Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебі (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары Эволюцияның қозғаушы күштері: тіршілік үшін күрес, тұқымқуалайтын өзгергіштік, табиғи сұрыптау. (сабақтың тақырыбы)
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Эволюциялық даму
Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кенесова Назерке Аскербекқызы
Күні: Сынып: 9 “A” Қатысқандар: 11 Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
Эволюцияның қозғаушы күштері: тіршілік үшін күрес, тұқымқуалайтын өзгергіштік, табиғи сұрыптау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
9.2.5.3 эволюцияның қозғаушы күштерін сипаттау;
Сабақтың мақсаты
Эволюция қозғаушы күштерінің маңыздылығын білу.
Эволюциялық үдерістегі мутациялық және комбинтивтік өзгергіштіктің қызметін сипаттау
Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің ерекшеліктерін анықтау.