Жеткіншек жастағы балалардың ҚҰндылық бағдарларын қалыптастыру жолдары мұқият Айжан



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі31,72 Kb.
#118984
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мұқият Айжан МПК-011 (11)


МРНТИ 14.33.07
УДК 37.032


ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мұқият Айжан,
¹Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Қазақстан, Түркістан),
e-mail: aizhan.mukiyat@ayu.edu.kz
https://orcid.org/0000-0001-5996-3862


Аңдатпа: Бұл мақалада жеткіншек жастағы балалардың құндылық бағдарларын қалыптастыру проблемасы қарастырылған. Құндылық факторы - бұл тұтас ақыл-ойдың ажырамас бөлігі. Бұл келесі ерекшеліктерден көрінеді: адамның құндылық бағдарлары оның жеке басының ең маңызды сипаттамасы болып табылады, өйткені олар оның сыртқы әлеммен байланысын және өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтайды, адамның мінез-құлқын реттейді. Адам өзінің құндылық бағдарын біле отырып, әлемдегі өз орнын іздейді, өмірдің мәні мен мақсаты туралы ойланады. Жеткіншек жастағы балалардың құндылық бағдарларын қалыптастыру проблемасына келетін болсақ, біздің қоғамдағы сапалы өзгерістер жағдайында тәрбие мен халыққа білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер жайлы сөз туындайды. Жасөспірім кезіндегі сенімдердің қалыптасуы адамгершілік құндылықтар жүйесінің қалыптасу сипатының айтарлықтай сапалы өзгергендігін куәландырады. Бұл жасөспірімде қалыптасқан құндылық бағдарлары адамның қоршаған шындық пен қарым-қатынасының сипаттайды және сол арқылы белгілі бір деңгейде оның мінез-құлқын анықтайды.
Кілт сөздер: жеткіншек жастар, құндылық, құндылық бағдар, мінез-құлық, тәрбие.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет