Топтық жұмыстарды ұйымдастыру. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының тдеалды моделі болып таблады. Топтық жұмыстардың пайдасы оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жағдай жасайды проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидиктикалық және тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі.
Педагогикалық әдебиеттерде сабақтарда оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың фронтальды, топтық, даралау тәсілдерінің бірыңғай анықтамасы жоқ.Мысалы, дәстүрлі дидиктика топтық жұмысты негізінен, оқушылардың бірнеше тобы әртүрлі қиындықтағы тапсырмалардың көлемі орындалатын еңбекке үйрету, политехникалық білім беру және практикалық дағдыларды игерту сияқты мәселелерін шешу немесе оқыту даралау мақсатында лабораторияларда, оқу шеберханаларында, мектеп жанындағы участоктерде жүргізілетін жұмыстармен байланыста қарастырады. Басқа жағдайда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын оқытуға қатысушылардың өзара әрекеттестігі ретінде қарастырады, ал фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқушыларын 3-8 мүшелері бар, оқу материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспар мен рет бойынша жұмыс істейтін топтарға бөлетін сабақтарды ұйымдастыру формасы ретінде түсіндіруге болады.
Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы), мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады.
Топтық сабақтардың құрылымының классикалық нұсқасы: шартты түрде сабақ үшке бөлінеді: кіріспе, топтық және қорытынды. Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мотивті-ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді: танымдық мәселелерді анықтайды, жұмыстың орындалуы барысы бойынша түсінік береді, дидиктикалық материалдарды таратады. Сабақтың келесі бөлігі әрбір топтағы оқушының іс-әрекеті ұйымдастырылады: берілетін тапсырмамен таныстырғаннан кейін мұғалім топтардың жұмысы жоспарланады, материалдар бөліктерге бөлініп топтарға таратылады. Әрбір оқушы өзінің тапсырмасын орындағаннан кейін, жұмыс нәтижесі талқыланады, тапсырма бойынша жалпы қорытынды жасалады. Осы сатыда ұжымдық және жеке жұмыстардың өзара байланыстылығы, ұжым мен тұлғаның мүддесі мен мақсаттары талданады, әрбір оқушының белсенділік танытулары үшін мүмкіндік туғызылады. Сабақтың қорытынды бөлігінде әрбір топтың жұмысы талданады, қойылған міндеттің орындалуы, берілген тапсырманың нәтижелілігі жөнінде қорытынды жасалады.
Топпне жұмыс жүргізудің екі түрі бар: бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды, ал сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда сараланған топтық жұмыс ерекше құндылыққа ие және оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің барлық талаптарына барынша сәйкес келеді.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру көптеген проблемалардың шешімімен байланысты. Зерттеушілер (И.Т.Волков,Х.И.Лийметс, В.Оконь, А.М.Раевский) оларға топтар құру, тотық жұмыстардың нәтижелілігінің критерийлерін анықтау, оқушыларға тқырып пен тапсырмалар таңдау, дидактикалық материалдар дайындау, оқу топтарындағы оқушылардың өздерін өздері басқаруының рөлі, оларды орналастыру сияқты проблемаларды жатқызады. Оқу пәндеріне жасалған талдау топтық жұмыстар арқылы әрбір пәннің меңгерілу мүмкіндігі әртүрлі. Сонымен бірге әрбір оқу пәнінің топтық сабақтарда табысты оқытылатын тақырыптары бар.
Топпен орындалатын жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін топтарды орналастыруда маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына да, олардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен. Жекелеп алғанда, бір-ьірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығына көз жеткізілді.
Топтық сабақтарды ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың педагогикалық құралдарын пайдалана алу біліктері қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: кеңесшіні топтың өзі мұғалімнің және жоғары социометриялық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырғаны дұрыс.
Ұжымдық оқу жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушыны іс-әрекет субъекті тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды, әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы оқу іс-әрекеттері арқылы педагогткалық процестің қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.
35 лекция. Қазіргі жағдайда оқушының танымдық іс-әрекетін белсендірудің әдіс-тәсілдері
Жоспары:
1.Танымдық белсенділіктің мәні.
2.Оқушылардың танымдық әрекетіндегі белсенділіктері.
3.Танымдық қызығушылықтардың қалыптасуы.
4.Жаңашыл-педагогтардың оқыту барысындағы әрекеті.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3.Харламов И.С. Педагогика. –М. , 2000
4.Ильин Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977
Танымдық белсенділіктің мәні. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге бағытталған, оның балаға арналғаны, оқушының оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің көлемі көбейді. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістердің қоғамдық және педагогикалық сананың қалвптасуына Ж.Пиаже (Швецария), Б.Блюм, Д.Ж.Брукнер, Ж.Ганье, С.Эриксонның (Ақш) еңбектері күә. Ж.Пиаженің айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамау керек, шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек». Белсенділік деген оқушының іс-әрекеті мен пәнімен «қосылғандағы» дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділіктің дағды-біліктерін меңгеруі.
Белсенділік – оқытушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын, шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған. Бұл ой еңбегінің құлдырау және тоқтап қалудан сақтайтын жігерлі, мақсатты бағытталған жүйе.
Белсенділіктің негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің саласын көтеру.
Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін ұғындыратын екі әдіс белгілі. Бір зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде қарайды, ал біреулер – сапа, жекелік білім деп ұғады. Берілген мәселеге «танымдық әрекет» және «танымдық
Белсенділік» ұғымдарының енуі тек әрекетті бірлікте қарайтын болсақ, онда бұл жағдайда мәселе өзінен-өзі шешілетін сияқты, себебі оқушылардың кез келген әрекеті ойламды шешімді болуы керек.
Оқушылардың оқыту белсенділік мәселесі – терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны өңдеуге М.А.Данилов, Р.Г.Лемберг, И.Я.Лернер, М,И,Махмутов, М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, Т.Н.Шамова, Г,И,Щукина, А,Х.Аренова үлестерін қосты.
Танымдық белсенділік жеке тұлғаның әрекетінде қалыптасады. Бұл ұғымдардың арасындағы қарым-қытынасты шамалытура келгендік қатынас деп білуге болады. Бұл танымдық белсенділік оқытудың интенсивтендіру мен мәнін белгілейді. Бұл танымдық әрекетте қалыптасып анықталады, бірақ бұл құбылыстар ұқсас деген нәрсе емес. Танымдық белсенділіктің құрылымында жеке тұлғаның сапасы ретінде келесі компоненттер ерекшеленеді: оқу тапсырмаларын дайындауға әзірлік; өзіндік әрекетке ұмтылыс; тапсырма орындаудағы саналылық; оқытудың жүйелілігі; жекелік деңгейді көтеруге ұмтылыс т.б.
Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігі. Танымдық әрекеттің белсенділігін оқытудағы құралдары мен әрекеттер табу мәселесі ғасырлар бойына жалғасады.
Жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. XVII-ХІХ ғасырдың педагогтары Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, Ж.Ж.Руссо, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский т.б. оқытушының негізгі жұмысы – оқушыларды өзінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Олар дамып келе жатқан оқытудың дидактикасын жасаған. А.Дистерверг былай деген: «Нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, жақсы мұғалім оны табуғаүйретеді».
Қазақтың ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин қоғамдық қайраткер және педагогтар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов өөздерінің еңбектері мен тәжірибелік әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, ойларын жүйелеуге шақырған.Кеңес әдіскерлері мен психологтары Л.С.Выготский, Б.Г.Есипов, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Р.Г.Лемберг, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин дамып келе жатқан оқытудың тәжірибесі мен теориясына және оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігіне үлкен үлес қосты.
Дәл қазіргі кезде білімнің кең көлемді қоры жиылған оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру. Солардың ішіндегі маңыздылары:
1)Әрекеттік жақындасу оқушыларды танымдық әрекетке тәрбиелеу. Әрекеттік жуықтаудың негізінде әрекет теориясы жатады. Оның негізі: жеке тұлға әрекетте қалыптасады. Оқыту процесін ұйымдастыратын мұғалімдерге әрекеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі түрлері: мотві, мақсаты, мәселелер, мазмұны, құралдары, әдіс-тәсілдері және қорытынды. Бұлай дегеніміз, мұғалім көптеген құралдар арқылы оқушының ойлау қабілеті, тәжірибелік шамасына әсер ету керек. Осы компоненттердің барлығын мұғаліммен бірге оқушы да меңгеруі керек.
2)Гуманистік психология және педагогика ілімдеріндегі жеке-бағытталған жуықтау төменгі саладай қалыптасады (К.Роджерс).
3)Оқыту процесіне деген зерттеушілік өткендегі іс-әрекетпен байланысты. Атап айтқанда, өзіндік танымдық оқушының әрекетін қамтамасыз етеді, ойлау қабілетін жамытады, өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеу үшін әртүрлі іздену әдістері қолданылады. Ізденіс әңгімелер, өзіндік шешім ережелер, формулалар, түсініктер, стандарт емес есептердің шығарылуы, лабораториялық және тәжірибелік жұмыстар, бақылаулар. Мектеп тәжірибесінде жеке және ұжымды түрде оқыту жұмысының толық ізденіс түрлері, әдісі.
4)Оқыту алгоритмі белгілі бір түрдегі есепті шығаруда қатаң ережелердің қажеттілігін бекітеді. Оқыту процесі ауыр да сенімсіз болды, егерде типтік есептерді шығаруда оқушы жаңа жолдар іздеп, оқушы математикалық есептерді толық сандармен, бөлшектермен шығаруда белгілі бір ережеге сүйенетін, сол сияқты тілді меңгеруде.Алгоритмсіз адам қарапайым автоматтар мен техникалық құралдарды да пайдалана алмайды. Алгоритмдеу программалап оқытумен тығыз байланысты, оның мәні нақты хабарламаның таңдауынан тұрады, ал оқушыға аз мөлшерде беріліп отырады.
5)Оқытуды компьютерлеу. Компьютер дегеніміз – маманның еңбегінің нәтижесін сапалы өзгертіп отыратын құрал. Адамның танымдылығының құралы ретінде ЭВМ-ның қолданылуы, білімнің пайдалану мүмкіндіктерін көбейтеді, ойлау әрекетінің жаңа формаларын дамытуға жағдай жасайды, оқыту сапасын арттырады.
Бірінші сатыда компьютер оқу әрекетінің пәні болып табылады, оны меңгер отырып оқушылар осы машнаның жұмысы туралы білім алады, дағды-білігіне үйренеді, оператор жұмысының дағдыларын меңгереді. Екінші сатыда компьютер оқу есептерін шығарудың құралына айналады. Компьютер оқытуда пайдаланатын қосымша техникалық құрылым ғана емес, сонымен бірге ол тиісті жоспарлауды қамтамасыз етеді. Бұл жерде мәселенің бір жағын – құрастыру және ЭВМ-ді қосуды көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып - инженер орындайды, ал екіншісін – педагог; себебі, ол есептеу машинасының жұмысына қонымды негізделген дидактикаға сәйкес оқытудың адам әрекетін реттейді. Оқытуды жалпы компьютерлеу үшін алгоритмді ойлау қасиеттерін меңгеру керек.
6)Қазіргі мектепте дифференциялдап оқыту кең көлемде қолданылады. Бұл жерде маңызды жуықтау аясы оқушылардың әртүрлі білімінің дамуының көкейкесті деңгейіне сүйену, сонымен бірге «жақындап дамудың шекарасы» біртндеп әрқайсысын білімді меңгерудің жаңа әдістеріне көшіріп отыру. Бұл жуықтаудың қиыншылығы – білім бағдарламасын, дағды мен білікті, пәндік жүйеде әрқайсысы меңгеру керек. Бұл меңгерудің деңгейі әртүрлі дәрежедегі оқушылар үшін жоғары болу керек. Ешқандай есту, көру, сөйлеу және қабылдау кемістігі жоқ әрбір оқушыға бұл жуықтаудың көмегі, ол яғни барлық нақты танымдық әрекеттің жоғары деңгейдегі мүмкіндіктеріне иегер бола алады деген сөз. Қазіргі мектептерде, оқушылардың әртүрлі дәрежесіне бағытталған оқыту тапсырмаларын дифференциалдап, оқыту жағдайында не мұғалім бере алады, не болмаса оқушылардың өздеріне таңдауларына болады. Егерде оқушы өзі таңдап алған боса тапсырманы, онда мұғалімге оны алдағы қателіктерден сақтандыру, сонымен бірге оның мүмкіндігіне қарай есеп шығаруды тапсыра алады және де оқушының осыған деген құштарлығының деңгейін анықтай алады. Бірақ та дифференциалдап оқыту жуықтау бола алмайды, себебі оқу прцесі оқытудың басқа да маңызды, оқушылардың дамуына бағалы да мәнді екені белгілі. Сонымен барлық дәрежедегі сыныптағы оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын маңызды құрал. Бұл жерде оқушыға басқалардың еңбегінің нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімнің деңгейін танытатын кері байланыста іс жүзіне асырылады.
7)Оқушылардың белсенділіктерінің бір бағыты болып ұжымдық танымдық әрекет болып саналады. (М.Д.Виноградов, Н.С.Дежников, И.Б.Первин, Х.ИЛийметс, Г.Кусайнов, Н.Н.Хан т.б.) педагогикалық әдебиеттерінде қарым-қатынас мәселесі, оқу процесіне қатымушылардың өзара қатынасы айқын баяндалған. Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті дегеніміз – бұл оқушылардың біріккен әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестірп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді.Ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процесте жүріп отырады.Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек теориялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді. Сонымен қазіргі дидиктика, ізденіс және әртүрлі жуықтауларды шешудегі оқыту процесінің сан қырлы мүмкіндіктерін ашады.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық (латынша мәні бар, маңызды) – адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты жеке тұлғаның өзәрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығушылығы - танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.С.Выготский былай деген: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді».
Жаңашыл педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру. Білім берудің қазіргі заманға сай әдістемелерін тадайтын болсақ, олардың бәрін, қазіргі қоғамның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі оқушы танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі ретінде қалыптастыра алады. Өзінің себеп-сылтауларымен , ынтасымен, қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерімен жан-жақты негізді білімдарлыққа деген талпынысы мен мүмкіндіктерімен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға қазіргі дидикатиканың орталығына айналды. Оқу мақсаты – адамның білім қазынасын көбейту ғана емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді пайдалана алу да емес.Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалоы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін жеке ғылым, білім, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа органы жақсартудың құралы болып табылады. Ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту, оқушыны ақиқатқа жету тәсілдерімен, құнды біліктермен қаруландыру, іс-әрекеті мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзінің өнегелік қатынасын білдіре алу оқушыға білім беру, дамыту мен тәрбиелеу бір арнаға бағытталып жатқан қазіргі заманғы оқыту процесінің мәні міне, осында. Ең бастысы, қазіргі қоғамға өз пікіріне берік, жаңа қоғамдық қатынасты дамытушы керек. Идеялық-өнегелілік қоғамдық бағыттылық оның ниетін, ынтасын,, өмірлік жоспарын белгілеуі керек. Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда аталып өткеннің бәрі ТМД-ның жаңашыл педагогтарының, шебер мұғалімдердің тәжірибесінде көрініс тапқан (Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, К.Битибаева, К.Нұрғалиев, Р.Б.Нұртазина, А.Искаков т.ь.). Олардың жаңашыл ізденістері Кеңес үкіметі кезінде-ақ басталған. Қазіргі уақытта мұғалімнің таңдау мүмкіндігі бар кезде педагогтар шығармашылығы кең өріс алуда. Бірақ, өткен жылдардың жаңашыл педагогтарының идеялары мен технологиялары әлі де өз күшін жойған жоқ.
Алайда қандай да керемет техника болмасын, ол мектептегі мұғалім орнын баса алмайды, бұл жағдай ең басты , ең маңызды болып қала береді. Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына,әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне деген сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым демеп отыруына байланысты. Нағыз мұғалімге мына қасиеттер тән: балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның мүмкіндігіне сенім, оқушының өрлеу, жетістік, өз күшіне сену сияқты сезімдері пайда болатын жағдайлар жасау. Микроэлекрлік техникамен органикалық байланыстағы адамгершілігі мол мұғалім оқу процесі мен мектептің бүкіл кейпін түбегейлі өзгерте алады. Мұндай жағдайдағы оқу бала үшін қиын емес, жаңаны табу, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне жету қуанышына айналады.
36 лекция. Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу және бағалау
Жоспары:
1.Бақылау мен есепке алудың мәні. Мектеп ішіндегі бақылау.
2.Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі әдістері.
3.Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Педагогика АМУ, Педагогика кафедрасы авторлар ұжымы. –Алматы, Нұрлы әлем, 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000
3. Педагогика С.ШӘбенбаев, А.М.ҚҰдиярова, Ж.Әбиев Астана, 2003
4.Педагогика Т.Б.Бегалиев Тараз, ТарМу,2000
Бақылау мен есепке алудың мәні. Мектеп ішіндегі бақылау. Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады. Ол әрдайым мұғалімнің назарында болады, педагогикалық процестің тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту, дамыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетін белсендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру қажет.
Оқыту нәтижесін тексерудің мәні – оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. Алайда, қазіргі педагогикада тұас педагогикалық процесті тексеру мен бақылау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең.
Оқыиуды бақылау дегеніміз – бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету. Ал екінші жағынан, оқытуды бақылау дегеніміз – мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы.
Мектептерде педагогикалық қызмет-әрекеттің нәьтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген. Мектеп ішіндегі бақылау – қойылған міндеттерге сәйкес тұтаспедагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау. Мектеп ішіндегі бақылау – күрделі де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртіп ретінде, бір-бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы белгілі бір қызмет атқаратын ьбөліктердің тұтастығынан тұрады.
Мектеп ішіндегі бақылаудың белгілі формалары бар және ол тиісті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдістері мен формаларының алуан түрлілігі оның объективтілігін арттырып, әрбір мұғалім мен тұтаспедагогикалық ұжымның іс-әрекетінің ұжымдық бағалауы үшін жағдай жасайды. Бақылаудың әрбір формасының мақсаты болуы керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі кезеңінде пайда болуы мүмкін қиыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы керек.
Бақылаудың үш түрі бар:
1.Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу, түсіндіру, бекіту әдістері мен формалары туралы, оқушылардың өзіндік жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу.
2.Күнделкті бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуін бақылау,оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын қарап шығу.
3.Қорытынды бақылау: белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерін зерттеу. Журналдар, мәлімет тізімдерді тексеріп, бақылау жұмыстары, сұрақ-жауап өткізу.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі әдістері. Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болыпкелген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқу жөұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге оқушылардың білім,білік және дағдыны толық және сапалытүрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән беріледі, ол мына қасиеттермен сипатталады: білімнің толықтығы мен ғылымилығы – белгілі бір оөқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын негізгі мағлұматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар: білімдерді меңгерусаналылығы - оқушының ғылыми заңдар негізінде фактілерді, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, білімдерді ұқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерін жаңа жағдайларға көшіре алуы; білімдер жүйелілігі – жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген білімдермен тығыз байланысы; беріктік – жинақталған білім саны мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерінің оқушы есінде сақталуы.
Оқушылар білімінің , білік және дағдыларының сапасын бақылау келесі элементтерден тұрады:
-білімді қабылдау, мәнін түсіну және есте сақтау деңгейінде тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалімнен және өздігінен оқулықты оқығанынан алған білім сапасын еске түсіре алуын тексеру;
-білімдерді ұқсас жағдайда қолдану деңгейінде, яғни үлгі бойынша тексеру;
-білімдерді ойлаудың кейбір дәстүрлі емес элементтерін көрсетуді талап ететін жаңа жағдайда қолдану деңгейінде тексеру.
Оқушылардың білімінің, білік және дағдыларының сапасын бақылау келесі мақсат пен міндеттер арқылы анықталады:
1.Оқушылардың белгілі бір пән бойынша білімдерінің шынайы жай-күйі және бұл білімдердің лайықты мемлекет бағдарламаларының талаптарына сай болуы.
2.Тәжірибелік білік пен дағдыларды ұқсас және жаңа жағдайлар деңгейінде игеру дәрежесі.
3.Бүкіл сыныптың немесе жеке бір оқушы білімінің нашар болуының себебі.
Процесс ретінде білім, білік және дағдыларды бағалау жеке оқушыны бақылау (тексеру) барысында жүзеге асырылады. Бағалаудың шартты көрінісі баға, ол көбінесе балл түрінде болады Отандық дидиктикада бағаның 4 балдық жүйесі қалыптасқан: «5 – толық меңгерген; «4» - жеткілікті меңгерген; «3» - жеткіліксіз меңгерген; «2» - мүлдем меңгермеген.
Көптеген педагогтар оқушыны оқушы білімін бағалау процесіне қатысты белсенді орынға қоятын әдістерді қолданады. Білім, білік және дағдыны бағалаудың, бақылаудың стандарттан тыс формалары қолданылады: өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау. Өзін-өзі бағалауда оқушы өз еңбегін өз бетінше тексеріп, бағалайды, бірін-бірі бағалауда - сыныптастар бір-бірәнің жұмыстарын тексеріп, баға қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |