Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


“Өзін-өзі тану”- адамның өзінің іс-әрекет субъектісі



Pdf көрінісі
бет50/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

“Өзін-өзі тану”- адамның өзінің іс-әрекет субъектісі 
ретіндегі өз тұлғалық ерекшеліктерін біртіндеп түсіну үрдісі. Бұл 
үрдістің нәтижесі- “Мен” образының түрлі аспектілерінің 
қалыптасуы.
Тәжірибе көрсеткендей тұлғаға сырттан әсер ету арқылы 
тәрбиелеу үнемі жетістікке қол жеткізе бермейді. Өйткені ол кейде 
жағымды, кейде кереғар әсер етуі тіпті кей жағдайда тұлғаны 
ешқандай әсерсіз қалдыруы мүмкін. Ал, егер сырттан тәрбиелеу 
тұлғаға жоғары талап қою арқылы тұлғаның ішкі жан дүниесіне әсер 
етіп, оның ішкі өзгерісіне септігін тигізсе ғана, өз тағдыры үшін 
ойланып, әрекет ете бастаса ғана ол нағыз тәрбие заңдылығы болып 
табылмақ. Мұндай жұмыс дамытушылық, қалыптастырушылық 
ықпал жасайды. 
Тәрбие үрдісінде тұлғаға жоғары талап қоюшылықпен бірге 
педагогтың тәрбиелік ықпалында өзара құрмет, сенім, мейірімділік 
және ізгіліктік көзқарас, педагог пен тәрбиеленуші тұлғаның қарым-
қатынастар сипаты тұлға бойында белгілі бір ішкі толғаныстарды 
есепке алу және оның іскерлігі мен дамуына тікелей әсер етуді 
біртұтас 
жүйе 
ретінде 
қарастыру 
мәселесі 
В.А.Петровский, 
И.Ф.Исаев, М.И.Ситникова, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Ю.М.Орлов 
еңбектерінде орын алған. 
Дегенмен, бүгінгі тәрбие үрдісінде тұлғаны ізгілікке тәрбиелеу 
жолдары қарастырылғанмен, оған өз бетімен бағыт алу, өзін-өзі 


133
адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке, өзін-өзі тану, өзін-өзі 
тәрбиелеу мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері, ұйымдастыру 
бағыттарын әлі де болса талдап, нақтылау қажеттілігі туындап отыр. 
Өзін-өзі тәрбиелеу – қалыптасқан идеалдар мен сенімдерге 
мойындалып қойылған мақсаттарға сәйкес жекелік өзгеріске 
бағытталған адам әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның даму кезеңін, 
санасын анықтайды, өз қылықтары мен өзгелердің қылықтарын 
салыстыра отырып қорытынды шығара алатындығын болжайды. 
Адамның 
өзінің 
әлеуеттік 
мүмкіндігіне 
қатынасы, 
өзінің 
кемшіліктерін көре білуі адамның есейгендігін көрсетеді және өзін-
өзі тәрбиелеу орталығының дәнекері болады. 
Қазіргі қоғамдағы белсенді өмір сүрудегі жеке тұлғаның 
тәрбиесін ең алдымен әрбір тұлғаның өз-өзіне деген үлкен талап қоя 
білуі өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, сонымен қатар бойындағы 
ізгі қасиеттерді дамытудағы саналы іс-әрекетін Л.И. Рубинский, 
А.И.Кочетков, А.К.Громцева, М.А.Донцев, М.Ш.Сагаутдинова т.б. 
ғалымдардың зерттеулерінен көруге болады. Өзін-өзі тәрбиелеу 
мәселесін әр түрлі қырынан қарастыра отырып Л.И. Рубинский өзін-
өзі тәрбиелеуді “адамның өзін-өзі өзгерту мақсатындағы іс-әрекеті” 
деп көрсетеді. А.И. Кочетков өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тек жеке 
бастың 
қызығушылығынан 
емес, 
қоғамдық
талаптардан 
да 
туындайды деп таниды.
Зерттеу өзін-өзі тәрбиелеудің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұмтылдыру, 
өзін-өзі өзектілеу әдістері арқылы жүзеге асырылды. 
Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу 
жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып 
қарауға болмайды. Өзін-өзі тану ұғымына психологиялық тұрғыда 
“Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады, 
оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік 
секілді, қадағалаудан құралады”- деп келесі тұрғыда түсініктеме 
беріледі.
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет