Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет27/37
Дата06.06.2020
өлшемі1,12 Mb.
#72499
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
kn-teor-2

3. Бағдарламаның құрылымы 

      8. Бағдарламаның құрылымы оқытудың мақсатына және педагог қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру курсының мазмұнына шолу жасаудан басталады. Бағдарламаның 

тұжырымдамалық негіздерін табысты практикалық жүзеге асыру тұлғалық және рухани-

адамгершілік өсудің, кәсіби оқытудың және ынтымақтастықтың үздіксіз тәртібін 

қалыптастыруға жол ашатын нақты айқындалған екі кезеңге құрылымдауға мүмкіндік 

береді (осы Бағдарламаның 

1-қосымшасы

 «Оқу жоспарында»,  

2-қосымшасы

 «Оқу-

тақырыптық жоспарында» сипатталған). 



      9. Бүкіл оқыту үдерісі оқытушы мен тыңдаушылардың интербелсенді 

ынтамақтастығына құрылады және бұл оқу үдерісіне қатысушы әр тұлғаның мейлінше 

ашылуына мүмкіндік береді. Ол педагогикалық өзара әрекеттесуге қатысушылардың 

жоғары дәрежедегі қарым-қатынасының интенсивтілігімен, іс-әрекеттің алмасуы және 

әртүрлі болуымен, тыңдаушылардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен, олардың 

рухани-адамгершілік өзін-өзі жетілдіруімен сипатталады 

      10. Бұл курста оқытудың келесі нысандары қолданылады: мультимедиалық 

презентацияны пайдалана отырып дәріс оқу, дәріс-диалог, практикалық сабақтар, 

тыңдаушылардың өздік жұмысы, консультациялар. Ұсынылған нысандардың кез келген 

түрі оқытушы мен тыңдаушылардың тығыз байланысын көздейді, бұл тыңдаушыларға 

қиындықтарды жеңуге, күрделі сұрақтарға жауап табуға, алынған білімдеріне сәйкес 

практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. 

      11. Оқыту барысында тыңдаушыларға «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу 

бағдарламасының аясында жаңартылған теория ұсынылады, оның негізгі тұжырымдарын 

олар көпшілік алдында қорғайды. Әрбір модульдің аяғында тыңдаушылар оылған курстың 

бір тақырыбы бойынша презентация қорғайды. Оқытудың бұл кезеңі жеке жұмысты және 

модульдің әрбір тақырыптарын талқылауды ұйғарады. 

      12. Бағдарлама бойынша алынған білімдердің тереңдігін анықтау үшін 

презентацияларды бағалаудың критерийлері айқындалған: 

      1) презентацияда тыңдаушының курс барысында тыңдалған тақырыптарының бір 

тақырыбы бойынша материалды және оның басты идеяларын дұрыс түсінуінің 

айқындалуы; 

      2) тақырыпты ашудың рухани-адамгершілік тұрғысынан тереңдігі; 

      3) берілген тақырып бойынша материалды таныстырудың айқын логикалық 

құрылымы; 

      4) презентацияда ғаламтордан алынған орынсыз материалдың болмауы; 

      5) тыңдаушының өмірі мен кәсіби әрекетіндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың 

алатын орны жөнінде нақты мысалдар келтіру; 

      6) тыңдаушы тұлғасы дамуының жалпымәдени деңгейі; 

      7) компьютерлік сауаттылық. 




54 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет