6.Өздік диктанты-өтілген материалдарды еске түсіру.
7.Сөздік диктанты – жаңа сөздер бойынша үзбей өткізілетін диктант.
8.Терме диктант- белгілі бір ереже бойынша жүргізіледі. Мұғалім оқып тұрған мәтіннен әр оқушы өздеріне берілген тапсырмаларға (ережелерге) сәкйес сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдерді теріп жазады.
9.Бақылау диктанты-өтілген материалдарды қандай дәрежеде игергендігін анықтау үшін жазылады.
10.Түсіндірме диктанты-мұғалімнің оқығанын бір оқушы тақтаға, қалғандары дәптерлеріне жазады. Бұл оқушылардың ереженіесте сақтау үшін қажет.
11.Еркін диктант-оқылған мәтіндердің мазмұнын өз сөздерімен жаздыру.
12.Есте сақтау диктанты-мәтінде түгел оқып ьолған соң оқушылар дәптерлеріне есте қалған сөздерін жазады.
13.Түйінді сөздер диктанты-мәтінді мұғалім оқып түйнді сөздерді оқушылар тауып, тапқан сөздеріне сөйлемдер құрастырып мәтін жазады.
14.Қатты суық диктанты (көп нүктенің орнын толтыру диктанты) – мәтінді оқып келе жатып жөтелесің, жөтелген уақытта сөз қоясың. Мыс: Орындық ... үстінде тұр.
15.Үнсіз диктанты (мимикамен көрсету) – көрсеткенді оқушылар дәптерлеріне мәтін етіп жазады.
16.Жүгіру диктанты- тақтада жазылған сөйлемдерді жүгіріп жүріп өзінің тобына сөйлемді есте сақтап дәптерлеріне жазғызу.
17.Аударма диктанты-мұғалім сөздерді орысша оқиды, ал оқушылар бұл сөздерді іштей қазақшаға аударып дәптерлеріне жазады.