1.Еңбек психологиясының пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі. 2.Психологиядағы «іс-әрекет» пен «еңбек» категориялары. 3.Еңбек психологиясының басқа пәндермен байланысы.
Еңбек психологиясы – адамның еңбек ету процесіндегі психикалық әрекетінің қалыптасуы мен танылу заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымдарының бір саласы болып табылады. Ол адамның іс-әрекеті түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.