Эссе Еркінбек Аяулым Қазақстанның болашағы жастар



Дата23.03.2022
өлшемі18,15 Kb.
#136575
Байланысты:
Эссе Еркінбек Аяулым

Қазақстанның болашағы – жастар


Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.
Ілияс Жансүгіров
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші.
Жастар еліміздің болашағы демекші Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарды қолдау мақсатында көптеген жобалар, іс-шаралар ұйымдастырды.Жастарға қолдау көрсетіп, жастарға болашаққа жол ашып, жаңа тыныс берді. Шет елдерге жастарды оқуға жіберіп, тәжірибе алмасып, екі елдің арасында жастарға жол ашты. Осы мүмкіндіктің арқасында елімізде білікті мамандар көбейді. Өскелең ұрпаққа жол көрсетіп, қолдаған Тұңғыш Елбасымыз ға мың алғыс!
Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар деген - Сұлтанмахмұт Торайғыров. .
Еліміз тәуелсіз, жұртымыз аман, тыныштық бейбіт заманда өмірсүрудеміз.
Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білем. Ал осы дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жасөспірімдердің саны өсуде. Неге денсаулығымызды, жанымызды таза ұстап, талғамымыздың биіктігін білдіріп, салауатты өмір сүрмеске? Бұған не кедергі, кім кінәлі? Бұған әр адамның өзі кінәлі. Өйткені біз келешегімізді ешқашанда қабылдағымыз келмейді. Пайғамбарымыздың хадистерінің бірінде: Ішімдікпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым дейтін ұлағатты сөзі бар. Бүгінгі батыстық әдеттерден арыла алмай жүрген жастар адамгершілікпен баяғыда қоштасқан. Ондайлар өздері өмір сүрген қоғамды қайтып көктетеді? Елінің қамын қашан ойлайды? Оны қалай қорғамақ? Осының бәрін ойлағанда қоғамды түсініп болмайсын. Ел боламын десен, бесігіңді түзе, - дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық. Еліміздегі жастар академиялық білім деңгейі бойынша АҚШ, Англия, Германия,Израиль,Польша,Түркия және тағы басқа елдердегі замандастары-нанозық.
Жастар арасында спорт және өнер саласында біздің республикамызды бүкіл әлемге танытып жүрген танымал жастар аз емес. Олардың қатарында – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Қайрат Ералиев, Еламан Ерғалиев, Димаш Құдайберген және тағы басқалары.Сонымен қатар университетімізде де спорт шеберлері де бар.
Қрықбай Ғалымжан- Дзю-до күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Жапаров Руслан – Таеквандодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Әбілхан Бекмұрат Аманқұл-Бокстан ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, Әлем чемпионатының, Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Токио 2020 ойындарының қатысушысы. .
Ысқақ Елдос – ТаеквандоданҚР ересектер құрама командасының мүшесі,Азия ойындарының қатысушысы ҚР спартакиадасының жеңімпазы.
Тағы да көптеген белсенді де танымал жастарымыз бар.
Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр, - деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық. Қорыта келгенде бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны- Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет