Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет20/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Адамгершілік сапаларына сиапаттама беріңіз 
2. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік 
ұғымын сипаттаңыз.. 
3. Адамгершілік моральдық қадір – қасиеттерін ата? 
4. Адамның сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің 
қалпына әсер ете ме? 
5. Эссе тақырыбы: «Адамгершілікке тәрбиелеу-белсенді үрдіс»
6. Адамгершілік қадір-қасиеттердің ең қарапайым нормаларын 
атаңыз 
№6 Дәріс 
Тақырыбы: Өзін-өзі тану әдістері.
Мақсаты:
студенттерді өзін-өзі тану әдістерімен таныстыру 
және оны практикада қолдану мәселелері. 
 
Тірек ұғымдар:
“өзін-өзі қадағалау”, “өзін-өзі бақылау”, “өз-
өзіне есеп беру”, т.б. 
 
 
Жоспар. 
1. Өзін-өзі тану әдістері.
2. Өзін-өзі тәрбиелеу жолдары.
Педагогикалық шығармашылық психологиясы бағытындағы 
зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның өзін-өзі тануында оның өздік 


42
жетілуінің таусылмас мүмкіндіктері жатыр. /В.А. Кан-Калик, Н.Д. 
Никандров, 1990/. Өзін-өзі тану – көпжақты, белгілі уақыт аралығын 
қамтитын күрделі процесс. Ол әр түлі сезіну түрлерімен сабақтаса 
жүреді. Өзін-өзі танудың бірінші деңгейінде бұл процесс өзін-өзі өзге 
адамдармен салыстырудың алуан түрлері арқылы жүзеге асады. Бұл 
өзін-өзі танудың бірінші сатысы. Оның екінші деңгейінде тұлға 
өзінің жетістіктерімен салыстырады. Өзін-өзі және өз іс-әрекеттерін 
өз тарапынан және өзгелер көзқарасы тарапынан саралай келе бұл 
сала өз бітімі туралы, өз “Мені” туралы түсінікті қалыптастырады. 
Осы әлеуметтік “айна” арқылы студент өз бойындағы рухани-
адамгершілік құндылықтарын арттырып, өзін-өзі адами тұрғыдан 
таниды. 
Өзін-өзі түсіну мөлшері, өзін-өзі тану сипаты көптеген 
факторларға байланысты, соларға тәуелді. Өзін-өзі тану үрдісіне 
адамның өзінің ішкі әлеміне қаншалықты деңгейде үңілуі, оған деген 
қажеттілігінің мөлшері, тұлғаның рефлексияға деген қажеттілігінің 
мөлшері – бәрі де әсер етеді. К.Р. Левитанның, С.Г. Верловскийдің 
және т.б. пікірінше, болашақ педагог мамандығына дайындалып 
отырған студенттің өзін-өзі тануының басты тәсілдері мыналар: өзін-
өзі қадағалау, педагогикалық өзін-өзі сараптау, педагогикалық 
рефлексия, өзін-өзі сынау және өзін-өзі бағыттау. 
Өзін- өзі қадағалау – тұлғаның өзіне, өз іс-әрекеті мен қарым – 
қатынастарына сырт көзбен қарай білу қабілеті. Өзінің ішкі күйі 
қалпына қайта-қайта назар аудара отырып, тұлға әртүрлі жағдайларда 
/ситуация/ өзін қалай ұстайтындығын жете түсінеді. Өзін-өзі 
қадағалау тұлғаға өзі туралы өзге адамдар көріп-біле бермейтін 
құнды мағлұмат береді. Ол өзінің дамыған және әлсіз жақтарын 
тереңірек білуге көмектеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулерін 
саралай келе К.Р. Левинтанның, С.Г. Верловскийдің өзін-өзі 
тануының басты тәсілдерін басшылыққа алуды жөн көрдік. Себебі 
бұл зерттеулерде болашақ мұғалім мамандығына дайындалып 
отырған студенттерге арналып, оның нәтижелері оң баға беріп 
отырғандығын зерттеу жұмысының нәтижесінен көруге болады.
Рефлексия арқасында тұлғаның өзін-өзі түсінуінің пайдалы әсері 
аз элементтерін өзге элементтермен ауыстыруға деген, өзі мен өз 
мінез – құлқын өзгертуге деген қажеттілік ұғынылады. 
Тұлғаның өзіне деген көзқарасы қаншалықты сыни тұрғыдан 
болса, оның өзін-өзі тану деңгейі де соншалықты жоғары. Керісінше, 
тұлғаның өзінің болашақ маман ретіндегі әзірлік деңгейі терең болған 
сайын, оның қызмет барысындағы өзін-өзі бағалауының сынилығы да 


43
арта түседі. Н.Е. Шафажинская өзін-өзі бағалаудағы өзіндік өсіп-
жетілу құралы ретінде қолдану студенттерді болашақ мамандығына 
даярлаудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып 
табылатындығын көрсетті.
Міні сондықтан да тұлғаның өзін-өзі сынауын қалыптастыру, 
оның өзін-өзі тануын дамытумен шұғылдануды оның ЖОО-да 
студент кезінде-ақ бастау қажет.
Тұлғаның өзін-өзі тануының тағы бір әдісі-өзін-өзі бақылау. 
Адамгершілігі биік, жан-жақты жетілген студент тұлғасы өзіне деген 
жоғары 
талаптарымен, 
оның 
ішкі 
өзін-өзі 
бақылауымен 
ерекшеленеді.
Тұлғаның өзін-өзі бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай 
алуы – биік мәдениет пен жетік парасатылықтың көрсеткіші, өзін-өзі 
бақылаудың көмегімен нақтылы мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, 
іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып отырады. 
Тұтастай алғанда көптеген авторлардың пікірі бойынша, 
тұлғаның өзін-өзі тануы – студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің, өз 
білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті шарты. 
Декарттың дәлелдеуіне сүйенсек, өзін-өзі танудан өткен жемісті 
жұмыс жоқ, бірақ бұл үшін көрегендік пен ержүректік қажет. “Өзін-
өзі адам ретінде зерттеп – білмеген адам өзге адамдарды да терең 
зерттей алмақ емес”.
2. Тәрбие мақсатының педагогикалық процесс пен қоғам 
қажеттілігіне қарай өзгеріп отыратыны баршамызға мәлім. Қоғам 
мүшелерінің 
бәріне 
ортақ, 
бірегей 
мінез-құлық, 
қасиет 
болмайды.Адамдар тұлға ретінде өзіндік жеке ерекшеліктерімен 
дүниеге 
келмейді.Әрбір 
адамның 
жеке 
тұлға 
ретінде 
қалыптастырылып, тәрбиеленуі оның өзіндік іс-әрекеттеріне де 
тікелей байланысты. Ол үшін әрбір адам өзін-өзі үнемі жетілдіріп, 
тәрбиелеп отыруы керек.. 
Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуінде «мен» ұғымының мәні зор. 
Тәрбие барысында адамдарды бірдей, инкубаторлық тұрғыдан 
тәрбиелеу дұрыс емес. Көптеген жағдайда адамдар тәрбиесі 
қоғаммен, ортамен үйлеспей жатады. Мұндай жағдайда әрбір адам 
өзін-өзі 
тәрбиелеумен 
саналы 
түрде 
айналысуы 
тиіс. 
Бұл 
педагогикалық процесте – өзін-өзі тәрбиелеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет