17 лекция. Ұжым – тәрбие құралы
Жоспары:
1.Ұжым – тәрбие құралы.
2. Ұжымның даму кезеңдері, сабақтастығы.
3.Оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003
4.Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000
5.Педагогика Т.Б.Бегалиев Тараз, ТарМу,2002
Ұжым – тәрбие құралы. Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт боып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Осы ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыр, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық принциптерінің негізінде құру.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Бала және балалар ұжымы біртұтастықты көрсетеді. Себебі бала ұжым мүшесі. Ұжым тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышанын тек ұжымда дамытуға мүмкіндік бар. “Ұжым- ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбінесе бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады”. Бұл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Оқушылар сабақта, үйірмеде ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады Бір бала бірнеше ұжының мүшесі болуы мүмкін. Ол- жанұяда, сабақта, үйірмеде, аулада т.б.
Балалар ұжымы туралы еңбек жазған ғалымдар А.В. Луначарский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шатский, В.А. Сухамлинкий т.б. Мысалы, А.В. Луначарский адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым десе, Н.К. Крупская жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда өтеді деген. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым- қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатындай етіп, тәрбиелеудің қажет екенін ескерткен. Бұл ой бүгінгі күніде өз құндылығын жойған жоқ. Н.К. Крупская мектептегі қоғамдық ұйымдарға болмасада, бұл күннің ұйымдары бар: “Балдырған”, “Жас ұлан”, “Ұлан”. Сондықтан, Н.К. Крупская еңбектері, әсіресе ұйым, ұжым туралы ойлар өз құндылығын жойған жоқ. А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді теориясын жасады. А.С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесі мен , қоғам мүддесімен өмір сүре білу керек. Әрине бұл қағида бүгін ескіргендей болып көрінеді. Бүгінгі талап алдымен өзіңді жарылқа, содан соң қоғамға үлесіңді қос дейміз. Бір жағынан бұлда дұрыс шығар. Бірақ “адамның күні адаммен”, деген қағиданы ұстағанымыз жөн. Ерте ме, кеш пе әйтеуір қоғам мүддесін ұмытпайтын уақытта келер. Сонда А.С. Макаренконың айтқан қағидаларының дұрыстығына қайта соғармыз.
А.С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кеибір сапасын, белгілерін көрсетті :
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты, объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдардың табиғи байланысты бір бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі бақару орындары, өкілдері, ұйымдастырушлары болады.
Қазіргі кезеңде А.С. Макаренко идеясын дамытуда И.П. Ивановтың Каммунар әдісі игі әсер етуде. В.А. Сухомлинский не балар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде “Ұжымның құдіретті күші” (1965ж), “Павлыш орта мектебі” (1969ж) т.б. баяедалды. В.А. сухамлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалармен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым- қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі.
Балалар ұжымының негізгі тәрбиелік функциясы- оқушылардың қоғамдық жүйенің қатынасына араластыру, тәжірибе жинақтау. Бұл бірінші функцияға жатады. Қоғамдық жүие, қоғамдық қатынас мектептен басталады. Оқушы өзара ұжымдық қатыаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені өзінікіндей қабылдап өмірде қолданады.
Балалар ұжымының екінші тәрбиелік функциясы (қызметі) – балалар қызметінің негізгі ұйымдастырушы түрі. Оқудағы, еңбектегі, қоғамдық, ойын қызметтері арқылы бала өседі, дамиды, білімге, еңбекке, қоғамдық қарым-қатынасқа, ойын арқылы қарым-қатынасы қалыптасып, машықтанады. Ұйымдасудан ұжым шығады. Ұйымдасуда қызметтес- тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне көмек, бақылау, өзін-өзі бақылау, бір-біріне талап қою т.б. міндетті түрдегі болашақ ұжымның қаңқасын құрайтын ереже заңдары пайда болады. Осы ереже заңға сүйене отырып, ұжым құрылады. Бұл ереже заңды орындалып әр ұжым мүшесіне міндет. Қазақтың мақалындай “Басында қатты болса, аяғында тәтті болады” , дегендей. Осындай қарым-қатынастың нәтижесінде балалардың өзара тату тәтті өмір сүруіне, сыйластыққа, достықта болуына мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда әр оқушы ұйымдастырушы, орындаушы.
Балалар ұжымының үшінші тәрбиелік функциясы – түрлі қарым-қатыныс арқылы оқушының өнегелілігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауы қалыптасады. Осындай көзқарас оқушының материалдық, рухани байлығын қалыптастыра отырып, оның өмірге құштарлығын амытады, жамандықтан арылтады.
Балалар ұжымының төртінші тәрбиелік функциясы – кейбір нашар мінезді, қылықты, қоғамға жат істерді жеке мүдде мен жеке мүдде таразының екі басына түседі. Әрине, қазір жеке мүдде таразының басын басып кетуі мүмкін. Бірақ, қара бастың қамын ойламай, қалың көптің қамын ойлаған жөн шығар.
А. С. Макаренко оқушылар ұжымының дамуын үш кезеңге бөлген: а)Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан ұстаз сынып өмірін ұйымдастыру үшін, жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс- әрекеттің процецінде орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде ұжым іс- әрекетінде белсенді , ынталы, инициативалы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өмірінде мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен ұтаздардың жұмысты бірлсіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы дамуытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.Мектептегі оқушылар ұжымы –бұл іс-әрекетімен бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Ұжым – тәрбиенің құралы.
Мұғалімнің міндеті болашақ іс-әрекет жүйесін құру, осы іс-әрекет барымында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.
Ұжымның жасампаз істері – қазіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының ішінде ең өзектілерінің бірі. Мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр көктемі, тақырыптық кештер т.б. мектепте үйреншікті құбылыстарға айналды. Осындай іс-әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп аға ұрпақ өкілдерінің бірлескен қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік ұжымдық жасампаз істер жүйесін оқушылармен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың шарты болып отыр. Мектеп кештерінде, арнайы ұйымдастырылған кездесулерде, мұражай және көрмелерге баруда аға ұрпақ өкілдерімен тікелей қатынасып, оқушылардың танымдық мүддесін қанағаттандырады және тереңдетеді, ой-өрісін кеңейтеді.
Оқушылар ұжымын қалыптастырудың пәрменді құралы олардың өзін-өзі қызмет істеу шамасына сай қатынасуы болады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс кетпеуін қадағалау керек.
Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылады.
Іс-әрекеті – бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Сондықтан педагогиеалық ұжымның міндеті – жеке адам қарым-қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл-күйін жеңілмейтін тілекті сезуі тиіс.
Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты жүйесін және кіші таптың ролін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жлдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтастық достықты тілейді. Осыған байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда болады.
Кіші топтардың құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін. Кіші топтардың маңызды ерекшеліктері өзара қатынасының тартымдылығы. Егер мұндай ерекшелік болмаса топты сақтау мүмкін емес. Әрбір оқушы бір сыныптың оқушыларымен немесе құрдастарымен ынтымақты қатынас жасау үшін олардың арасында өзара ұнатушылық, бір-біріне сүйіспеншілік болуы қажет. Оқушылардың түрлі тақырыптарға өзара әңгімелесуі, достық кездесуі, ақпарат алмасуы, әрбір баланы қызықтырады, ынталандырады. Бұл балалардың әлеуметтік тәжірибесін молайтады.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Ддербес қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара тәуелділік талап етіледі.
Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде мынадай жағдайларды еске алған жөн:
-ұжым мүшелері тең құқықты болады;
-басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан оқушыларға қысым жасалмайды;
-жауапкершілік және өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әртүрлі бейімдеушілікке жол бермейді.
Осындай жағымсыз жайларды болдырмау үшін әрбір ұжым мүшесінің әлсіз және әлді жақтарын еске алып, оның жағымды позициясын қамтамасыз ету керек. Ең бастысы – адамгершілік, мораль және демократия принциптері негізінде ұжым өмірінің нормаларын нығайту.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Гуманистік қатынастың негізгі белгілері:
-сергектік стиль – ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне илтипатты болу, өзара жәрдем беру;
-балалар арасында бақталастық, өзқамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы тиіс;
-басқа ұжымдарға жодастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру.
Мұндай гуманистік қатынас тек қана іс қатынасының көзі емес, ол ұжымда балалардың жеке байланыстары дамуының құралы болады. Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, сондай-ақ гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
18 лекция. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы және өзара байланысы
Жоспары:
1.Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері.
2.Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері.
3.Балалар ұжымының жағдайы зерделеу әдістемесі.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. Жеке тұлға және ұжым проблемаларымен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналасуда. Бұл аталған проблеманың педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқшан шығып еткені дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П.Блонсий ,Л.С.Вготский, Н.К.Крупсая ,П.Н.Лепешинский , В.И. Сорока – Росинский, С.Т.Шатский және т.б өз үлестерін қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізгі А.С.Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым- басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі: қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру ; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату ; өзін өзі басқару органдарының болуы.
Мектептің балалар ұжымы алғашқы ұйымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне , қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жопарларын күрделендіріп , мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжым аралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделенудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының құлықтық дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов , А.Г. Кирпичник өз жұмыстарындабалалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.
Оқушы ұжымы деп мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы баріс-әрекет негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы деп түсіндіріледі . Мұндай іс-әрекет оқушылар үшін ең алдымен оқу іс-ірекеті болып табылады. Сондай-ақ, сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттердің алуан түрлілігінің де маңызы бар.
Ұжымды қалыптастыру барысында оларға қойылатын талаптардан бөлек оның жеке кезеңдерін (А.С. Макаренко бойынша “сатыларын”) бөліп көрсетуге болады. Әрине осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ , тсолай бола тұрсада ұжымды дамытудың негізгі үш кезеңінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмек теседі.
Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастыруымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепте немесе сынпқа қайтадан келген балалар жинақталған “құрамы сынып ” оқушылар ұжымының басты ерекшеліктері . Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан оқушылар ұжымымен жұмыс істейді., бірақ сынып тәртібі нашар , көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Бұл кезеңде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әр түрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім ) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделеріде ескерілуі керек.
Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелеріде қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделеріне ғана емес, ұжым қажеттілерін ескере отырып береді.
Әрбір оқушы бұл кезеңде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетуегі әрбір оқушының ролі мен қосатын үлесін де білуі керек.
Оқушы ұжымының дамуының үшінші кезеңінде тек мұғаліммен белсенділердің мүшелеріне ғана талаптар қойылиайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзін басқаруының жоғарғы деңгейде болуы мен , балалардың ұжым жұмыстарымен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.
Ұжым барлық даму сатыларында мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілікпен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады?
Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгеигекөтерілуі көп жағдайларға мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты.Сонымен қатар сынып
жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын,орта және алыс А.С.Макаренко деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен жұмыстар жүргізуі қажет.Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымен байланысты екендігін терең түсіндірулері тиіс.
Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір қасиет сапалары қажет.Кәсіби маңызы бар қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А.Сатынская,В.А.Сластинин,Г.Сманова,К.Успанов және т.б.) көңіл бөлді.Біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып(Хмель Н.Д.),педагогикалық працетің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады.Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі «педагогтар-оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпаластықтың деңгейіне байланысты. «Оқушы» жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушымен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. «Оқушылар» жүйесінде қа рым-қатынас «педагогтар-оқушылар» жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жааудың негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына (Н.К. Крупская, Т.Е. Канникова , А.С. Макаренко, Л.И. Новиков , В.А. Сухомлинсккий) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктері меңгерулері қажет.
мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбие механиздерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теория риялық білім.
Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.
Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайымен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диогностиканы негіздей алу , ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.
Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құрамдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу .
Әрбір оқушыны қызығушылығы мен қабілетінің сәйкес жалп мақсатқа жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс- әрекеттерін ұймдастыра алу.
Алғашқы ұжымды қалптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзін басқруды үйлестір алу.
Мектепте жән е мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының ролін түсіну.
Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі. Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында «Оқушылармен ынтымақтастықта бола алу қабілеті» критерийі – қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінің ең жоғарғы деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың мүмкіндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін үйлестірудің негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева).
Педагогтардың балалао ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділк ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған жауапкершілік, белсенділік ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.
Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлғы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығының айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы, белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.
Қоғамдық тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапына берілуі тиіс.
Тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері танданғандары орынды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдында есеп берілуі қажет.
Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп шығуы тиіс: ұжым, белсенді алда мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындаған жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып, олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.
Жинақталған және талданған материалдарын сынып жетекшісі «балалар ұжымының қалыптасу жағдайының графигі» түрінде беруіне болады. Бұл графикті талдау қажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушылар мен ата-аналар арасында талқылануы тиіс.
Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және оқушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып жетекшісі осы ұжымның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.
лекция. Сыныптағы тәрбие жүйесін құру. Сынып жетекшісінің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі
Достарыңызбен бөлісу: |