Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет38/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

2. Сана қалыптастыру әдістері 
Тәрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, 
дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың 
өздерінде 
қалыптасуы 
қажет 
әрекет-қылық 
нормалары 
мен 
ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, 
орнықтыру үшін, сол сапаның мән-мағынасын жете түсініп алу 
міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін 
кемелдендіруге бағытталған әдістер тұлға санасын қалыптастыру 
әдістері атамасын алған. Бұл топ әдістері екінші кезеңде іске 
қосылатын – сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса 
қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен 
немқұрайлылық танытатын болса, тәрбие процесі шабандайды, 
мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін 
толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі 
де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл әдістер 
тобы сендіру әдістері деп аталған, себебі олардың міндеті – тұрақты 
наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы әрекет-қылығына дем 
беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами 
сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз 
нанымы негізінде әрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана 
қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тәрбие 
мазмұнымен белгіленген іс-әрекетке бала белсенді араласуға дайын 
болған жағдайда ғана қолданылатын әдіс өз нәтижесін береді.
Наным-сенімге оқушыны әрқилы әдістермен жеткізу мүмкін. 
Өткен ғасыр басындағы мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи 


89
өсиеттер, хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды 
шығару баланың өз еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса 
құнды әдістерді пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына 
тура, қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау әдісіне көшкенбіз. 
Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе-нұсқау беруден 
түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған әдістерді жаңғыртып, 
мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын-жыраулар 
тағылымдарын, шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама 
Абайдың «Қара сөздерін» және т.б. тағылым-тәрбие көздерін 
молынша 
пайдалануда. 
Сондай-ақ 
әдептілік-имандылық 
тақырыбындағы 
әңгімелер, 
ұғындыру, 
түсіндіру, 
әдептілік 
сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру әдістері де өз 
қолданымын табуда. Сендірудің аса маңызды әдісі - өнеге-үлгі. 
Әдістердің әрқайсысы өз ерекшелігі мен қолданымына ие. Сырт көзге 
қарапайым көрінгенмен, бұл топ әдістерінің бәрі де жоғары 
педагогикалық бірлікті қажет етеді әрі жүйелі түрде басқа әдістермен 
бірге қолданылады.
Этикалық тақырыптағы әңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген 
деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен әсерлі 
баяндау әдісі. Сезімге ықпал ете отырып, әңгіме моральдық бағамдар 
мен әрекет-қылық нормаларының мәнін түсініп, ұғуға жәрдемдеседі. 
Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, 
оқушылардың инабаттылық талаптарына сәйкес болымды тұлғалық 
әрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды 
өзгерісіне ықпал жасайды. Әдептілік әңгімелері бірнеше қызмет 
жасайды: 1) білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын 
басқалардың имандылық қасиеттерімен толықтырады; 3) тәрбиелік 
ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады.
Әдептілік әңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:
- әңгіме оқушылардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болу 
қажет. Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;
- әңгіме көрнекілік әдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі 
(көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық 
қолөнер бұйымдары), әңгіме мазмұнын қабылдауға ән-күй 
үлкен жәрдем береді.
- әдептілік әңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет.
Қоршаған жай-жағдайлардың әсемдігі мен ондағы дүние заттары, 
олардың адам көңіліне көтеріңкі әсері әңгіме тақырыбы мен 
мазмұнына сәйкес болуы қажет шарт. Педагогикалық құрал-
жабдықтар қорында қай жағдайда да жарасымды әңгімелер 


90
молшылық (шеру алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында, 
кең дала төсінде не жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе 
көктем бағында).
- әңгіменің әсері кәсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз, 
дөрекі тілді адамнан шешен әңгімеші шықпайды, ондайдан бала 
құлағы тынып, қашуға мәжбүр болады.
- әңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған 
әсер көп уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс.
Ұғындыру – тәрбиеленушілерге эмоционал-сөздік ықпал жасау 
әдісі. Бұл әдістің қолданылуы сынып ұжымы мен әр баланың 
тұлғалық сапаларын танып, білуге көзделген. Бастауыш мектеп 
балаларына қарапайым тәсілдер мен құрал-шараларды пайдаланудың 
өзі жеткілікті. Кіші жастағы оқушы «Осылай істеу керек», «Осылай 
істеп жатыр» - деп жай ескерткеннің өзінде-ақ, педагог айтқанына ере 
салады. Ұғындыру әдісі, егер тәрбиеленуші қандай да талаптың 
мәніне жете алмай жатса, жаңа адамгершілік сапа жөніндегі 
ақпараттарды ой елегіне түсіріп, қабылдауға қиналса, яғни қалай 
болғанда да оның санасы мен сезіміне түрткі салу қажетінде 
қолданылады. Ал мектепте қоғамдағы жай, айқын да ақиқат 
ережелерді ежелеп түсіндіре ұқтырудан аулақ болған жөн, мысалы, 
партаны сызба, тұрпайы сөз айтпа, еденге түкірме және т.б. Бұл 
орайдағы ұғындыру емес, шектеу әдістерін қолданған дұрыс. Аталған 
әдіс негізінен: а) жаңа моральдық сапа мен әрекет-қылық формасын 
қалыптастыру әрі бекіту үшін; б) тәрбиеленушілердің қандай да 
болған қылыққа дұрыс көзқарас-қатынасын қалыптастыру ниетімен - 
қолданылады.
Қандай да ұғымның орнығуы, баланы оған сендіре білуге 
байланысты. Сенім кейде мұғалім сөзін сын-сарапқа сала алмаудан 
шалыс, қателікті болуы мүмкін. Сенімнің санаға еніп жатқанын адам 
сезе бермейді, осыдан ол ырықсыз сеп-түрткілер жетегінде қалып, 
тұтастай тұлғалық сапаларын өзгертуіне тура келеді. Педагог сендіру 
әдісін оқушыға нақты нұсқау-талапты қабылдату үшін, басқа тәрбие 
әдістерінің ықпал әсерін күшейту мақсатында қолданады.
Тәрбие тәжірибесінде ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу 
әдісіне де жүгінуге тура келеді. Үгіттеу әрекеті тәрбиеші ұстанған 
қатынас формасына түгелдей тәуелді. Үгіттеу арқылы педагог 
тәрбиеленуші тұлғасында ұнамды қалыптарды жобалайды, жақсылық 
сезімін ұялатады, жоғары нәтижелерге жететініне сендіреді. 
Үгіттеуден болатын тиімділік тәрбиеші абыройына, оның жеке 
адамгершілік болмысына тәуелді, өз сөздері мен әрекеттерінің 


91
дұрыстығына кепіл бола алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына 
жетеді. Бала тәрбиесінде ұнамды үлгі-өнегеге арқа сүйеу, мадақ, өз 
қадірін сезіну, ар-намысты қолдан бермеу секілді алғы шарттарды 
пайдаланған педагог қай күрделі жағдайда да үгіт жұмысының өз 
нысанына жетіп, жемісті боларына толық сенуіне болады.
Үгіттеу арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну 
сезіміне келтіруге болады. Педагог баланың мұндай сезімдерін оятып 
қана қоймастан, келеңсіз әрекеттерін түзетудің жолдарын да 
көрсетеді. Бұл жағдайларда орынсыз әрекеттің, оның салдарының 
мәнін дәлелді ашып берумен бірге тәрбиеленуші мінезіне ұнамды 
ықпал жасаушы тәрбие көздерін тауып, қолданады. Кейде орынсыз 
қылық білместіктің салдарынан болады. Мұндайда үгіт ұғындыру 
және сендірумен бірге қолданылып, оқушы өз қателерін мойындап, 
мінезін оң қалыпқа келтіргендей әсерде жүргізіледі.
Әдептілік сұхбаты - екі тарап өкілдері – тәрбиеші және 
тәрбиеленуші қатысуымен болатын жүйелі де бірізді білімдер 
талқысы. 
Сұхбаттың 
әңгімелеу 
мен 
көрсетпе 
беруден 
айырмашылығы - тәрбиеші өз сұхбаттасы – тәрбиеленушінің пікірін 
тыңдайды және онымен есептеседі, олармен болған өз қатынасын 
құқық теңдігі және қызметтестік принциптері негізінде түзетеді. 
Әдептілік сұхбаттарының негізгі арқауы адамгершілік, инабаттық-
имандылық проблемалары. Сұхбат мақсаты – ізгілік ұғымдарын 
нығайту, тұрақтандыру бұл бағыттағы білімдерді қорытындылау 
және бекіту, адамилық көзқарастар мен сенімдер жүйесін 
қалыптастыру.
Әдептілік сұхбаттары тәрбиеленушілерді өздерін толғантқан 
барша сұрақтар бойынша дұрыс баға беріп, пікір жүргізуге жәрдем 
береді. Болған жағдай, оқиғалар мен әрқандай қылықтарды талқыға 
сала отырып, балалар олардың мән-мағынасын жеңіл түсінуге 
мүмкіндік алады. Көп жағдайларда әдептілік сұхбаттарды да өткізуге 
нақты дерек, оқиға, балалардың қылығы себеп болады. Мұндай 
сөйлесулерді болған оқиғалардың «ізін суытпай» не сол оқиғаның 
кінәкәрі сәл өзіне келіп, «жүрегі орнына» түсіп, мән-жайды 
аңғаратындай болған соң ұйымдастырған жөн.
Әдептілік сұхбаттарының тиімді болуы келесідей маңызды 
шарттарға тәуелді:
1. Сұхбаттың проблемді сипатта болғаны өте маңызды. Осыдан 
көзқарастар, идеялар, пікір сайыстары өрбиді. Тәрбиеші тосын, 
қалыпқа келмейтін сұрақтардың туындауына себепші болып, өз 
шәкірттерін оларға жауап іздеп, табуға баулиды.


92
2. Сұхбаттың жаттанды дайын не үлкендердің құлаққа салған 
жауаптары бойынша өтуіне жол бермеңіз. Балаларды не ойлағанын 
ашық айтуға тартыңыз, басқалар пікірін сыйлауға үйретіңіз, 
шыдаммен дәлелді тұжырымдар топшылауға жетелеңіз.
3. Сұхбатыңыз тәрбиеші көпіре сөйлеп, тәрбиеленушілер 
үндемей 
тыңдайтын 
дәрісбаянға 
айналып 
кетпесін. 
Сұхбат 
барысында ашық та анық айтылған пікір балаларды дұрыс 
қорытындыға келтіреді. Әңгіме-сұхбат нәтижелілігі екі адам 
ортасындағы көңіл табысудан, пейіл жылуынан шығады.
4. 
Сұхбат 
үшін 
таңдалған 
материал 
тәрбиеленушінің 
эмоционалдық кейіпіне сай болғаны жөн. Талқыланатын тақырып 
оқушыларға жете түсінімді болмай, олардан сөз жарыс, пікірталас 
белсенділігін күту не талап етуге болмайды. Шынайы тәжірибеге 
негізделген сұхбат қана өзінің болымды нәтижесін береді.
5. Сұхбат барысында барша көзқарастарды айқындап, салыстыра 
білу қажет. Ешкімнің де пікірін жоққа шығаруға болмайды – бұл 
әділдік шынайылылық, қатынас мәдениетінің ізгілікті белгілері.
6. 
Әдептілік 
сұхбатында 
дұрыс 
басшылық 
– 
мәні 

тәрбиеленушілерге өз ынта, әрекетімен дұрыс шешім қабылдауға 
жәрдем беру. Бұл үшін тәрбиеші болған оқиғаларға тәрбиеленуші 
тұрғысынан көз салып, оның ойы мен сезімін түсінуге тырысуы 
қажет.
Сұхбат өзінен өзі бола қалады деу – қате пікір. Жоғары 
маманданған педагогтар әдептілік сұхбаттарын не болса соны сылтау 
қылып, өткізе салмайды, оған тыңғылықты дайындық көреді, 
шәкірттерін 
де 
байыппен 
дайындайды. 
Мектепте 
әдептілік 
сұхбаттары жалқылау (индуктив) не жалпылау (дедуктив) жолымен 
жүргізіледі: нақты деректер талқыланады, баға беріледі, соңынан 
жалпы қорытынды жасалады немесе алғашқыда үлкен проблема 
қойылып, кейін ол дара бөлшектеніп, шешіледі.
Жазықты балалармен сұхбаттасу үлкен кәсіби шеберлікті қажет 
етеді. Мұндай әңгімелесу кезінде екі ортада психологиялық кедергі, 
түсініспестік болмауы тиіс. Егер оқушы болған жағдайды дұрыс 
түсінбейтіні байқалса, оның намысына тимей, кемшілік-қателігін 
бетіне баспай, әрекет-қылығының шалыс екенін ұғындырып бағу 
қажет, көпшілік кезінде бұл сұхбат қысқа да нұсқа, байсалды, әжуа- 
сықақсыз өткені дұрыс. Өз тәрбиешісінің шынайы көңілін, жәрдем 
пиғылын сезінсе ғана, ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түреді, 
жазатайым болған келеңсіз ісін енді қайталамауға уәде береді, 
қайтып ондай әрекетке бармайды да. Оқушымен жекелеп сұхбаттасу 


93
тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы кейіп түсінігімен өтсе, оның 
толық нәтижеге жеткені.
Үлгі-өнеге - өте әсерлі тәрбие әдісі. Бұл әдіс негізінде жатқан 
заңдылық: көрумен қабылданған санада тез әрі жеңіл бекиді, себебі 
оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың 
қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде 
әсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді 
белсенді қалыптастырып, іс-әрекетке қозғау салады. «Уағыз жолы 
ұзақ, үлгі жолы қысқа» - деген байырғы Рим ғұламасы Сенека. Бала 
өміріндегі тұңғыш жанды өрнек - ата-ана, тәрбиеші, дос-жаран. 
Әдебиет, фильм кейіпкерлері, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар да 
үлкен тәрбиелік ықпал жасайды. Үлгінің психологиялық негізі – 
еліктеушілік. Осыған орай бала әлеуметтік және инабаттық тәжірибе 
жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса ұнатқан 
адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына 
қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар 
аудару қажет.
Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола 
бермейді, балаға әсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар 
назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз 
қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару –міндетті 
шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тәрбиеленушіні 
жаман қылықтан сақтандыруға жәрдем беретінін де ескерген жөн.
Тәрбие тәрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-
әрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, 
іскерлігі мен абыройына тәуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның 
сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бәріне бірдей ақ 
пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тәрбиешінің беделіне, ол 
бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.
Сонымен, сана қалыптастыру әдістері тұлғаның ізгілену 
тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай әдістер түрі: әдептілік 
әңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, әдептілік сұхбаттары, үгіттеу, 
сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі тәрбие әдістерінің тиімділігі олардың 
қалай қолданылуына, педагог таңдаған гуманистік бағытқа тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет