Теориялық білім жүйесінің эволюциясы негізінде еңбек психологиясы қалыптасты. Зерттеуші ғалымдар еңбек адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі мен ең негізгісі жәнееңбек психологиясы еңбектің ғылыми кешені деп бағалаған.
Е.А.Климовтың пікірі бойынша еңбектің психологиялық білім жүйесі ретінде қалыптасып дамуы, еңбек субьектісіне еңбекқорлық және іс-әрекеттік қасиеттерге итермелейтін күшінде, еңбек психологиясы өз қалыптасуындағы обьективті қиындықтарды жеңіп, ғылыми пән ретінде құрылуы керек және ол қосымша ғылым ретінде қаралмауы керек деген.
Климов, Евгений Александрович (1930—2014)
Е.М. Иванов еңбекті «іс-әрекет» түсінігі ретінде қарастырады. Адамның негізгі іс-әрекет түрі әлеуметтік жоспарланған, ойланып істелінген, мақсатқа бағытталған еңбегі деген пікірді ұсынған. Н.С.Пряжников бойынша: «еңбек психологиясының пәні- еңбек субьектісі, яғни өндірістік іс-әрекет шарттарына дағдылы рефлекстік түрде қолынан келетін қабілетті жұмысшы».