4. Пәнге шолу
15. Жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану бойынша бағдарламалардың
жаңаруы әзірлеу үдерісіне отандық білім беру саясатында рухани-адамгершілік
басымдықтарды күшейту мақсатында кіргізілді.
16. Оқыту жоспарындағы барлық жаңартылған бағдарламалардың жалпы құрылымы
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізгі
тұжырымдарымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңартылған оқыту
жоспарларлы келесі қағидалардың негізінде педагогикалық кадрлардың құзыреттіліктерін
кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады:
1) ізгілікке бағыттылық қағидасы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын
шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек оқушының емес, мұғалімнің де
қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен оқылған дәрістен тауып,
меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет;
2) жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны
адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық
құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту
үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни емес, адамның
физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын бірлікте қарастыратын
зайырлы білім;
3) әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды
дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап
етеді;
4) ұлттық мұра қағидасы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани
мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады;
5) табиғи сәйкестілік қағидасы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-
адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және
психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.
17. «Өзін-өзі тану» пәні жүрекке арналған білім болып табылады, ол қазіргі білім
беруді ішкі, рухани-адамгершілік мағынамен толықтыруға арналған. Білім берудің
мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының
физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамытып қоймай, ең алдымен,
баланың жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Сол кезде адамның
кемелдігінің таңы атады. Қазіргі қоғам жүрегі ашық, ой өрісі кең, қоғамға риясыз қызмет
етуге қабілетті білімді адамдарға мұқтаж.
18. Өзін-өзі тануға оқыту оқушылардың бойында жағымды ойлау білігін, өзінің
ойларына, сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілік алуын, эмоцияларын қадағалауын,
қарым-қатынас дағдыларын және риясыз қызмет етуін дамытады. Рухани-адамгершілік
өзіндік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгілік құндылықтарды уақытшадан, шынайыны
жалғаннан ажырата алады, өзінің білімдерін дұрыс пайдалана алады, бақытқа қол
жеткізіп, басқа адамдарды да бақытты етеді.
19. Өзін-өзі тануды оқыту үдерісінде оқушылар:
1) адамның жоғары рухани табиғаты, бүкіл тіршіліктің бірлігі туралы білімдер алады;
2) өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін түсінеді;
3) жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдануға үйренеді;
4) алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.
|