А. С. Макаренко



бет1/2
Дата06.07.2018
өлшемі85,43 Kb.
#47432
  1   2
Баланы тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу. 
А.С. Макаренко 


Тақырыбы: Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту

мақсатында инновациялық технологияларды қолдану
Жоспар:

І.Кіріспе

"Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану»
ІІ. Негізгі бөлім


  1. «Фребель сыйы».Фридрих Фребель идеялары

  2. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері

  3. Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

ІІІ. Қорытынды.


Қазіргі таңда  еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты - ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу.

Білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттыңа жырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуымен дамуы болып отыр. 

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырына нықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, олүшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Яғни, инновациялық  технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеуді әртүрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кезкелген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жандүниесін етереңүңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерлерін қарастырайық.


  1. «Фребель сыйы».Фридрих Фребель идеялары

Фридрих Фребель (1782- 1852) - неміс педагогі, мектепке дейінгі тәрбиенің теоретигі. Фридрих бала бақшасының құрылуын насихаттаған, балалар үшін тәрбиешілерді дайындаған және олардың жұмысының өзіндік әдісін әзірлеген. Фридрих балалардың даму процесінде ойынның үлкен тәрбиелік және білімдік мағынасын айтқан.


Фридрих Фребель идеялары


ХІХ ғасырдың екінші жартысыында–ХХ ғасырдың басында Европада неміс педагогы Ф. Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие теориясы кең таралды. Ол 10 «балалар бақшасы» деген терминді енгізді, бұл дүние жүзінде жаппай қабылданды. Сондай–ақ, тәрбиеші әйелді Фребель «баулушы» деп атағандығынан оның балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогтарды баланың есеюіне және дамуына көмектесуге шақырғаны, мақсатты педагогикалық ықпалдың маңызына жоғары баға бергені айқын көрінеді. Ол балалардың жасына сәйкес бірқатар қарапайым білім мазмұнымен таныстыру қажеттілігін атап көрсеткен. Оның идеялары: мектепке дейінгі тәрбиені насихаттау және балалар бақшаларын кең тарату, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысының теориясын бірінші болып жасап, мектепке дейінгі педагогикалық ғылымдардың дербес саласы болып бөлінуіне себепкер болды
Ф. Фребельдің балабақшасы.

 

Баланы нәресте шағынан дұрыс жетілдіру үшін Фребель алты «сыйлық» жасауды ұсынды. Бірінші сыйлық – доп. Доп шағын, жұмсақ, алуан түске –қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін (яғни, кемпірқосақтың барлық) түсіне және аққа боялған жүннен тоқылғаны жөн. Әрбір допшар жіптен тұрады. Анасы балаға доптың алуан түсін көрсете отырып, оны түстерді айыра білуге жаттықтырады. Шарды жан-жаққа қозғалта отырып, тиісінше «алдыға-артқа», «жоғары-төмен», «оңға-солға» деген ұғымдарды санасына сіңіріп, ана балаға кеңістік жайлы түсінік береді. Шарды алақанында көрсетіп және жасырып, тиісінше «Доп бар – доп жоқ» деген сөздермен демей отырып баланы мақұлдаумен және теріске шығарумен таныстырады.

 

Екінші сыйлық шағын ағаш шар, текше және цилиндр (шардың диаметрі, цилиндрдің табаны және текшенің жақтары бірдей). Осылардың көмегімен бала заттардың әртүрлі формаларымен танысады. Текше өзінің формасымен және орнықтылығымен шарға қарама-қайшы болып келеді.

 

Үшінші сыйлық – сегіз шағын текшеден құрастырылған бір текше(текше екіге, оның әрбір жартысы төртке бөлінген).Осы сыйлықтың көмегі арқасында бала тұтас  зат және оның бөлшектері туралы түсінікке ие болады деп есептеді Фребель.


Фридрих Фребель «Ойын бала дамуының, осы кезеңдегі адамның дамуының жоғарғы сатысы; ол сөзбен айтылатын ішкі жандүниенің ерікті бейнесі, оның өз қажеттілігі бойынша бейнесі. Ойын – адамның осы сатыдағы ең таза, және ең рухани көрінісі, сонымен қатар ол адамзат өмірінің түп бейнесі және көшірмесі болып табылады; сондықтан ойын қуаныш, еркіндік, ырыздық, өзі және маңайындағыларға тыныштық, бейбітшілік сыйлайды. Барлық жақсылықтың көзі ойында және содан нәр алады. Өзімен өзі, байсалды, табанды, денесінің шаршауына дейін ойнайтын балалар қабілетті, байсалды, табанды, өзінің және өзгенің қамын жейтін болады...».
Фребель сонымен қатар тілдесу мен ойын арасында ғы өзара байланысты және осы екі әрекет түрі қалай «жоғарғы өмірлік қатынастар мен байланыстарды құрады», яғни баланың әлеуметтенуіне ықпалын байқады.
Фребель педагогикасындағы жетінші түр ойын, ол бала әрекетінің барлық бағыттарын біріктіреді. Және де ойын «сыртқы әлемнің көрінісін беретін айна болып табылады. Ойын кезінде өмір заңдары және оларды қалай балалар қабылдайтындығы мен түсінетіндігі анықталады! Және ойын сөз, ән, қимыл, би және т.с.с.арқылы ішкі өмірден тыс түсініктерді талап етеді».
Фребель мынаған назар аударады: бала болашақта жалпыға ортақ үлкен өмірдің бір бөлігі болғаны маңызды, сол себепті балалар ойынын қадағалау және оған жетекшілік ету ерекше назар аударуды талап етеді, ол дегеніміз: жетінші әрекет түрі бар, оны қамқор тәрбиеші мен мұғалім құрметтеп, балалар мүддесі үшін бақылауы тиіс...
Фридрих Фребель балалардың отбасында әлеметтенуіне аса назар аударған «Әкенің кез келген сабағы және кез келген ойы, кез келген кәсібі қандай да бір адами білімдерді меңгеру үшін бастапқы пункт ретінде қызмет етеді».

«Ата-налар, есте сақтаңыздар, оның ішіндегі әрекеттегі бастапқы санасыз әрекеттер шынайы, оның еркінен тыс қатысуы арқылы әрекетке деген бірінші талпынысты, білім алуға деген алғашқы талпынысты адам жасайды. Бұл көмекті нығайтыңыз, дамытыңыз, балаңызға қажеттісін беріңіз, өз күш-қуатын біліп қана қоймай, оны арттыру үшін оған өзінің күш-жігерін отбасылық, соның ішінде өзіне қымбат істерге қолдануына мүмкіндік беріңіз.»


Фребель әлеуметтену үдерісін оның мәніне қол жеткізудегі адамның дамуы мен білім алуы деп сипаттаған.әтабандылықпен, үздіксіз адамды алға жетектейтін, бір сатыдан екіншіге көтеретін,: сәбидің жалпы оянған сезімінен оның бойында құлшыныс, бейімділік дамиды; олар жан мен жүректің пайда болуына апарады; бұл құрылымнан балада ақыл-ой және ерік-жігер әрекеті дамиды. Ерікті әрекетті ерікті табандылыққа жеткізу және осылайша, ең бастысы өздігінен таза адамгершілікті білдіру үшін таза, мықты, төзімді және табанды ерікті жандандыру - осы тәрбиелеу мен білім берудегі басты мақсат және басты пункт. Сәби, жас тіршілік иесі жарық дүние есігін ашқан сәттен, табиғи жаратылысына қарай өз күшін жан-жақты еркін қолдану мүмкіншілігіне бағыттау, қоюы керек...»
Фребельдің бұл идеяларының барлығы бүгінгі таңда да өзекті болып қала бермек, сондықтан бұл әдістемелік құралда олар мектепке дейінгі білім беру Бағдарламаларының мазмұнына сәйкес көрініс тапты. Әдістемелік құралды ұсынылған ойындарды мектепке дейінгі білім беретін бағдарламалардың кез келгенін іске асыру барысында пайдалануға болады.

Ойындардың әрқайсысы «Қауіпсіздік» білім беру саласының міндеттерін шеше отырып, басқа да білім беру саласының міндеттерін шешуге ықпал етеді:


«Қатынас» - қауіпсіз жүріс-тұрыс әдіс-тәсілдерін меңгеру үдерісінде ересектермен және балалармен еркін тілдесуді дамыту, алғашқы құнды түсініктерін, өзі, отбасы, қоғам, мемлекет, әлем туралы түсініктерін қалыптастыру, сонымен қатар қарапайым жалпыға ортақ қабылданған жүріс-тұрыс нормалары мен ережелерін сақтауды дамыту;
«Таным» - әлем тұтастығының бейнесін қалыптастыру және дүниетанымын кеңейту;

«Еңбек» - еңбек, кәсіп туралы түсініктерін қалыптастыру;


«Қауіпсіздік» - отбасы және қоғамда өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған орта қауіпсіздігі негіздерін қалыптастыру;
«Көркем әдебиетті оқыту» - алғашқы құнды түсініктерді, өзі, отбасы және қоршаған дүние туралы түсініктерін қалыптастыру үшін көркем туындыларды пайдалану;
«Көркем шығармашылық» - «Әлеуметтену» саласын меңгеру нәтижелерін бекіту, мазмұнын байыту үшін өнімді әрекет түрлерін пайдалану;
«Денешынықтыру» - еңбектің әр алуан түрін игеру үдерісінде баланың күш-қуат сапасын дамыту. (Ұсынылған ойындарда арнайы іріктелген сергіту жаттығуларында жүзеге асады);

Карточкалармен жұмыстың ерекшеліктері

Жұмысқа кіріспес бұрын осы жиынтықтың барлық карточкаларымен танысқан жөн. Өлеңдер, әндер, жұмбақтар және бой жазу жаттығулары ұсынылған ойындар мазмұнын байыту, олардың дидактикалық және дамытушылық мүмкіншіліктерін кеңейту, алдағы уақытта оның сюжеті мен түрлену мүмкіншіліктерін жетілдіру үшін іріктелген және ойынның басталуына қажетті ахуал туғызуға, ойын алаңында отырып, біраз үзіліс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ойынды ұйымдастыру кезінде «көмекшілер» ретінде пайдаланбас бұрын бұл қысқаша туындыларды жаттап алу ұсынылады.

«Әлеуметтену» білім беру саласының міндеттерін шешуде пайдалануға ұсынылған ойындардың басым көпшілігі сюжеттік-рөлдік. Бұл ересектің рөлін асыра бағалау қиынға соғатын ойындар болып табылады. Ересек осындай ойындарды құруға ықпал етеді, балаларды ойын материалдарымен қамтамасыз етеді, балаларды қандай да бір рөлді ойнау ерекшелігімен таныстырады. Сонымен қатар балаларға оған жаңа идеялар енгізу есебінен сюжетті кеңейтуге, осылайша, балалар ойыны мен мектеп жасына дейінгілердің рөлде ойнауын жандандыруға көмектеседі.

Құралда ұсынылған ойныдар келесі міндеттерді шешеді:



  • ұсақ маториканы, қиялды, ойды дамыту;

  • гендерлік түсінікті дамыту;

  • бірлескен ойындарға деген қызығушылықты арттыру;

  • қатынас дағдыларын дамыту;

  • қоғамдық орындарда әлеуметтік жүріс-тұрыс дағдыларын дамыту;

  • танымдық-зерттеу және өнімді (сындарлы) әрекетті дамыту;

  • өзі және тобы жайлы түсініктерді дамыту;

  • өзіндік сананы дамыту;

  • ойын қимылдарын орындау іскерліктерін дамыту, ойын сюжеттерін ойлап табу және дамыту;

  • түрлі белгілері (түсі, нысаны, мөлшері) бойынша фигураларды ажырата білу іскерліктерін жетілдіру;

  • елінің бір мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру;

  • қоршаған әлес тұтастығын қалыптастыру, балалар дүниетанымын кеңейту.




  1. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері


М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі жәнеоның маңызы
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен Бала – ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын.

Мария Монтессори италиялық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады.

Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығу¬ларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау ерік¬тілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты еке¬ніне біртіндеп көз жеткізіп келе¬міз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отырғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдістемесінің біздің орталыққа енуі жақсы бастама деп ойлаймын. Бұл ауру балаларға қолданғанда Монтессори терапия деп аталады. Бізде осы терапия бойынша әдістемені арнайы үйренген 140 педагог жұмыс істеп жатыр. Оларды оқыту үшін грант ұтып алған болатынбыз. Соның арқасында біздің педагогтар осы бір жыл көлемінде науқас балалармен жұмыс жасауда қолайлы жүйені таңдап отыр.
Мария Мантессори -1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген.
Итальяндық педагок,әрі ғалым.Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.
Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.
1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен,ол саусақтардыңұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардыңөзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп,Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.
Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу,жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.
1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады.Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды.1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді. 
1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды.Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды,оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы,докторлыққұрметті дәрежесі берілді.
Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,олар өз қателіктерін өздері көріп,соны өздері түзеп отырады.Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.
Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ,мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.

Каталог: uploads -> doc -> 0184
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0184 -> Сабақ тақырыбы: Баскетбол ойынына арналған эстафеталы ойындар Сабақ мақсаты
0184 -> Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді сабақ жоспар бөлімі: Буынаяқтылар типі. Өрмекшітәрізділер класы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет