Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет19/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

еңбекке, оның нәтижелеріне: 
-
еңбекқорлық; 
-
тәртіптілік; 
-
ұқыптылық; 
өзіне және өзге де адамдарға: 
-
қайырымдылық 
-
мейірімділік; 
-
принциптік; 
-
табандылық; 
Әрине, адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке 
байланысты көптеген категориялар – жомарттық, батылдық, 
шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс, т.б. 
сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінгі күнге дейін маңызын 
жоғалтқан жоқ. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани - 


39
адамгершілік дүниесінің негізгі нысандары – үміт, сенім және 
махаббат үнемі даму үстінде.
2. Сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің қалпына 
әсер етеді. Ішкі сезім, көңіл күйдің бұзылуы адамның адамдық негізгі 
қасиеттерінің көрінісіне өз әсерін тигізеді. Бұндай уақытта адам өз 
сезімін қолына ұстап басқара алатындай жағдайда болу қажет. Сонда 
ғана студент үшін жайсыздық туындап тұрса да ол басқа адамдармен 
қарым-қатынас уақытында өз сезімін қолға алып басқара алу 
негізінде өз күйін өзге адамға көрсетпей біркелкі дұрыс қарым-
қатынас жасай алады. Осы арада педагог Н.В Данилов: «Егер сезім 
адамды басқаратын болса, онда бұндай жағдайда күйзеліс пайда 
болады» - деп суреттейді. Сол себептен біздер зерттеу барысында 
ішкі сезім күйін студенттің өзі басқара алатындай жағдай туғызу 
жолдарын “Өзін-өзі тану” сабағындағы жетістікке жету, сәтсіздіктен 
қорқу әдістерін реттеп отыруға қолдандық. Сезімді реттеу, 
бойындағы күйзелістік жағдайды тарқату, бұл үнемі өзін қандай 
күйде де (қатты ашулану, өкпелеу, шексіз қуану) үлкен 
шыдамдылықпен, өзін-өзі жеңе білумен ішкі және сыртқы 
әрекеттерге қарсы тұра алу төзімділігін қалыптастыруға өз әсерін 
тигізеді. Сезім толқыныстары адамның бойындағы ішкі және сыртқы 
өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады. Сыртында: адамның 
келбеті, тұрысы, ымдауы, ишараты, дем алуы, дауысының өзгерісі, 
көзінің қозғалысы, терінің түсі, күлуі, жылауы т.б. өзгерістерге әкеліп 
соғады. Ал ішкі өзгерістерге: - организмде ішкі секреция бездерінің 
бөлінуі, адреналиннің қанға көптеп шығуы, жүрек жүйесінің кеңеюі, 
қан ұюының күшеюі, ас қорыту жүйесінің жұмысының тежелуіне т.б. 
әкеліп соғады. Осы жағдайларды студент біліп қана қоймай, осы 
кезеңде сезім күйін қалай реттеу жолының әдістерін игере білуі оның 
рухани 
мәдениетінің 
дамуына, 
интелектілік 
жоғарлауына, 
адамгершілік сапаларының артуына тікелей ықпал жасайды. Бұл 
үшін әрбір студент өзін-өзі тану әдістері арқылы өзіндік сезім, көңіл 
күй, белсенділік диагностикасын өткізу арқылы бойындағы 
адамгершілік қасиеттерін дамытуға бірден-бір әсер ететін өзіндік 
сезімін қалыпқа келтіріп, басқару жолдарын есепке алуды үйрету 
қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу процесі үлкен ауқымды қамтиды. Тұлғаның 
интелектік дамуы, адамгершілік сапасын арттыру, білімділік, 
еңбексүйгіштік, еңбекке икемділік т.б. қамтиды.
О.М. Анисомованың көзқарасы бойынша “…өз бойындағы адами 
қасиеттерін тізіп шығып, әрі қарай бағдарлама жасау тұлғаның 
бойындағы адамгершілік сапалардың қалыптасуына ерекше әсерін 


40
тигізеді- 
деп 
сипаттайды. 
Олай 
болса 
педагогика 
пәнінен 
ұйымдастырылған арнайы семинарларда студенттің өз жеке басымен 
жұмысының ролін күшейтіп. Өзіне күнделік ашқызып, өз алдына 
жоспар құрғызу студенттің өз бойындағы төмен бағаға ие 
адамгершілік сапаларын дамыту жолдарына арналған бағдарлама 
жасау, студент бойындағы адамгершілік сапаларын дамытуға 
көмектеседі. Бұл жағдайда студенттер жекелеген адамгершілік 
сапалардың өз бойында дамуына өзін-өзі тәрбиелеу әдістері арқылы 
(өзін-өзі бағалау, бақылау, сынау, қадағалау, түзету, сендіру, көндіру 
т.б.) қол жеткізеді.
Жеке тұлғаны қалыптастырудың қазіргі жаңа тұжырымдамасы: 
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігіне баса назар аударады. Ол 
ішкі және сыртқы факторлардың қарама-қайшылықтарын үйлестіре, 
кіріктіре отырып, өзін-өзі дамытуы керек. Ішкі дегеніміз адамның өзі, 
оның ішкі дүниесі, көңіл-күйі. Осы ішкі көңіл-күй әсері, Гегельдің 
айтуынша, сыртқы әсерге қарсы шығып оны жояды да өзінің ішкі 
рухани дүниесіне айналдырады.
Жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиесіне ықпал ететін факторлар-
қоршаған өмір құбылыстары, табиғат адамдар еңбегінің түрлері, 
қоғамдық , әлеуметтік қатынастар, экономикалық жағдайлар т.б. 
оның әр өсу кезеңінде мінез-құлқының тұлғалық болмысының, 
тәртібінің өзгеруіне, моральдық жағынан бекінуіне мүмкіндік 
жасайды. Бір сөзбен айтқанда тұлғаның қалыптасуына саяси 
экономикалық, рухани, моральдық факторларда әсер етеді, ал 
тұлғаның бітім болмысының мәні оның әлеуметтік сипатынан 
көрінеді.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу-белсенді үрдіс. Ол жастардың 
бойына биік адамгершілік қадір-қасиеттерді сіңіруді ғана емес, 
сонымен бірге олардың бойын жағымсыз қоғамға жат қылықтардан 
арылтуды талап етеді. Әсіресе, студенттің азаматтық бағдары, биік 
адамгершілік 
тұрқы, 
өмірлік 
белсенді 
позициясы, 
олардың 
патриотизмі, туған жерге деген етенелігі қалыптасып, өзін-өзі тану 
арқылы өз бойын жат қылықтардан аулақ ұстап, салауатты өмір 
салтын, биік адамгершілік нысандарын қалыптастырып, болашақта өз 
ісіне адал, жас ұрпақты биік мақсат мұраттарға талпындыратындай, 
үлгі-өнеге бола алатын тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік туады. 
Студенттердің 
бойында 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарды 
қалыптастыру үшін рухани-адамгершілік нормаларының белгілі бір 
түрлерінің студенттердің бойында, атап айтқанда, іс-әрекет 
үстінде/рольдік 
ойындар, 
аутотренинг 
жаттығулар/, 
құрбы-


41
құрдастарымен қарым-қатынас барысында, ұлтаралық қатынастағы 
басқа ұлт өкілдеріне деген, жалпы адамға деген құрмет пен 
сыйластық сезімдерінде, сондай-ақ биік адамгершілік қадір-
қасиеттердің ең қарапайым нормалары болып саналатын әдептілік, 
қарапайымдылық пен сыпайылық, қайырымдылық, үлкенге ізет, 
кішіге құрмет көрсету, моральдық сана тұрғысынан сапалығын үнемі 
байқап, реті келгенде өнегелік үлгі ретінде тұлғалық қасиеттерін 
құрметтеп, өзіндік ”Менін” көтермелеп отыру қажет. Бұл олардың 
болашақ мамандығында өз бойында қалыптасқан игі қасиеттермен 
жас ұрпақты осы тұрғыда терең тәрбиелеуге және оларды сүюге, 
құрметтеуге, өз ісіне өзінің қолға алған қандай-да бір жұмысын 
аяғына дейін тек қана биік адамгершілік тұрғыда жасауына мүмкіндік 
туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет