Жоспар.
1. Өзін-өзі тану адамгершілікті өрбітеді.
2. Биік құндылықты таңдау жолы.
3. Өзін-өзі тану моделі.
131
1. Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-
өзі тәрбиелеу үрдісін қолдаушылар (Ш. Амонашвили, Унадзе, В.В.
Краевский, С.Назарбаева, Х.Г. Шерьязданова, З.Б. Мадалиева, т.б.)
олардың бойында төмендегі қасиеттер мен сапалардың пайда
болуына ықпал ететіндігін айқындайды:
- жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;
- интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы,
логикалық өріс-өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;
- ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;
- өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя
алушылық, көмек көрсетуге даярлық;
- болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне,
білігіне, адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму
сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға,
өздігінен білім алуға қажеттілігінің болуы;
- өз мамандығы бойынша студенттер өздерінен адамгершілікке
жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға
ұмтылуы; --студенттердің моральдық жігерлік сапасы;
- рухани-адамгершілік тәрбиені алу мақсатына талпыныс;
- өзін-өзі бағалау және сыни тұрғыдан өзін түзетуге талпынысы;
- өз-өзіне шынайы әділ баға беруге ұмтылысы;
- өз қылықтарын саралап ақылға жеңдіру нәтижесінде адами
қасиеттерді дамытуға ұмтылыс жасау.
Адамгершілік эмоциялық сапалар: нақтылық, өзге жанын
түсінуге ыңғайлылық, шыдымдылық, бірбеткейлік, қуатты, ізетті,
намысшылдық.
Әлемге деген көзқарастар сапасы: барлық дүниені сүйе білу,
патриотизм, ізгілік.
Тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, оның өзіндік “Менін”
анықтау мәселесі А.Комбс, М.Розенберг, С. Мецер, Ф. Куолтер, К.
Паркер, Т. Кейт, Р. Бернс, Харрис және т. б. ғалымдардың
еңбектерінде орын алған.
Өзін-өзі тану, біздің түсінігімізше, ең алдымен адамның жалпы
тануының бір ерекше түрі объектісі таным субъектісінің өзі болатын
танымдық іс-әрекет. Өзін-өзі танудың
мақсаты
– адамның өзі туралы
өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі –шынайы мағлұмат алуы. Бұл
жерде танымның объектісі мен субъектісі – бір ұғым, бір құбылыс,
өзін-өзі тануды танымдық іс-әрекет ретінде қарастыра келе, біз оның
тиімділігі көп жағдайда жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның
белсенділігінің
өзін-өзі
тану
үрдісіне
қаншалықты
132
бағытталғандығына тәуелділігін атап көрсеткіміз келеді. Бұдан өзге,
қандай да болмасын іс-әрекет секілді, өзін-өзі тануда да көптеген
танымдық іс-әрекет пен операциялар арқылы жүзеге асады. Олардың
ішіндегі ең негізгілері- сараптау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру
және бағалау операциялары. Өзін-өзі тану, сонымен қатар, сыртқы
ортаны тану арқылы да әсіресе, яғни, сезім, қабылдау, өзін-өзі
қадағалау, ойлау секілді үрдістерді тану арқылы да іске асады. Өзін-
өзі танудың негізгі бастаулары – іс-әрекет және қарым-қатынас. Өзін-
өзі тану үрдісінде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі туралы
бітімі қалыптасады, тұлғаның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасы
ашылып, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі сарапқа түседі,
сараланады.
Қарым-қатынас үрдісінде өзін өзге адамдармен салыстыру іске
асады, өзіне өзге адамдардың берер бағасы пайымдалады. Бірінші
кезекте әлеуметтік сынға жиірек түсетін және іс-әрекеттің
табыстылығын анықтайтын қабілеттер мен қасиеттер саласына
түседі.
Сонымен,
Достарыңызбен бөлісу: |