23 лекция. Тұтас педагогикалық процестегі оқыту
Жоспары:
1.Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметі, заңдылықтары, ұстанымдары және кезеңдері.
2.Оқытудың әдіснамалық негізі.
3.Оқытудың психологиялық негізі.
4.Дидактика – оқытудың және білім берудің теориясы.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Проблемы современной дидактики М.Н.СкаткинМ., 1984
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Проблемы современной дидактики М.Н.СкаткинМ., 1984
4.Выбор методов обучения и средней школе Под. Ред. Ю.К.Бабанского М., 1981
5.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттер, заңдылықтары, ұстанымдары және кезеңдері. Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту – қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары;
-білім беру – бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
-тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педагогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әрекеттің үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі – оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыру (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы – бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні зор.
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалық іс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креактивтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту процесі – түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феноменнің мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктері – заңдарды құрайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
1.Оқушының білімге ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ықыласын қажет етеді.
2.Оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу заңдылығы. Бұл заңдылық мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.
3.Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қузығушылықтары мен мінез-құлықтарын ескеру және оқу – тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.
4.Оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының мүмкіндіктеріне сәйкестігі. ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен қолдануы керек.
5.Оқытушы мен оқушының іс-әрекетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Сондықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тіршілк жағдайларымен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.
Оқытудың ұстанымдары оқыту процесінің заңдылықтарынан дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мектептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады.
Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық процестің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуы мен тікелей байланысты болғандықтан оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.
Бихевиризм және прагматизм – оқып білу тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайды, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың рөлін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл-ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын ұғынуға болады деген заңдылықтардан шығады.
Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударуға тұратыны: Д.Бруннер (АҚШ) жасаған «жаңалық ашу арқылы оқыту» тұжырымдамасы. Д.Бруннердің тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін талап ететін және саналы ойлауға қабілетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс. Шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Бруннердің пікірі бойынша, белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті қорытындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.
Ұстанымы тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетінің негізінде жатқан қазіргі таңдағы дидактиканы төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:
1.Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары құрайды.
2.Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі таңдығы дидактикалық жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді беруді, не қиыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардың өзбеттерінше жеке жаңалық аша оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың жеке пікірлері мен тәуелсідігі, белсенділіктерінің, педаггикалық басқарымның саналы үйлесімділігінде.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады.
Ғылым объективті жаңаны, ал оқушы – субъективті жаңаны таниды, бірақ қандайда бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек қана ғылым жинақтаған ғылыми түсінктерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді.
Ғалымның танымын эксперемент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінің көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ғалым мен оқушы танымының арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан, бұл процестер негізін ұқсас яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.
Оқыту процесін танымның арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде қарама-қайшылықтарында түсіндіру керек. Осыған баланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шындық жолында тұрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкенді кішілі серпілістердің, құлдыраудың, күтпеген ойлардың туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индукция да, мәндісі де болады.
Негізгі қайшылықтар оқыту прцесінің қозғалыш күші, себебі таным процесі, ол да сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларының деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсінеді.
Қазіргі таңдағы дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу – оқытудың іс-әрекетін құрайды, ал олардың дидактикалық, қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Қазіргі таңдағы дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған тұжырымдаманы (Л.В.Занков, З.И.Калмыкова, Е.Н.Кабанова-Миллер) және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдаманы (Г.А.Нукерман, В.В.Давидов, Д.В.Эльконин, С.А.Смирнов) ерекше атауға болады.
Л.ВҮЗанковтың тұжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара байланыстағы ұстанымдар құрайды:
-қиыншылықтың жоғарғы деңгейінде оқыту;
-бағдарламалық маптериалды оқытудың жоғарғы қарқындылығы;
-бастапқы теориялық білімнің маңызды рөлі;
-оқушыларың оқу процесін ұғынуы;
-барлық оқушыларды дамыту мақсатына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу.
З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамытуы болып есептеледі. Мұндай ойдың негізгі көрсеткіштері:
-ойдың жеке даралығы, әдеттегіден тыс жауапты таба білуі;
-ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы және дамуы;
-мәселенің ұғымдылығы, оның әдеттен тыс шешімі:
-ойдың жүйріктігі – кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігінде пайда болатын ассоциациялық идеялардың саны.
З.И.Калмыкованың дәлелдеуі бойынша, дамудағы оқыту төмендегі дидактикалық ұстанымдарға бағдарланғанда жүзеге асуы мүмкін:
а)оқытудың мәселелігі;
ә)оқытудың жекелігі мен даралығы;
б)ойлаудың түрлі компоненттерінің (нақтылық және абстрактылы және теориялық) үйлесімде дамуы;
в)ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру;
г)есте сақтау әрекеттерін арнайы ұйымдастыру.
Оқу жұмысының тәсілдеріне салыстырады, қорытындылауды, ұғымның мәнді және байланысын ашуды бақылауды, зерттеліп отырған құбылыстың сипаттамасын құрастыруды, ұғымның мәні және мәнсіз белгілерін ажыратуды кіргізеді.
Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасындағы шарттары ретінде төмендегілер белгіленеді:
1.Оқытудың барлық қатары оқушыларда түрлі деңгейлерде тоықтырылған оқу жұмысының тәсілдерін қалыптастыру идеясына сәйкестендірілуі керек;
2.Әрбір оқу пәнінде оқу жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы және оларды оқушыларда қалыптастрыу маңзды;
3.Оқушылар жағынан өздерінің оқу әрекеттерін басқару тәсілдерін қалыптастыру қажет.
Оқу әрекеттерін ұйымдастыруға бағдар ретінде оқушылардың жеке қасиеттерін дамыту тұжырымдамасы кең таралған.
Г.А.Нукерман тұжырымдамасына сйкес, оқытудағы маңызды міндеттердің бірі – оқушыларды оқу бірлестігі дағдларына оқыту. Оқу процесі мұғалім мен баланың бірлестігінің негізінде жасалады. Ол оқу бірлестігіндегі үш басты сипаттамаларды ажыратады:
-өзара әсердің симиетриясыздығы (бала үлкен адамды қабылдайды, ол өзіне қажетті білімді іздестіреді, ал мұғалім баланың ізденісін реттеп, тиімдендіреді);
-баланың танымдық инициативасы;
-жаңа білімге нақты сұраныс жасау.
Берілген шығармашылықтың әдістемесін бейнелейтін, С.А.Смирновтың тұжырымдамасында, педагогикалық процестің негізгі мақсаты ретінде, әлеуметтік тәжірибенің қарқынды жинақталуымен және баланы ішкі психологиялық тыныштық пен өз-өзіне деген сенімді қалыптастыру үйлесімдегі қабілетін мүмкіндігінше дамытудың шарттарын жасау-жағдайлары қарастырылады:
-оқушының мұғаліммен және бір-бірімен өзара әрекеттерін ұйымдастыру;
-сабақтарда жеке ойындарды және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың ойын формаларын кейіннен пайдалану;
-оқушыларды шығармашылық әрекеттерге араластыру.
Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы. Дидактика (грек тілінен ауд. Didaktikas – зерттеу бойынша, didasko – зерттеуші) – балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігін құрайды.
Оқыту процесі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын артып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен де терминделеді.
Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын тәуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формаларымен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады:
1.Теориялық (диагностикалық және прогностикалық);
2.Практикалық (нормативтік, құрал ретінде).
Дидактиканың алдында шешімі ең алдымен, онымен тығыз байланысты басқа ғылымдардың (философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этнология, педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты әдістеме және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды қажет ететін жаңа мәселелер туындап отырады.
Дидактика философиялық жалпы ғылыми және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады:
-философиялық категория: «мән мен құбылыс», «байланыс», «жалпы және жалқы», «болмыс», «сана», «тәжірибе» және т.б.
-педагогиканың жалпы ұғымдары: «педагогика», «тәрбие», «педагогикалық іс-әрекет», «педагогикалық ақиқат» және т.б.
-дидактиканың жеке ұғымдары: «оқыту мен оқу», «оқу пәні», «оқу материалы», «оқу жағдайы», «оқыту құралы», «оқыту тәсілі», «мұғалім», «оқушы», «сабақ» және т.б.
-пән аралық ғылымдардың ұғымдары: психологиялық («қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдың дамуы», «есте сақтау», «іскерлік», «дағды»), кибернетика («кері байланыс», «динамикалық жүйе» және т.б.):
-жалпы ғылыми ұғымдар: «жүйе», «құрылым», «қызмет», «элемент», «тиімділік», «жағдай», «ұйым», «формалау» және т.б.
Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы «дидактика» терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфганг Реткенд (Ратхия) (1571-1635) шығармасында оқыту өнері мағынасында қолданылған.
Педагогика ғылымында оқытудың тәрбиелік және адам дамуының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті. Маңызды дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар қатарына жататындар: танымдық тұжырымдамаларды дамыту тұжырымдамасы (Г.И.Щукина т.б.), дамыта оқу тұжырымдамасы (Л.В.Занков, т.б.), проблемалық оқыту тұжырымдамасы (М.И.Махмутов т.б.), ақыл-ой әрекетін кезеңді қалыптастыру теориясы (В.В.Давидов т.б.), оқу процесін тиімдендіру теориясы (Ю.К.Бабанский т.б.), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы (Т.И.Шамова т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И.Махмутов, В.Л.Онищук т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (М.А.Зорина, М.С.Журавлев т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д.Хмель т.б.), оқытудың тұжырымдық тәсілі теориясы (В.Дьяченко т.б.).
24 лекция. Оқыту заңдылықтары мен принциптері
Жоспары:
1.Оқыту заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік.
2.Оқытудың негізгі заңдалықтарына шолу.
3.Оқыту принциптері мен ережелері.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Оқыту заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік. Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерінқамтиды.
Принцип (латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер – оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Оқытудың негізгі заңдалықтарына шолу.
1.Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму даңгейіне тәуелді.
2.Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
3.Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
4.Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.
5.Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекеттерін ұйымдастыру.
6.Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
- Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.
- Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.
- Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
- Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
- Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педагогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.
Оқыту принциптері мен ережелері. Принцип (латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида.
Дидактика тарихында зерттеушіліекр оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салады.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескеріп (табиғатқа сәйкестік, партиалылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптеренің санын қарастыруды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи прин.циптер оқу пройесінің барлық құрамдас бөліктеріне (лолгикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез-келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтары пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:
-ғылымилық,
-саналылық пен белсенділік,
-көрнекілік,
-жүйелілік пен бірізділік,
-беріктілік,
-тиімділік,
-теория мен тәжірибенің байланысталағы.
Педагогикалық ереже – жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтіңғ бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайды қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады.
Әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алуы шарт.
25-26 лекция. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны
. Жоспары:
1.Білім беру мазмұнына түсінік беру.
2.Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
3.Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003
2.Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000
3.Педагогика Т.Б.Бегалиев Тараз, ТарМу,2002
4.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
5Педагогика Т.Б.Бегалиев Тараз, ТарМу,2002
Білім беру мазмұны туралы түсінік. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізі теориялары ХVІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында қалыптасты. Олар материалдық және формалдық деген атқа ие болды. Біріншісі – дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп аталған. Ол бағыттағы ұстанымдарда білім берудің негізгі мақсаты, оқушыларды ғылымның әртүрлі саласымен қайткенде де мол үлкен көлемді білім беру. ХVІІ ғасырдың чех педагогі Я.А.Коменский «Дидактика» деген еңбегінде білім мазмұнын қарады.
Дидактикалық формализмнің теориялық негізі бір і-әрекет аймағынан келісіне алынған білім мен дағдының ауысуы туралы ережені құрайды. Оны жақтайтындар ерте кезден белгілі, оған Героклит оның айтуынша «Көп білім, ақылды етпейді» - деген. Цицерон да оны жақтаған. Қазіргі кезде дидактикалық немқұрайдылық теориясының қағыдалар негізі – И.Кант, Песталоцци философиясы. Білім беру мазмұнын қарастырған кезде оқушылардың таным әрекеттінің қызығушылығының қабілетіне, көңіл қоюы, есі, ойлау қабілетін ескеру қажет. Бұл теорияның кемшілігі оқу бағдарламасында пәннің тіліне көңіл бөлу.
Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді. Ол жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың ғылыми негізі. Жеке тұлға дамуы оқытумен тығыз байланысты болғандықтан білім беру мазмұнын анықтау қажет.
Білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы жетілген, әдіс-тсілдерді меңгерген, өз пікірін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны айтамыз.
Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында, жеке тұлғаны дамыту бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.С.Леднев, Б.М.Бим-Бада, А.В.Петровский т.б. еңбектерінде баяндалған.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім беру мазмұнының теориялық тұрғыда білім іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық іс-әрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынды. Бірқатар елдің педагогтары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға жалпы адамзаттық тәрбие беруді негізге ала отырып, оқу мазмұнына табиғи құбылыстардың және қоғамдық өмірдегі өзара байланысты түсіндіруде оқу пәндерін біріктіруді негізге алып отыр.
Білім беру мазмұның жүзеге асыру үшін аға ұрпақтың мол тәжірибесі кейінгі жастарға меңгерту, әлеуметтік мәдениетінің мазмұның одан әрі дамыту.
1)ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мазмұнының негізгі теориялары, заңдары, ұғымдары, тұтас түсіндіру;
2)білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнділігінің өлшемін көрсету;
3)оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқу мүмкіндігіне сай білім мазмұнының күрделілік қарау;
4)әрбір пәнді оқытуға берілген мерзіміне қарай білім мазмұнының көлеміне қайтадан қарау;
5)орта білім беру мазмұнында дүниежүзілік тәжірибені ескеру;
6)мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасына қарай білім мазмұнының сәйкестілік өлшемін ескеру;
Білім беру мазмұны жайында сөз айтсақ оның мақсаты қоғамның қажеттілігімен жеке тұлғаның қызығушылығымен байланысты болуы тиіс. Қазіргі кезде білім мазмұнының мақсаты жеке тұлға қоғамға қажетті әлеуметтік құндылықты іс-әрекет арқылы меңгеруге тиісті жағдайда қажетті.
Сонымен қатар білім беру мазмұнының толық бейнесі мына жағдайда ғана көруге болады, егер жеке тұлға саналы өзгеріс болатын болса. Жеке тұлғаның динамикас деп – субъектінің санасы мен қасиетіндегі өзгерісін атайды ол адамның онтогенетикалық дамуын құрайды. Ол әрекет нәтижесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің жетекші идеясы түрінде сөз болып отырған; ілім жеке тұлғаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің басқа да (ойын, еңбек, қоғамдық) түрлерімен сабақтас келеді. Осыдан жеке тұлғаның іс-әрекеті білім беру мазмұнының детерминанты (негізі)болып шығады. Сондай-ақ оны В.С.Ледневтің теориясын негізге ала отырып, оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің мазмұнын көңіл аудару. Педагогика теориясы жалпы білім беру мазмұнының қалыптастыру ұстанымы ретінде В.В.Краевскийдің еңбегі зор. Алдымен, тұлғаны мәдениетті, интеллектуалды, қоғамды дамыту, білім беру мазмұнының ұстанымдарының барлық элементтеріне барлық деңгейде талапқа сай құрастырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |