Сабақ Тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді Сыныбы: 3



Дата01.04.2017
өлшемі76,28 Kb.
#12992
түріСабақ
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді

Сыныбы: 3 «Ә»

Авторы: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Абдикаимова Гулзат Сериковна

Тараз-2017
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№10 Мерзiм: 6.02.2017ж. № 21сабақ

Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Сынып: 3 «Ә»




Сабақ мақсаты:. Балаларға сүйіспеншілік құндылықтарын арттырып, өнердің адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - өнердегі адам өмірінің маңыздылығын түсіндіру;

- өнерге қызығушылықтарын арттыру;

- балаларды сүйіспеншілікке, мейірімке, достыққа тәрбиелеу.


Ресурсы: үнтаспа, көрнекіліктер,

Сара Алпысқызының суреттері, нақыл сөздер



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп


2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық



2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, жақсылықты көреді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Мұғалім сөзі:

- Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаеваның туылған күнімен байланысты.



3.Үй тапсырмасын тексеру. Балалардың Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылға күніне арналған өлең шумақтар жаттап келулерін тексеру.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағаңды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы. 1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы. Жетім балалардың жағдайларын да ерекше назарда ұстап, «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.«Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы.

«Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», – деп Сара  Алпысқызы айтқан екен.

(Топқа бөлу)


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйек сөз.

Адамның сәні – өнер, білім, ақылы.

Халық мақалы
Мұғалім сөзі:

- Адам өнер, білім, ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім, ақыл арқылы табысқа, қуанышқа, бақытқа жетуге болады. Өнерлі, білімді, ақылды адмның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады. Өнерлі болу адам баласына тән. Талпыну, талаптану әркімді өнерлі етеді. Ол үшін талмай еңбектену, іздену қажет. Кез келген адамның қолынан қандай іс келсе сол адамды өнерлі және оның қолы алтын деп атайды. Сондықтан

да халықта «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» деп бекер айтылмайды.





5.Әңгiмелеу (сұхбат). Өнерліге өлім жоқ

Ертегі


  1. Ханның қандай өнері бар екен?

  2. Уәзір әлгі дәулерге не деді?

  3. Хан тұтқыннан қалай құтылды?

  4. Өнерлі бала қандай болуы керек?

  5. Өнер жайында қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  6. Сендердің қандай өнерлерің бар?








6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

I топ. «Әншілер» ән айтады.

II топ. «Суретшілер» сурет салады.

III топ. «Ақындар» өлең шығарады.


Сергіту сәті: «Өнер»

Домбырам күмбірлеп,

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп,

Сурет те саламын.

Мәтінмен жұмыс

Қ.Қайымовтың «Ақын деген кім? » әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беру.



Дәптермен жұмыс. Ребусты шешу. Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді».





7.Топпен ән айту. «Бала тілегі»

Сөзін жазған:С.Молдасанұлы

Әнін жазған: Ф.Жолдасова

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел достарым, әндетіңдар, билеңдер,

Гүлденсін деп атмекен-қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан- байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отанымым, тілегім сол менің де.






8.Үй тапсырмасы.

Өнерлі адамдар туралы әңгімелеп беру .






9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалім сөзі:

-Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылын ұқсатып, өнерін біліміне, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп атаймыз.

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. Сабақтан үйренген барлық жақсы қасиеттерімізді жүрегімізге сақтап аламыз. Жаймен көзімізді ашамыз.







Каталог: uploads -> doc -> 0df9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0df9 -> Сыныбы: 3 «ж» Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» Мақсаты
0df9 -> Web-сайт бетін жасау,оның түрлері Шымкент қаласы 2015


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет