
Сондықтан өзіндік таным процесінде нәрселерді айқын қабылдау
оларды реттеп отыруға байланысты көптеген өзекті мәселелерді
қарастыру біздің басты мақсатымыз.
3.
Жеке тұлғаны қалыптастыру проблемасында сыртқы ортадағы
өзіндік МЕН-ді дамытуда қолайлы жоғарғы дамыған тұлғалармен
араласу керектігін келесі ғалымдар еңбектерінен көруге болады. Ұлы
оқытушы, көрнекті тәрбиеші А.С. Макаренко “…ресми қарым
қатынаста ең маңызды мәселе болып, талап жоғарлаған сайын оған
деген құрмет жоғарлау керек” [80] -деп өз ойын білдіреді. Осы
принципке сай күнделікті адамдарды ұйымдастыру және оларға әсер
ету жұмысы барысында адамның ерекшелігін, соның ішінде, жеке
ерекшелігін ескеруіміз қажет. Егер сізде басқа адамды тану
қабілеттілігіңіз жоқ болса, басқа адамның ерекшелігін кездейсоқ
аңғара аласыз. Осы сапалық қабылдау қабілетін қалыптастыру үшін
сол адамдарды қабылдаудың шетіне емес, ортасына қойып қарастыру
керек. Мұның бәрі гипертропияланған “МЕН”, “СЕН”, “БІЗ” бұл
елеусіз процесс емес, ол адамдармен қарым-қатынас орнатуға және
басқа адамға терең үңілуге жол ашатын процесс. Өзге адамды терең
түсіне
білу,
адамның
айналасындағы
адамдарға
деген
қызығушылығынан туындайды. Басқа адамның болмысын түсіне
білу, өзге адамдармен толық қанды қатынас, байланыс орнатудың
негізгі жолы. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша, өзге
«Сенді» өзіндік менін сезіну күші мен сезіну ол көптеген адамдарға
тән емес. А.А.Арзуманян кәсіпорын басшыларының психологиясын
зерттей келе, келесі қызықты жағдайларды анықтаған: көптеген
басшылардың өзге адамға бағытталған танымдық қызығушылығы
әлсіз дамыған, ондай адамдардың қызығушылық танымы техникаға,
кәсіпорын шығаратын өнімдерге бағытталған; екінші топтағы
басшылардың негізгі қызығушылығы өнімдерген қарағанда басқа
адамдарды тануға, яғни басшыларын тануыға бағытталған, ондай
адамдардың техника, экономика, кәсіпорын шығаратын өнім туралы
таным түйсігі дұрыс қалыптаспаған; үшінші топтағы басшылардың
танымы, негізінен жұмысшыларға, техникаға өндіріс экномикасына
118
бағытталған; ондай басшылар басқарған мекемелерде өндістік
жетістіктер жоғары болған. Сондықтан бізді бұл авторлардың
тұжырымдамасы келесі ойға итермелейді: адамның өзіне қоршаған
ортаға
айналасындағы
адамдарға,
өзінің
жұмыс
әрекетіне
бағытталған
таным
қызығушылығының
керекті
байланыста
қалыптастыру – олардың болашақтағы тек қана рухани емес сонымен
бірге өндірістік, әлеуметтік жетістіктерге жеткізетіндігі сөзсіз.
Б.Г. Ананьев сөздерінің түп мағнасын былай түсіндіруге болады.
Ол өзінің “Человек как предмет познания” еңбегінде біріншіден
өзіңді-өзің тани біл және оған тырыс , сол дәрежеде өзге адамды
таны, ол қоғамдық адамның сәттілігінің бір кепілі - деп сипаттайды.
Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны тану ойлау қабілеттілігінің
өнім туындысы болып саналады. А.А. Брудный өзінің “О смысловых
компонентах общения” еңбегінде “…таным тереңдігі – ойлау
ерекшелігінің тереңдігіне байланысты” – деп., әрбір адамның
танымын
ойлау
әрекетінің
ерекшелігімен
байланыстырып
қарастырады. Таным психологиясы ойлау түрлеріне байланысты
дамиды. Адам баласы қоршаған ортадан әртүрлі бағдарлама алады,
көреді, естиді, сезеді, дәм сезеді т.б. хабарлардың барлығы
қабылданып, сол бір объект арқылы психологиялық ойлау
шеңберінің нәтижесінде таным қалыптасады. Олай болса, танымның
тағы бір мәселесі ол ойлау. Біз бұл мәселеге қатысты теориялық
көзқарастарды талдай отырып, оларды белгілі бір жүйемен
іздестіруді жөн көрдік. Ассоциация психологиясының өкілдері
ойлаудың негізгі мақсаты мен қисынды жүйесін тәжірибе жүзінде
жаңа ұғымды қолдана отырып, қалайда түсіндіріп беруді қолға алып,
өздерінше тырысып бақты. Олар ғылымға қажырлылық/латын
тілінде-персеверация-қажырлылық, табандылық/ деген мағынаны
білдіреді. Соның көмегімегімен ойлау әрекеттерін ассоциация
принциптеріне сүйеніп шешуді мақсат етті. Бұл ұғымның мәнін Н.Б.
Шкопоров, В.В. Столин т.б. былай түсіндірген: ассоциация
психологтардың айтуынша, біздің санамызда ассоциалық бағытпен
бірге, оған қарсы тұратын бағдар да бар. Сол бағдар адам санасында
ірге теуіп бекиді. Егер мұндай бағдар өзге бағдармен ығыстырылатын
болса, онда олардың өзара байланысты нәтижесінде қажырлық пен
табандылық
көрсететін
бағдар
пайда
болады.
Ассоциация
принциптеріне орай, ол бұрынғы өз орнына барып жайғасады деген
дәйек келтіреді. Бұл ғалымдардың еңбектері арқылы өзіндік
танымды ойлау табандалықпен қажырлылыық арқылы өзіңді - өзің
танып, сол қасиеттердің адам бойында қаншалықты дәрежеде
119
кездесетіндігін анықтауға болатындығын көруге болады. Бұл
процесті Эббингауз былай деп жазды: Сіз өртеніп жатқан үйдің
жабық бөлмесінде қалып қойған адамды көз алдыңызға елестетіңіз
және ондай қатерлі жағдайдан құтылу жолын қарастырыңыз. Сол
адам осындай қауіпті жағдайда өзін қалай ұстай алар еді?, ол қандай
күйде болады? Ондай адамның ойы бір жағынан өкпесі алқынып, өз
ойымен өзі әуреленіп далбалақтап жүгіріп келе жатқан ауру адамның
кейпін еске түсіреді емес пе?. Ол есігі жабық қалған бөлмеде өрттен
құтылу айласын іздестіріп, терезе мен есік арасында ары-бері жүгіріп
алақтайды, әлдебір сырттан көмек бола ма екен деп үміттенеді, оған
шыдамы жетпесе, онда ол терезеден, қандай хауіпті болса да, сыртқа
секіріп түсуге мәжбүр болады. Осындай қауіпті жағдайда оның ойы
дегбірсізденіп жай таппай бір нәрседен екінші нәрсеге секірмелі
күйге түседі. Ал екінші жағынан алғанда, оның құлқындағы мұндай
қауіпті жағдайға қарсы тұратын қажыры мен табандылығы санасына
саңлақ түсіріп, денесін қыздырып бара жатқан оттан аман-есен
құтылудың айла-шарқын іздейді. Ойлау әрекеті адамда сабырлы
сезім тудырып, қауіпті жағдайға қарсы тұрса, онда бұл табандылық
пен қажырлылық көрнісі. Біздің сөз етіп отырған мәселемізге
қатысты ойлау қасиетінің өзін-өзі тануға әсері, өзін-өзі тану арқылы
өзіндегі кейбір жалаң осал тұстарды ойлау арқылы қалыптастыруға
болатындығын баяндай келе ойлау процесінің бір жақты немесе
бірден туындамай, ол бірте-бірте адам әрекетімен бір қатар
зерттелініп, үнемі толықтырылып отырғандығын келесі көзқарастар
мен ағымдардан көруге болады.
Ойлау туралы ассоцияция психологиясының негізгі жүйесін
сақтап қалу ниетімен соңғы рет теориялық көзқарастың іргесі
қаланды. Бұл көзқарасты тұжырымдаған неміс психологі Н.Ах
болды. Ахтың ойлауға арналған алғашқы зерттеулерінде ассоцияция
мен қажырлылық бағыттары тұрғысынан бұл процеске берген
түсініктерді жеткіліксіз деп тапты. Өйткені бұл екі бағыт та ойлаудың
ақылмен байланысты болатындығын жете түсіндіре алмады және
ассоциациялық байланыстардың өздері де жан-жақты болатындығы
ескерілмеді. Соның салдарынан мұндай көзқарастар сәтсіздікке
ұшырап, адамның ойлауын зерттеу мынандай үш түрлі арнаға бөлініп
кетті.
Оның бір арнасы-қазіргі бихевиоризм. Бұл арна негізінен
бұрынғы ілімді жоққа шығарды. Бұл арнаны Д. Уотсон және оның
жақтастары негіздеген теорияны басшылыққа алады. Уотсон
теориясы мұндай пікірді аяғына дейін жеткізу мақсатымен
120
ассоциациялық және қажырлылық бағыттарын біріктіре отырып, оны
байқап көру мен қателесу теориясына әкеп тіреді. Мұндай теория
бастапқы кезінде жәндіктердің қылығының шиеленісті жағдайларда
қандай болатындығын түсіндіру үшін қолданылған болатын. Бұл
теория бойынша жәндіктер психологиясында әр алуан әрекеттер
жасауының, әдіс-тәсілдерін байқап көруі мен қателесуі, адамдардың
белгілі бір мәселені шешудегі, Эббингуаз айтқандай, болжамы
сипатында болып отыратындығын көрсетеді. Ах адам ойлауының
ақылды сипатының тірегі неде екенін ашып көрсету ниетімен, оны
ерік процесімен ұштастырғысы келді. Ол өзінің алғашқы еңбегі “Ерік
әрекеті және ойлау” деп аталатын шығармасында бұл екі процестің
арақатынасын ашып көрсетуді мақсат етіп қойды. Ах адамның ерікті
әрекетін сол кездегі тәжірибе психологиясындағы қалыптасып, ірге
тепкен ассоциация мен қажырлық ағымынан басқа, үшінші бір жаңа
бағдар- детерминация байланысы деген пікір айтты. Осы үш түрлі
ағымды біріктіріп, Ах адам ойлауының және сыртқы ортаны
тануының, оны тани отырып, өз ішкі дүниесін жетілдірудің мәнін
түсіндіруге тырысты. Детерминация мәнісі адамда өзге де бағдарлар
сияқты жекелеген нәрселердің себепті байланыстары және оның
реттеуші күші болады, солар арқылы біздер нәрселерді ассоциация
процестері мен саналы түрдегі ерікті әрекетімізбен ойымыздың
шашырап кетпеуі үшін оларды сол детерминация күшімен реттеп
отырамыз деген пікір айтты.
В.Н.Князев “Тұлғаның таным дәрежесінің дамуы мен қабылдау
түрлерінің /мағыналық қабылдау, біріктіріп қабылдау, тікелей
бақылап қабылдау/ бәрі де оның сөздерінің мағынасын қаншалықты
деңгейде түсіне алуына байланысты” - деп келтіреді.
В.А.Лабунская
“…сананың
құрлысы
мен
психикалық
қызметтердің барлық түрлерінің дамып жетілуіндегі өзекті мәселесі
сананың даму деңгейі. Бұл мәселе тұлғаның әр алуан іс әрекеттері
мен ақыл – ойының дамуымен де өзектес екендігін айқын көрсетеді”.
Ойлау процесіне қатысты мұндай тұжырымдамалар адам танымының
ой арқылы жүзеге асатындығын, әрбір нәрсенің мәніне ой жүгіртіп
түсінуге ұмтылатындығынан туындайтынын дәлелдейді. Қалыптағы
үйреншікті әрекеттерінен мінез-құлығындағы ерекшеліктерін танып
біледі. Мұның бәрі тұлғаның ойлау деңгейінің өсіп жетілуіне
қолайлы жағдай тудыратын қажетті факторлар деп білеміз.
Э.Н. Алферова өзінің “Об изменении порогов зрительного узнавания
у школьников”- атты еңбегінде адамның даму кезеңдеріндегі ақыл-
ойының өсуі мен танымының жетілуі оның ғылым негіздерін қандай
121
деңгейде меңгере білуіне жол ашып береді. Сөйтіп, бала өзінің өмір
тәжірибесі мен ішкі жан дүниесінің дамуына да ой жүгіртіп, оны өзі
бақылап басқара алатындай қабілетке ие болатыны сөзсіз”-деп адам
танымының жетілуіне бірден – бір әсер беретін нәрсе-қоғам, ондағы
білім, ғылым көздері екендігіне баса назар аударады.
Келесі ғалымдар А.А. Бодалев, Р.Л. Кричевский, Л.А. Петровская
тұлғаның таным процесінің дамып жетілуін өз еңбектерінде былай
келтіреді: Тұлғаның дамуы мен таным процесінің жетіліп
қалыптасуы ойлау әрекетін жетілдіруде көзделетін жеке сипаттағы
мәселелердің бірі- политехникалық оқу мен тәрбиеге икемдеу
міндеттері болса, екіншісі-ғылым негіздерін тиянақты меңгертудің
әдіс-тәсілдерін психологиялық тұрғыдан негіздеу. Олай болса,
мұндай іргелі де ізгі мәселені шешуде баланың ойлау әрекеттерін
дамыту, әсіресе оның сөйлеуінің мағыналық жағына жете назар
аударып, мүмкіндігінше жетілдіре түсу, жалпы алғанда, баланың іс-
әрекетін дамытумен тығыз ұштастырыла отырып жүзеге асырылуы
тиіс.
Психология тұрғысында өзіндік таным процесін тірі заттардың
қасиеттері ретінде облысқа бөліп қарастырып отырады. Онда жеке
адамдардың өзіне тән ерекшеліктерін зерттейді. Олардың сол
ерекшеліктеріне сай, сыртқы сезім мүшелерінің жай-күйі, /көру, есту,
иіскеу, тату, сипау сезімдері/ түйсік өткірлігі, ойлау, қиял, сөйлеу
т.б. адамның жекелеген қасиеттерін психикалық тұрғыдан зерттеуге
арналған. Осы орайда Л.С. Выготскийдің тарихи даму кезеңдерінде
адам психикасы өзгеріске түсіп отырады, әсіресе оның ойлауы мен
сөйлеуінің өрістеу сатыларын жан-жақты іздестіру қажет деп, өз
еңбебінде қамтып кетеді. Психология саласында өзіндік таным
процесінде жеке бастың психикасын зерттеу арқылы анықтап оған
сипаттама беріп отырады.
Өзіндік
танымның
философиялық,
теологиялық
және
психологиялық жағына жалпы шолу жасай келе, адам танымы өте
күрделі процесс екендігіне көз жеткіздік. Ол ежелден қоғам дауымен
бірге өрбіп, сол кезеңге сай әрдайым зерттеліп отырған өзекті
мәселелер қатарына жатады. Осы уақытта адам танымын ұғынып,
ұрпақты алға қарай жетелейтін, әр адамның жекелеген қасиеттері мен
жеке бас ерекшеліктерін ескере келе, оның өзіндік танымының
шығармашылық деңгейін өрбітіп педагогикалық тұрғыда тәрбиелеу -
ол болашақ ұстаздардың үлесіне тиеді.
В.С. Мерлин бұл дамудың төрт сатысын ұсынады: Өзін
өзгелерден бөлектеп, қарастыру, /туғаннан бір жасқа дейін/; “Менін”
122
сезіну, /2-3 жас/- өзін іс әрекет субъектісі ретінде түсіну; Өз-өзін
бақылау нәтижелерін сана таразысынан өткізуден шығатын өзінің
психикалық қабілеттерін түсіну; Өзін рухани-әлеуметтік тұрғыдан
бағалау /жасөспірімдік кезең/. Өзге авторлар бұл сатыларға өзге де
процестерді қойды: өзгелердің көзқарастарын өзіне қабылдау,
өзгелердің өзі туралы пікірін сараптау, талаптану деңгейлері мен
стандарттарының қалыптасуы, өзін-өзі бақылаудың дамуы, ананың
тікелей тәрбиесі мен ықпалынан “босанып”, өзінің отбасының тегін
сезінуі, жыныстық және рольдік ерекшеліктерді түйсіне бастауы,
келер шақ, өткен шақ, осы шақ туралы ұғымдардың қалыптасуы және
т.б.
Бірақ мұнда келтірілген кезеңдік бірізділік бір сатының жүйелі
түрде келесі сатыға ілесе өтетіндігін білдірмейді. И.И. Чеснокованың
пікірінше, өзін-өзі тануды екі түрлі деңгейде қарастыруға болады:
біріншісі-өзін өзгелер тұлғасымен салыстырудың алуан түрлері
арқылы тану, яғни оның өзі туралы ұғымының дамуына, кеңеюіне
сыртқы ортадан алынған ақпарат негіз болады. /”Мен”-“өзгелер”/. Өзі
туралы ақпаратты меңгерумен қатар, осы берілген қоғамда
қабылданған нормативтік, эталондық ұғымдарда меңгеру жүзеге
асады. Өзін-өзі танудың бұл түрінің басты тәсілдері-өзін-өзі
қабылдау және өзін-өзі қадағалау. Екінші деңгей – белгілі
мөлшердегі өз “Мені” туралы қалыптасқан ұғымдардың болуын
талап етеді. Бұл деңгейді “өзі туралы білімді аутокомуникация
ауқымында /”мен”-“мен”/ меңгеру. Өзін-өзі танудың бұл түрінің
әдістері -өзін-өзі сараптау, салалау. Бұл деңгейдің әдістерінің /өз-
өзіне ақпарат беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру/ бойынан
ерік-жігер компоненті айрықша көрінеді, ол өзі туралы ұғымның одан
әрі дамуына кең жол ашылады.
Ғалымдардың көптеген еңбектерінде тұлғаның өзі мен өз
әрекеттерінің нәтижесіне деген дұрыс көзқарастарының қалыптасуы,
оның жан-жақты
дамуы,
оның
негізділігін,
объективтілігін,
сәйкестілік секілді жақтарының дамуы тұлғаның өзін-өзі тануының
тиімді механизмі екені, тәжірибе негізінде дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: |