30-тақырып Сабақтың құрылымы және типологиясы
Жоспары:
1.Аралас және біріккен сабақтар.
2.Жаңа материалды хабарлау сабағы.
3.Өткен материалды қорытындылау, қайталау сабақтары.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2. Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003
3.Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000
4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Аралас және біріккен сабақтар. Қазіргі кездегі сабқты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі – оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан,оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ клссификациясы (жіктелуі)-сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы жіне соған орай оқытудың мазмұны,әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп,жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иваноов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды.Ал,Даниилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.
И.Н.Казанцев бойынша:
Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
Кіріспе сабақ- бағдарламаның күрделі тауарлары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
Жаңа білімді меңгеру сабағы- жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы- өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы- оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ- оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
Қайталау-қорыту сабағы- өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
Тексеру сабағы- оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
Білім сапасын бағалау сабағы- оқушылардың алған білімінбағалау сабақтары.
Қорытынды сабақ- оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
С.В.Иванов бойынша:
Кіріспе сабақтары.
Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.
Дағдылану сабағы.
Қайталау,пысықтау және қорыту сабақтары
Бақылау сабағы.
Б.П.Есипов бойынша:
Аралас сабақтар.
Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
Пысықтау сабағы.
Қайталап жинақтау,қорыту сабағы.
Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Білім санау сабағы.
Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек,ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге ұқсастығын байқаймыз.
Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
Жаттығу сабағы.
Қорыту сабағы.
Қайталау,білім сынау сабағы.
Аралас сабақ.
Қорыта айтқанда,қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
Кіріспе сабағы.
Жаңа білімді хабарлау сабағы.
Білім, білікті және дағдыны біріктіру сабағы.
Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
Зертханалық сабақ.
Қайталау-қорыту сабағы.
Оқушылардың білімдерін, біліктерімен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.
Аралас сабақ.
Өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылық бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай «жаңа білімді хабарлау сабағы » деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған іс жүзінде пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол «жаттығу немесе практикалық сабақ» деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол «Қайталау-қорыту сабағы» деп аталады.
Ал сабақтың «аралас сабақ түрі оның құрылымына байланысты болып келеді.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада қолдану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап, қорытады. Сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшелік сабақ оның бірнеше элементтері арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі «Аралас сабақ»деп аталады.
Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады.Олар мынандай болып келеді:
1.Сабақты ұйымдастыру бөлімі.
2.Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
4.Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
5.Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
6.Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Аралас сабақ – мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрі. Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе буындары алма кезек өзара ұштасып жатады.
Аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда, сонымен қатар тілге қатысты пәндерде көптеп қолданылады.
Жаңа материалды хабарлау сабағы.
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2.Жаңа оқу материалын ендіру.
3.Жаңа оқу материалын пысықтау,бекіту.
4.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақтарына қатысты мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы оқу материалдарын меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп отырады. Сондықтан да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі.
Сабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттеріне орайласып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті мөлшерде уақыт бөлінеді.
Жаңа сабақты хабарлау барысында мұғалімнің оқу материалын түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады.
Өткен материалды қорытындылау, қайталау сабақтары.
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат – міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2.Бұрын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру арқылы оларды жүйеге келтірі , жинақтау және 3.орытындылар мен тұжырымдар жасау.
4.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Қайталау – қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Қайталаудың мақсаты -өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауд , оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға үйретуді көздейді.
Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді. Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады.
Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын-ала белгілеу керек.
Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау ) ұйымдастыруға болады.
Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың нанзарын аударады.
Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, мұғалімнің оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсінуіне өте қолайлы.
Сондай сабақтың бір вариантын профессор Р.Г.Лемберг өзінің «Дитактикалық очерктер» деген еңбегінде ұсынады.Оның ерекшелігі, дәстүлі сабақтар ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілігі сабақты оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, мұнда оған керісінше жаңа оқу материалын енгізі , түсіндіру жұмыстарына айрықша мән береді.
Мысалы, оның құрылымы мынадай болып келеді:
1.Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру.
2.Үйге тапсырма беру.
3.Оқушылардың түсінбеген сұратарына жауап беру.
4.Өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа сабақта пысықтау.
Р.Г.Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну бнлсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігі жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады.
Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалдарын тиянақты меңгеруінде түсіндіру және оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы әрине үй тапсырмасын дұрыс өз дәрежесінде орындап келуіне ешкмнің де шүбәсі болмас деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда үй тапсырмасын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкін қажет болуы шарт, оны басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздеріне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ.
Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдаларын тексеру, бақылау сабағының құрылымы:
1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат –міндеттерін түсіндіру.Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2.Тексеру , бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
3.Оқушылардың өзіндік жұмыстары .
4.Оқушылардың білімдері, іскерліктері мен дағдыларын бағалау.
5.Қорытындылау, сабақтың аяқталуы .
Сабақтың бұл түрінің көздейтін мақсаты – оқушылардың алған білімдері мен дағды көлемінің қандай дәрежеде екендігін байқап, тексерумен қатар, оның сапасын бағалау; олардың білетіндері мен білмейтін мәселелерін анықтап, оны болдырмау жолдарын қарастыру.
Білімді тексеру және бағалау жұмыстары күнделікті сабақтар барысында, сонымен қатар арнаулы сабақтар түрінде де өткізіледі. Соның барысында оқушылардың оқу материалын терең ұғынуға меңгеруіне мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстың білімдік және тәрбиелік қызметі жағынан маңызы зор. Біріншіден, оқушылардың біліміне бақылау жүргізу, оларджың білімін то лықтыру болса, екіншіден, олардың жеке басын жан-жақты дамытып, тәрбиелеу жөнінен ойдағыдай рөл атқарады.
Тексеру және бағалау жұмыстарын жүйелі атқару оқушыларды тегіс қамтып, олардағы білім дағдыларындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, болдырмау жолдарын қаратыруға мүмкіндік береді.
31 лекция. Оқытуды ұйымдастырудың басқа да түрлері
Жоспары:
1.Оқу экскурциялары.
2.Факультативтік сабақтар
3.Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Оқу экскурциялары. Саяхат пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі объекетілер пайдаланылады. Оларға музей, көрме, табиғат, өндіріс жатады.
Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер дүниесін, тірі организмдерді зерттеуге мүмкіндік туғызады, танымдық ынтасын дамытады. Оқу саяхатының түрлері:
а) кіріспе саяхат – жаңа тақырыпты (оқу материалдарын) түсіндіру алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы;
ә) кезектегі саяхат – ұзақ мерзімде оқушылардың үлкен тақырыппен жұмыс істеуі, кейбір мәселелерді иллястрациялау;
б) қорытынды саяхат – курстың белгілі тарауы аяқталғаннан кейін өткізіледі. Мақсаты: сыныпта өтілген оқу материалдарын тереңдету және бекіту.
Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер бейнеледі:
Саяхаттың мақсаты мен объектісі.
Оқушылармен алдын-ала объектіге байланысты түрлі жұмыстар жүргізіледі: әңгіме, бақылау, тәжірибе т.б.
Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу, есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау.
Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру. Мысалы, бірінші топ – бақылау, өлшеу, екінші топ – сурет салу, сызу, үшінші топ – есептеу, жазып алу жұмыстарын орындайды.
Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларды саяхат жоспарымен таныстырады, олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі. Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді. Конференцияны бірнеше қатар сыныптар оқушылармен өткізу өте тиімді болады. Ең соныңда конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.
Факультативтік сабақтар – оқытудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми-теориялық білімін, танымдық ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту. Факультатив оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі. Факультатив сабақтары жалпы орта білім беретін мектептің өтпелі безистік оқу жоспарының жылжымалы бөлімінде 5-ші сыныптан бастап өткізіледі. Ал, тереңдете оқуға арналған типтік оқу жоспары бойынша 8-ші сыныптан басталады.
Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары. Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болады. Сондықтан оқушылардың сынықтық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме ждұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың белсенділіктерін шындау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспек құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдастыруды тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақатарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда , конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қарастыруға болады.
Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарын нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және топтық практикалық-лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысы
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
1.Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
2.Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірмен, олардың іс-тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.
3.Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.
4.Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
5.Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.
6.Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
7.Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.
8.Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
9.Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары
Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.
Оқушылардың таным белсенділігі – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеттері.
Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжірибелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне – оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
-мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
-жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
-мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
-оған әсер ететін мотивтер т.б.
Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологогтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі – олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар:
-оқушының алдын-ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау;
-жоспарға сәйкес амал-тәсілдерді қолдана білу;
-өз әрекетінің барысын бақылап отыру.
Газет оқуға олардың ынта-ықыласын арттыру үшін, мұғалім сабақта мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материталдарды өзі пайдаланып және оқушыларға содан үйде оқуына арнайы тапсырмалар беріп отыруы қажет.
32 лекция. Талдау – педагогикалық процестің компоненті
Жоспары:
1.Талдау, сабақты өз бетінше талдау.
2.Сабақты талдаудың үлгілері.
3.Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
2.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
3.Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003
4.Педагогика С.Қ.Мұхамбетова Ақтөбе, 2000
5.Педагогика Т.Б.Бегалиев Тараз, ТарМу,2002
Талдау, сабақты өз бетінше талдау. Педагогикалық процесті басқару функциясының бірі педагогикалық талдау болып табылады. Педагогикалық талдау функциясын қазіргі ұғымда алғаш рет қолданып, мектепшілік басқару теориясына енгізген Ю.А.Копержевский еді.
Педагогикалық талдау басқару циклы құрамында ерекше орын алады: бір-бірімен байланысын функциялардан тұратын кез-келген басқару циклы талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Педагогикалық процесте талдауды алып тастау оның күйреуіне алып келеді, өйткені жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз кезегінде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды.
Педагогикалық талдау педагогикалық басқару процесінде тікелей емес, оқу-тәрбие барысында іске асырылатын болғандықтан мұғалім сабақ, тәрбиелік туралы өткізер алдында соған тікелей қатысты болатын педагогикалық жағдайдың негізгі элементтерін ескеруі және жан жақты талдауы тиіс.
Педагогикалық талдаудың мектепті басқару функциясы ретінде негізгі қызметі Ю.А.Копержевскийдің пікірінше педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның тәжирелерін объективті бағалау. Бұл – ең күрделі функция, өйткені, талдау зерттеу объектісін бөлшектеуді, оның әрқайсысының рөлімен орнын бағалауды, жеке бөліктен тұтас объектіні тани алуды қамтиды. Басқа функциялар, мысалы жоспарластыру және ұйымдастыруға қарағанда сырттай тиімділігі төмен болып көрінетін педагогикалық талдау жасырын, көлеңкелі сипат алады, сондықтан ол тұлғадан жинақтау, салыстыру, жүйелеу арқылы педагогикалық құбылыстарды талдау үшін ақыл-ойды барынша ширатуды талап етеді.
Талдаудың көп түрі кездеседі. Солардың арасынан параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрде бөліп қарастыруға болады.
Параметрлік талдау оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы кемшіліктердің себебін анықтауға бағытталды. Параметрлік талдау барысында педагогикалық процестің барысына өзгерістер мен түзетулер енгізіледі. Параметрлік талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерімі, сыныптағы, мектептегі бір күндік, бір апталық тәртіп, сабаққа сыныптан тыс шараларға қатысу, мектептің санитарлық жағдайы, сабақ кестесінің сақталуы және тағы басқа сияқты мәселелерді қамтиды. Параметрлік талдау-фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, жинақтау, оның қалыптасу себебін анықтап, соңғы салдарын болжау. Осындай талдау нәтижелері және соның негізінде қабылданған шешімі шұғыл түрде іске асыруды қажет етеді.
Тақырыптық талдау педагогикалық процестің барысында барынша тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны мынадый кешенді мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалыптастыру, мұғалімдердің, сынып жетекшілірдің адамгершілік, эстетикалық, дене, ақыл-ой тәрбиенің жүйесі; мұғалімнің педагогикалық мәдениеттің деңгейін көтеру; мектепте ин новациялық орта қалыптастырудағы педагогика ұжымының рөлі және т.б.
Параметрлік талдау негізіне сүйене отырып, тақырыптық талдау барысында мектеп басшылары қорытынды талдаудың мазмұны мен технологиясын негіздейді.
Қорытынды талдау уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да барынша кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысы мен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғы шарттарын оқып-үйренуге бағытталады. Қорытынды талдау басқару циклының барлық функцияларын қамтиды. Қорытынды талдау үшін мәліметтер параметрін, тақырыптық талдау тоқсандық, жарты жылдық бақылау жұмыстары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, қоғамдық ұйымдар ұсынған ресми есеп, анықтамалардан құралады.
Педагогикалық талдаудың барлық объектісін біріктіруші – ортақ әдістемелік жүйе болып табылады.
Педагогикалық талдаудың жүйелік ыңғайының әдістемесі мынадай әрекеттердің сабақтастығынан аңғарылады:
-сабақты, тәрбиелі шараларды қарастыру, мәні олардың рөлін сабақтар, тәрбиелеік шаралар жүйесіндегі және осы оқу жылын өтпек, болашақ оқу жылдарымен салыстырғанда алатын орнымен айқындау;
-оқу жылында жоспарластырған жұмыстардың негізгі бағыттарының мазмұны мен түрін, мақсаттылығын айқындау;
-оқу жылы бойындағы жұмыстың, сабақ, тәрбиелік шаралар нәтижесін талдау;
-оларды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен жетістіктердің негізгі себептерін айқындау.
Мектеп басшылықтарының үнемі назарында болатын нысан-сабаққа қатысу және оған педагогикалық талдау жасау.
Сабаққа кеңейтілген педагогикалық талдау жасау сабаққа қойылатын тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық – гигиеналық талаптардың барлығына тоқталуды қажет етеді. Талдаудың бұл түрі жұмысты жаңа бастаған мұғалімдерге, белгілі бір қиындыққа тап болған мұғалімдерге не іс-тәжірибесі арнайы зерттелетін зерттелетін мұғалімдердің сабағына баға беруде қолданады.
Кезеңдік талдац сабақтың белгілі бір кезеңін, мысалы сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс жасау ерекшелігін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |