Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет16/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетін 
игіліктеріне: 
- сезім;
- сана,
- ой; 
Тыныштық қуаты – жүректе,
келісім қуаты – қайратты, ерікті, иманды кісіде. 
Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде; 
Адамның ең биік қасиеті-Адам бола білу; 
 


34
Биік құндылығы: 
жан, тән, рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік 
икемділік. 
бостандық; 
бірігу идеясы; 
азаттық; 
даналық;/ақыл, өнер,бедел/; 
 таза өмірдің бастауы, 
адамгершілікті өрбітетін бұл адам 
бойындағы келесі қасиеттер: адамшылық, адалдық, әділеттілік, 
білімділік, еңбекқорлық, терең ой, кісілік, рахымдылық, 
махаббат, арлылық, намысқойлық, сертке беріктік, татулық, 
тәуекелшілдік, имандылық т.б. жатады. 
Ал осы адамгершіліктің дамуына кері әсерін тигізетін адам 
бойындағы негізгі қасиеттер:
арамдық, азғындық, арызқойлық, 
сараңдық, сайқалдық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, 
өсекшілдік, надандық, менмендік, еріншектік, жалақорлық, 
залымдық, жылпыстық, қанағатсыздық, жиіркенішті мінез-құлық 
т.б. бөліп көрсетеді. 
Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай 
көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығын әрбір адамның 
санасына, тәрбиесіне пайдаланса, болашақ жастарымыздың ақыл-
парасаттылығы мен ой тазалағы мүдделеріне сай келетініне көз 
жеткізуге болады
 
Абай ұғымына адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, 
сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен 
рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. 
Құндылықтардың осы төрт тобы салыстырмалы түрде адамды өз-өзін 
тануға итермелейді, оны өз-өзімен табыстырады…» әрі қарай адам 
туғаннан ер жету және бүкіл өмірінде негізінен тәрбие арқылы 
өзгерістерге ұшырайды. Өмір қоршаған орта оның дамуына, 
қалыптасуына, дүниетанымына, өзін-өзі тануына әсер ететіндігі сөз 
болады. 
3. Жаңа дәуірдің, халықтың ұлттық сана сезімінің ояну дәуірінің 
жаршысы өзінің бүкіл қоғамдық – саяси әрі ағартушылық қызметі 
қараңғылық пен надандыққа, діни мұсылмандық фанатизмге қарсы 
қажырлы күреске өзек болған Ш. Уалихановтың моральдық 
идеяларының негізі – қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте, 
патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі 
“жабайы” 
мінездеріне 
орай 
адам 
қасиеттерін 
сипаттайтын
адамгершілік құндылықтарына: 


35
-
“намыс”,
-
“әділдік”,
- “парыз” т.с. түсініктерді өздерінің саяси мақсаттарына жетуде 
пайдалана отырып мәнін ашып берді.
Ағартушы-демократ, қоғамдық қайраткер әрі ойшыл, реалист-
ақын, ғылым және озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім 
берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің 
рухани-имандылық негіздерін жасап, өз еңбектерінде мектеп пен 
отбасы тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді.
Адамгершілік 
адамдардың 
күнделікті 
қарым-қатынасына 
қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. 
Мораль адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде немесе адамзат 
индивидуумы дамуында, яғни филогенез бен онтогенезде пайда 
болады. Оған адамзат “Мені” қалыптасуының екі сатысы ықпал 
етеді: а) адамның әлеммен тұтастығын білдіретін, “Біз” феноменінен 
көрінетін адамның әлем мен өзге адамдардан ажырамастығын, 
дүниетаным бірлігін білдіретін культ (табыну) сатысы; ә) адам 
әрекеті мен адам индивидуалдығының әр алуандығы жағдайында 
мәдени формаларды іріктеуді білдіретін культура (мәдениет) сатысы 
[9]. Абай бүкіл шығармашылық күш-қуатын адамдық ақиқатты, 
адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, 
оның ізбасарлары – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, 
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, 
Жүсіпбек Аймауытұлы өздерін ұлы қазақ ойшылының шәкірттеріміз 
деп есептеп, оның ісін ілгері жалғастырды. 
Қазақ ойшылдарының шығармаларындағы адам және қоғам 
мұраты проблемасын тарихи дамуына орай бірнеше кезеңге бөлуге 
болады. Оның біріншісі-Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау және 
тағы басқа да ақын –жыраулардың, ойшылдардың көзқарастары. 
Олар аталған проблеманы өмір салтымен, жер мұратымен, 
бостандық, теңдікпен, ел билеушілер мен төрелердің, батырлардың, 
қарапайым адамдардың жеке басымен, от басындағы қарым-
қатынасымен, үлкендерге, әйелдерге деген құрметпен тікелей 
байланыстыра қарастырады. Мысалы, Асан қайғы Желмаяға мініп, ну 
орманды, көкорай шалғынды, сулы жер- қой үстіне бозторғай 
жұмыртқалайтын жерұйық қонысты іздеп, соған жетуді арман етеді. 
Сондай-ақ, ол халық үшін “Жерұйықты” іздеп табуға бар күш-жігері 
мен ақыл-ойын жұмсайтын адамды мұрат тұтқан. 


36
Сонымен Абай адамның жан-жақты жетілуіне толық адам болуы 
үшін адамға ең керегі: “ақыл, қайрат, жүрек” деп, адамның ішкі 
дүниесіне үңілуге өзін-өзі тануға шақырады. 
Өзін-өзі тану әдіснамасын зерделеу арқылы оқу үрдісіндегі 
тәрбиенің заманға сай бағыт бағдарын дүниетанымдық жаңа 
ұстанымдарын қалыптастыру білім беру жүйесіндегі жаңаша тәрбие 
беру қырларын ашу өзекті мәселенің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет