Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет17/37
Дата06.06.2020
өлшемі1,12 Mb.
#72499
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
kn-teor-2

Топтық, шығармашылық жұмыс

Топтық іс-әрекетті таңдаудың бес бағыты бар: 

Қойылым көрсету (оқиғалар қойылымы). 

Тестілеу  (тестілеудің  пайдасы:  өзін-өзі  таниды,  өзінің  адалдығын 

анықтайды,  ерекшеліктерін  байқайды,  мұғалім  баға  береді,  ойлап  отырып 

оқиды). 


Ойын  (Ойынның  пайдасы:  Қызықтыру,  сергіту,  босаң  күйге  келу, 

өзгелермен әрекеттесу.) 




41 

 

Топтармен жұмыс (бір-бірімен ықпалдасу, үйлесімділікті сезіну) 



Шығармашылық жұмыс 

А.Джумсай:  «Шынайы  білім  беру  жан  қабілеттерін  дамытуға 

байланысты». Шығармашылыққа деген қабілеттілік шынайы білім берудің ең 

маңызды құндылығы. Біздің миымыз екі бөліктен құралған. Оң және сол жақ. 

Сол  жақ  ми  басқарады  және  талдау  қабілетіне  жақын.  Ал  оң  жақ  ми  – 

шығармашылық,  өнер,  әдебиет  және  т.б.  Көбіне  сол  жақ  миымыз  көп 

дамыған.  Сондықтан  оң  жақ  миымызды  дамыту  үшін  шығармашылық 

жұмыстың 

пайдасы 

мол. 


Шығармашылық 

жұмыс 


балалардың 

шығармашылық  шабытын  аша  түсуге,  өзіндік  «Менін»  көрсете  алуына 

септігін тигізеді. 

Ар-ұждан рухымызға, ой-пікірімізге тасыр жасайтын көңіл-күй құралы. 

Біз  әрбір  уақыт  істемекші  болған  іс  әрекетіміздің  жақсы-жамандығы, 

пайдалы  яки  зияндылығы  ар-ұжданымыз  арқылы  белгіленеді.  Ар-ұждан 

адамзат  ой-пікірінің  әділ  таразысы,адамдар  осы  таразы  арқылы  өз 

кемшіліктерін өлшеп білуден сырт және қате істеген қылмсты әрекеттерінде 

біле  алады.  Егер  ар-ұжданы  ақиқатқа  жақын  болса,  нағыз  адамдық  ғұмыр 

кешкен  болады.  Негізі,  ар-ұждан  ислам  дінімен  тығыз  байланста,  исламдық 

тағылмды  қабылдаған  адамның  ар-ұжданы  ақиқатты  негіз  етеді, 

ахылақсыздық, арамдық, басқаларға зиян жететін істерден ар-ұжданы тосып 

тұрады. 

Ал  ар-ұжданы  жоқ  адамдардің  ниеті  бұзық  болып,  әр  уақыт  бір 

бармағын ішіне бүгіп қулық ойлап, арам пайданы ғана көздеп жүретіндіктен 

нәтижеде олар әрдайым алаңдаушылқпен күн кешіреді, қайғы- қасірет шегіп, 

ар-ұждан азабына душар болады. 

Демек,  ар-ұждан  әр  адамның  іс-әрекетін  күрсететін  айна,  сол  айна 

арқылы  ар-ұжданымызға  дақ  келтіретін  нұқсандарды  уақытында  байқасақ 

бұның өзі ерлік. 

Ар-жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен 

әділетсіздікті және басқаларды анытайтын адамгершілік ұғым. Бұл-адамның 

іс-әрекетін  ақиқат,  шындық  пен  әділдік  жөніндегі  ұғымдар  түсінігіне 

байланысты  реттейтін,  парыздың  қаншалықты  орындалған  немесе 

орындалмағанын  анықтайтын,  нені  істеп,  неден  бас  тартуға  тура  келетінін 

көрсететін сезім. Қысқасын айтанда, ар-парыздың бақылаушысы, адам өмірін 

реттеуші. 

Абайдың  «Он  жетінші  сөзі»  қайрат,  ақыл,  жүрек,  ғылымға  арналады. 

Алдыңғы  үшеуі  адам  үшін  өздерінің  атқаратын  жұмыстарын  айта  келіп,  әр 

қайсысы    өзін    бірінші  орынға  қойып  таласады  да,  ғылымға  төрелікке 

жүгінеді.  Ғылым  үшеуінің  де  жақсылы,  жаманды  қасиеттерін  дәл  сипаттап, 

әділ  сынайды.  Жеке  –  жеке  үшеуінде  де  кемшілік  бар.  «...Осы  үшеуің 

басынды  қос,  оның  ішінде  жүрекке  билет»,  -  деп  үкім  шығарады.  «Егер 

үшеуің  ала  болсаң,  мен  жүректі  жақтаймын»,  -  дейді  оларға  ғылым.  Демек 

Абай  жүректі,  яғни  адам  –  адамды  сүю,  адам  үшін  қызмет  етуді  бірінші  



42 

 

орынға  қояды.  Бірақ  ғылым  бойынша  да,  Абайша  да  ең  идеал  нәрсе  –  осы 



үшеуінің  бірлігі.  «Осы  үшеуі  (  ақыл,  қайрат,  жүрек  )  бір  кісіде  менің 

айтқанымдай  табылса,  табанының  топырағын  көзге  сүртерлік  қасиетті  адам 

сол», - дейді. 

Өзін-өзі  тану  ғылымының  мақсаттардың  бірі  –  білім  беру  процесінің 

барлық 

қатысушыларының 

үздік 

білім 


беру 

ресурстары 

мен 

технологияларына  тең  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету,  жалпы  орта  білім 



беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  бітімі 

және  рухани  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  тез  өзгеретін  әлемде  оның 

табысты  болуын  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттілігін 

қанағаттандыру болып табылады. 

Өзін-өзі  тану  пәні-  әлемдегі  ең  басты  құндылық  –  адамның  өмір  сүруі 

үшін,  бақыт  үшін,  қуаныш  үшін  жаралғандығына  негізделеді.  Өмірдің 

осындай  қарапайым  ақиқатына  –  жақсы  адам  болуға,  өз  елінің  патриоты 

болуға  баланы  жастайынан  үйрету  керек.  Бұл  тұрғыда  өзін-өзі  тану 

мұғалімнің  рөлі  аса  зор.  Өйткені  ол  оқыту  мен  тәрбиелеудің  қазіргі 

әдістемесін  жеткілікті  меңгеріп,  ба¬лалар  психологиясын  терең  талдай 

отырып,  белгілі  бір  жастағы  балаларға  бағытталған  педагогикалық  процесті 

ұйымдастыра алады.  

Жалпы  сүйіспеншілік  ұғымы  —  бүкіл  жарық  дүниені  сүю.  Егер  адам 

баласының  сүйіспеншілігі  бүкіл  әлемге,  яғни  жанды,  жансыз  дүниеге  (тау, 

тал, адам, отан, тіл, дін) бірдей болса, нұр үстіне нұр. 

Адам  баласының  достық  сезімі  адаммен  бірге  жаратылған.  Ал  бірлігін 

сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам 

өмірінен  алыстай  бастаса,  қоғам  әлсірей  түсетіні  сөзсіз.  Біздегі  тыныш  та 

бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, 

енді  бірі  лаңкестік  арандатушылыққа  бой  алдырды,  тағы  бірі,  тойғанын 

көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай 

жағдайға  ұшырамауының  басты  себебі,  халықтың  бір-біріне    деген 

сүйіспеншілігі  мен  сенімінің  молдығы,  бірлігіміздің  жарастығының 

арқасында. 

Адамдар    әртүрлі  мінез-құлықпен,  яғни  өмірді  түсініп,  сүюдегі 

дәрежесін  әртүрлі  етіп  жаратылған.  Біреудің  өмірге  деген  сүйіспеншілігінің 

аздығы, бұл орайда дәл осы кемшіліктің өз бойымызда бар екендігін көбіне 

мойындамаймыз. 

Педагогикадағы сүйіспеншіліктің ішіндегі, мен өзін-өзі тану сабағымен 

байланыстырғым келеді. 

Адамгершіліктің бес құндылығы 

1.  Сүйіспеншілік  -  адам  жанының  асыл  қасиеті,  асқақ  мұраты,  таным 

тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. 

Махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін 

ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. 



43 

 

2.  Дұрыс  іс  -  әрекет  -  ол  жүректе  туындайды,  сонан  соң  сөз  түрінде 



беріледі және іс-жүзіне асырылады. 

Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да 

зиян келтірмеу. 

3.  Қиянат  жасамау  –  ақиқатпен  өмір  сүру,  мінез  -  құлық  және  жан 

тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс. 

“Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, 

өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық 

та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Абай 

4. Жан тыныштығы 

Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық 

болады.  Ал  отбасында  тыныштық  болса,  қоғамда  да  тыныштық  болады. 

Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады. 

5. Ақиқатты тану 

Рухани кәусар бұлақ \көзіне жолды іздеп табу - бұл әрбір жеке адамның, 

нақ  осы  қазір  өмір  сүріп  жатқан  барлығымыздың  және  өмірге  жаңа  қадам 

басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті. 

Ондағы  мақсатымыз  білім  беруді  ізгілендіру  тек  бір  пән  аясында  ғана 

емес,  «Өзін-өзі  тану»  пәнінің  мақсаттарын  іске  асыру  іс-шараларының  бірі 

ретінде  басқа  оқу  пәндері  мазмұнының  құндылық  мәнін  күшейту  мәселесі 

төңірегінде мәселе көтерілді. Соның негізінде пән аралық ықпалдастырудың 

маңыздылығын  бірнеше  қырынан  көрсетіп  баяндалды.  Осы  тұрғыда  жалпы 

білім  беру  жүйесін  ізгілендіру  мәселесінің  қажеттілігі  мен  өзектілігі  жайлы 

сөз қозғалды. Білімді ізгілендіруде мұғалімнің алатын орны ерекше екендігі 

өзекті  мәселе  ретінде  қарастырылды.  Педагогтың  оқушылармен  қарым-

қатынас  стильін  айқындайтын  бейне  фильмдер  көрсетіліп  талқыланды. 

Дәріс-семинар  жаңа  заман  технологиялары  интерактивті  тәсілдерді  қолдану 

негізінде өз мағынасын ашып мақсатымызға жетуімізге тиімді әсер етті. 

Ұлы ойшыл, кемеңгер Әбу-Насыр әл-Фараби: “Адамдар бақытты болуы 

үшін  біріне  бірі  көмектесіп  отыру  мақсатымен  бірлескен  қала  ізгі  қала 

болады.  Халқы  бақытқа  жету  үшін  өзара  көмектесіп  отырған  қоғам  да  ізгі 

қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне бірі көмектесіп 

тұратын  халық  ізгі  халық  болады.  Сол  сияқты,  халықтардың  бәрі  бақытқа 

ұмтылып,  біріне  бірі  көмектесіп  отырса,  бүкіл  жер  жүзі  ізгі  болар  еді” 

дегендей,  осы  асыл  мұраларды,  жалпыадамзаттық  құндылықтарды 

көпшіліктің  бірлесе  әрекет  етуі  арқасында  ғана  қол  жеткізуге  болады. 

Сондықтан баршаңызды осы игі істің жолында олжа салуға мүмкіндігіңіздің 

бар екендігін айтқым келеді. 

 

 



 

 

 




44 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет