Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет24/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

 
 
 


46
№3-ші кесте. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің негізі мен құрлымы. 
 
Бөлім 
Мазмұны 
Алғашқы 
Өзін-өзі тәрбиелеуге бейімделудің туындауы 
Екінші 
Өзін-өзі тәрбиелеуде саналы түрде қалыптасқан 
нақты ішкі шешім 
Үшінші 
Өзіндік анализ /талдау/ жасау, өз-өзіне сыни 
көзқараспен қарау, өзін-өзі бағалау негізінде өзін-өзі 
тәрбиелеудің бағдарламасын құру. 
Төртінші 
Үнемі жүріп отыратын өзіндік сараптама жасау, өзін-
өзі бағалау арқылы аталмыш бағдарламаның жүзеге 
асуы және сол үрдіске қажет деп есептелетін барлық 
әрекет түрлерінің енгізілуі 
Сонымен, жоғарыдағы авторлардың анықтамаларын басшылыққа 
ала отырып, төмендегідей түйіндер жасауға болады. 
Өзін-өзі тәрбиелеу – жеке тұлғаға болып қалыптасудың негізгі 
маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның 
өзіндік жауап қайтаруы, яғни реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі 
тәрбиелеу – ол моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы 
мен олардың әдетке айналуы. 
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамды дамытуға арналаған тәрбие үрдісі. 
Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде 
сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі 
тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу 
барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу – мәдени 
мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. 
Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып 
табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі 
таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Өздігінен білім, тәрбие алу, оқу 
адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен 
дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды.
Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқу 
жоспарынан тыс қоғамдық және өзіндік қажеттіліктер негізінде 
жүйелі және белгілі бір мақсатқа құрылған жеке тұлғаның танымдық 
іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-өзі оқыту – жалпы және кәсіби 
білімнің үздіксіз жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты болып 
кеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне септігін тигізеді. 
Сонымен қатар интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына, 
кәсіби шеберлігінің шыңдалуына әсер етеді.


47
Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға 
болмайды. Ол педагогиканың негізігі бөлігі ретінде қарастырылады 
және ол берілген тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке тұлғаның 
рухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы 
мәдени дамуды да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде 
теориялық материалдарға анализ жасау және өзін-өзі тәрбиелеу 
барысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе өзін-
өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпы 
жүйесіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге өз-өзімен жүйелі жұмыс 
жасау қатары университет ішіндегі студенттердің бойында күннен 
күнге сиреп барады. Оның себебі, студенттер өзін-өзі басқару 
үрдісіне даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егер 
мұғалім мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық 
жасауда қиындықтар сезінсе, онда оның өзі де өзін-өзі дамытуды 
дұрыс біле бермейді. Мұның себебі, педагогикалық курстарда өзін-
өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша дәріс өте аз оқылады, ал 
практикалық-тәжірибелік 
сабақтар 
дұрыс 
жүргізілмейді. 
Осы 
тұрғыдан студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға 
қатысты тәжірибе аз екенін ескерген жөн.
Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу, өзін-өзі 
тәрбиелеуді қалыптастыру өзінің жеке даму жолында пайдалану үшін 
мыналарды білуі қажет: 
4)
Осы үрдісті басқару принциптерін; 
5)
Оның негізгі салаларын; 
6)
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет