Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ



бет2/49
Дата26.01.2023
өлшемі303,15 Kb.
#166532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................

98










АЛҒЫ СӨЗ

Бұл диктант мәтіндері жинағында жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне, сонымен қатар қазақ тілін үйренушілерге арналған түрі тәрбиелі, мағыналы, мазмұнды мәтіндер іріктеліп жинақталған. Жинақта диктант жаздырудың әдістемесі, талаптары, оқушыларға арналған ережелер берілген. Диктант мәтіндерінің мөлшері, бағалау нормалары көрсетілген. Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілін оқыту бағдарламасы басшылыққа алына отырып, 5-11 сыныптарға арналған диктант жазуға арналған мәтіндер оқушылардың тілді меңгеруіне байланысты берілген.


Заман талабына сай диктант жазудың да ережесі мен түрлері түрленіп отырады. Дәстүрлі диктанттар бақылау түрінде тоқсан барысында тақырыптық және қорытынды бақылау диктанты болып жаздырылатын болса, қазіргі өлшемдегі диктанттар түрліше болып жаздырылуда.Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту – тіл дамыту жұмысының басты мақсаты болып отыр.Соңғы кезде қазақтілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың бірнеше түрі қолданыста жүр. Оқушының алған білімін өмірде қолдана білуді негізге ала отырып жеке тұлғаны дамыту мақсатында сандық диктанты, жүгіру диктанты, сөздік диктанты, көру диктанты, терме диктанты, жатқа жазу диктанты, ескерту диктанты, өздік диктанты, ерікті диктанты, түсіндірме сүйеніп отыру диктанты, диктанты, графикалық диктанты, бақылау диктанты, жүгіру диктанты, шығармашылық диктанты, ысқыру диктанты, модельдеу диктанты, т.б. түрлерін жаздыру тиімді болып отыр. Сондықтан да жинақта әрбір диктант түріне қысқаша болса да түсінік беріп кетуді жөн санадық, сонымен қатар мұғалімдердің көп ізденері, көп қолданатыны бақылау диктанты болғандықтан басымдылықты осы диктантқа аудара отырып бірнеше мәтіндерді жинақта ұсынып отырмыз.
Бұл жинақта дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы туралы да айтылады. Дәстүрлі диктантта жазылым негізге алынса, қазіргі диктанттарда тыңдалым дағдысына баса назар аударылған.Диктанттың өмірге қажеттілігі мен ұтымдылығы да өте маңызды. Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды,тез ойлап, тез шешім қабылдауға үйретеді. Оқушы лайықты нәрсені таңдауға және тыңдауға үйренеді.
Қорыта айтқанда, диктант өз алдына басы бірікпейтін нәрсе сияқты көрінеді. Бір жүйеге түсірсек, оқыту да, тіл дамыту да, әдебиет пен қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылық та арта түспесе кемімейді. Ұрпақ тілі – біздің болашағымыз екенін ұмытпайық!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет