Микроэкономика” пәнінен тест сұрақтары 1-тақырып. Микроэкономикаға кіріспе



бет1/11
Дата14.01.2023
өлшемі97,79 Kb.
#165499
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ìèêðîýêîíîìèêà” ï?í³íåí òåñò ñ?ðà?òàðû 1-òà?ûðûï. Ìèêðîýêîíîìèêà


Микроэкономика” пәнінен
тест сұрақтары


1-тақырып. Микроэкономикаға кіріспе

$ 1.
Микроэкономика нені оқытады:


A) Оңтамалы экономикалық шешімдерді.
B) Баға белгілеуді.
C) Ресурстарды тиімді орналастыруды.
D) Барлық жауап дұрыс.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 2.
Микроэкономика макроэкономикаға қарағанда мынаны оқытады:


A) Жеке тұтынушының іс-әрекетін.
B) Бір экономикасын.
C) Әрбір экономикалық көрсеткіштің өзгеруін.
D) Экономика құрылымы бірліктердің өзара байланысын.
E) Экономиканы тұтас жүйе ретінде.

$ 3.
Микроэкономика пәнін анықтайтын обьективті зерттеу:


A) Экономикалық субьектілер.
B) Игіліктер.
C) Экономикалық іс-әрекеттер.
D) Экономикалық обьектілер.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 4.
Не, қалай, кім үшін өндіру керек сұрақтары микро және макро


деңгейлерде шешіледі. Микроэкономикалық деңгейде төмендегі
сұрақтардың қайсысы шешіледі:
A) Жұмыспен толық қамтамасыз етілу деңгейі.
B) Не және қалай өндіру.
C) Экономикалық дамуды қолдау.
D) Инфляциядан арылу.
E) Инфляцияның қандай деңгейі болуы мүмкін.

$ 5.
Экономикалық субьектілер:


A) Экономикада қызмет атқаратын кез-келген бірліктер.
B) Қызмет көрсетулер.
C) Діни ұйымдар.
D) Қоғамдық ұйымдар.
E) Барлық жауапдұрыс.

$ 6.
Төменде келтірілгендердің қайсысын микроэкономика ғылымы зерттемейді:


A) Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығын.
B) Баға, сұраныс және ұсынысты.
C) Ақша табиғатын, мәнін және атқаратын қызметін.
D) Жеке тұтынушылардың іс-әрекетін.
E) Жеке фирмалардың іс-әрекетін.

$ 7.
Микроэкономикадағы “шекті” термині мынаны білдіреді:


A) Экономикалық мөлшердің кішігірім өзгерісін.
B) Экономикалық мөлшердің көп мөлшерде өзгерісін.
C) Экономикалық мөлшердің қосымша өзгерісін.
D) Экономикалық мөлшердің үлкен өзгерісін.
E) Экономикалық мөлшердің өте төмен өзгерісін.

$ 8.
Тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық қызметтерінің


обьектісі :
A) Баға.
B) Тұтыну.

  1. C) Игіліктер.

  2. D) Түсім.

  3. E) Өндіріс.

$ 9.
Экономикалық субьектілердің экономикалық игіліктер туралы


шешім қабылдауы:
A) Үйлестіру.
B) Микроэкономика пәні
C) Біріктіру.
D) Микроэкономика обьектісі.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 10.
Қолдану аясына байланысты игіліктер нешеге бөлінеді:


A) 1.

  1. B) 3.

  2. C) 4.

  3. D) 2.

E) 5.

$ 11.
Экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін


қарапайым түрде көрсету:
A) Экономикалық модель.
B) Эндогенді айнымалылар.
C) Маржиналдық талдау.
D) Шекті талдау.
E) Экзогенді айнымалылар.

$12.
Модельдерде қолданылатын 2 экономикалық айнымалыларды


көрсетіңіз:
A) Субьективті және обьективті.

  1. B) Экзогенді және эндогенді.

C) Тұрақты және айнымалы.
D) Экономикалық және бухгалтерлік.
E) Дұрыс жауап жоқ.
$ 13.
Төмендегі тұжырымдардың қайсысы экономикалық үлгі болады:
A) Жұмыссыздықтың өсуі инфляцияның төмендеуіне ықпал етеді.
B) Реформаның нәтижесінде, қазақстан тұрғындары жинақтарынан айырылады.
C) 2005 жылы қазақстан өнеркәсібінің құлдырауы болмайды.
D) Жұмыссыздықтың өсуі өндірістің төмендеуіне байланысты емес.
E) A) және B).

$ 14.
Егер жақсы экономикалық үлгі мынаны қарастырады:


A) Mодельдің сұрағына жауап беруге қажетті статистикалық ақпараттың өте кішкене бөлігін.
B) Бар ақпараттардың мүмкіндігінше көп болуын.
C) Барлық экономикалық сұрақтарға жүйелі жауап береді.
D) Барлық жауап дұрыс.
E) Дұрыс жауап жоқ.


$ 15.
Төмендегілердің қайсысы экономикалық үлгі болмайды:
A) Фирманың моделі.
B) Инфляцияның үлгісі.
C) Тұтынушылардың үлгісі.
D) Нарықтағы тепе-теңдік үлгісі.
E) Сұраныс үлгісі.

$ 16.
Айналым үлгісінде:


A) Кәсіпкерлер әрдайым тауарды ақшаға айырбастайды.
B) Үй шаруашылықтары әрдайым ақшаға тауарды айырбастайды.
C) Үй шаруашылықтары ресурстар нарығында сатушы болады, ал тауарлар нарығында сатып алушы болады.
D) Кәсіпкерлер тауар нарығында сатып алушы ғана бола алады.
E) Кәсіпкерлер тауар нарығында тек ғана сатушы.
$ 17.
Бәсекелес емес және шығарылып тасталмау мүмкіндігі қай түсініктің сипаттамасы болып табылады:
A) Нормалды тауарлар.
B) Қоғамдық игіліктер.
C) Нашар тауарлар.
D) Дефицит тауарлар.
E) Сапасы жоғары тауарлар.

$ 18.
Қоғамдық игіліктердің жеке игіліктерден айырмашылығы неде:


A) Бөлінбейді және жеке қолдануда болмайды.

  1. B) Бөлінеді.

C) Бөлінеді, бірақ жеке қолдануда болмайды.
D) Бөлінеді, қоғамдық қолдануда болмайды.
E) Тек мемлекеттік қолдануда болады.
$ 19.
Төмендегі игіліктердің қайсысы қоғамдық игілікке жатпайды:
A) Полиция.
B) Су тасқынын қорғау.
C) Ел қорғанысы.
D) Электрқуаты.
E) Асфальтті жолдар.

$ 20.
Тұтыну кезінде бірін-бірі еш уақытта да ауыстыра алмайтын біртекті қажеттілікті қанағаттандыру үшін бірігіп пайдаланатын игіліктер былай деп аталады:


A) Жетілген субституттар.
B) Жетілмеген субституттар.
C) Жетілген комплементарлы игіліктер.
D) Жетілген және жетілмеген субституттар.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 21.
Антиигіліктер түсінігі:


A) Антиигіліктер бұл теріс пайдалылықты иеленетін игіліктер.
B) Антиигіліктер жиыны нақтылықта жоқ.
C) Игілік пен антиигілік түсінігі арасында шекара жоқ.
D) Антиигілік жекелеген жағдайларда тұтыну.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 22.
Келесі көрсетілгендедің қайсысы қоғамдық игілік бола алмайды:


A) Қоғамдық транспорт.
B) Орта білім жүйесі.
C) Ел қорғанысы.
D) Қала көшелері мен алаңдарын көгалдандыру.
E) Таза ауа.

$ 23.
Белгілі бір игілікті иемдену нәтижесіндегі тұтынушының әл-


ауқатындағы таза ұтысы:
A) Шекті тиімділік.
B) Тұтынушы артықшылығы.
C) Тұтынушы пайдасы.
D) Жеңілдетілген сұраныс.
E) Шекті түсім.

$ 24.
Таза қоғамдық игілік өндірісінің көлемі тиімді болып саналады, егер де:


A) Игілік өндірісінің қоғамдық шекті шығындары оны тұтынудағы қоғамдық шекті табысында тең болса.
B) Қоғамдық игілік шекті табысқа тең болса.
D) Игілік жеке дара шекті табысқа тең болса.
C) Игілік ең аз шығындармен өндірілсе.
E) Игілік ең көп шығындарға тең болса.

$ 25.
Қоғамдық игіліктерді ұсынудағы нарықтық шектеулі мүмкіншілігі немен байланысты:


A) Жеке өндірушілердің игіліктерді анықтай алмайтындығы.
B) Қоғамдық игіліктердің нарықтағы жоғары бәсекелестігімен.
C) Игіліктердің бағасын мемлекеттік реттеумен.
D) Тұтынушылардың тұтынылған игіліктерді төлеуден жалтару қабілеттігімен.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 26.
Төменде аталғандардың қайсысы қоғамдық игілік болып


табылады:
A) Прожектор.
B) Электр қуаты.
C) Жеке табыстар.
D) Полиция.
E) Барлығы да қоғамдық игілік.

$ 27.
Экономикалық субьектілердің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы:


A) Үйлестіру.
B) Сиректік категориясы.
C) Тапшылық.
D) Үнемдеу проблемасы.
E) Артықшылық.

$ 28.
Игіліктердің шектеулігі ұғымының мағнасы:


A) Игілікті тұтынуда әрбір субьектінің өзін-өзі шектеуі.
B) Игіліктің сиректігі және жетіспеуі.
C) Игіліктер мен технологияның болуы.
D) Игіліктер мен технологияның жетіспеуі.
E) Игіліктердің аз мөлшерде болуы.

$ 29.
Қоғамдық игіліктің жеке игіліктен айырмашылығы:


A) Тұтынудан алынып тасталынбайды және ұжымдық пайдаланылады.
B) Жеке қолданыста болады.
C) Бөлінеді және жеке қолданылады.
D) Бөлінеді және қоғамдық қолдануда болмайды.
E) Бөлінбейді және жеке қолданыста болады.

$ 30.
Сіз игілік жетіспеушілігін қалай түсінесіз:


A) Игіліктердің жетіспеуі бұл сатып алуы қиын игіліктер.
B) Өндірілмейтін игіліктер.
C) Сатып алу мүмкін емес игіліктер.
D) Игіліктердің оларды тұтынуға қарағанда шекті болуы.
E) Барлық жауап дұрыс.
$ 31.
Қай термин адамдардың төлем қабілеті мен қалауын көрсетеді:
A)Қажеттілік
B) Сұраныс.
C) Қалау.
D) Ұмтылу.
E) Ұсыныс.

$ 32.
Төмендегі тұжырымдардың қайсысы сұраныс анықтамасын береді:


A) Кез келген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы.
B) Тұтынушының белгілі бір уақыт аралығында берілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының мөлшері.
C) Берілген нарықтағы заттардың көлемі.
D) Тұтынушының белгілі бір тауар түрін таңдауы.
E) Барлық жауап дұрыс.
$ 33. Сұраныс функциясы дегеніміз:
A) Заттың бағасы мен оның көлемі арасындағы қатынас.
B) Заттың бағасы мен табыстың арасындағы өзара байланысы.
C) Заттың көлемі мен өндірістік фактордың арасындағы қатынас.
D) Заттың бағасы мен шығындар арасындағы байланыс.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 34. Сұраныс қисығы төмендегі тұжырымдардың қайсысын көрсетеді:


A) Баға мен сұраныс көлемінің арасындағы кері тәуелділікті.
B) Баға менсұраныс көлемі арасындағы тура тәуелділікті.
C) Баға менсұраныс көлемі арасындағы оң байланысты.
D) Нарықтағы бағалар серпінін.
E) Нарықтағы сату көлемінің серпінін.

$ 35. Жалпы жағдайдағы сұраныс функциясы дегеніміз:


A) Сұраныс көлемі оған әсер ететін факторлардың арасындағы қатынас.
B) Сұраныс көлемі мен шығындардың арасындағы байланыс.
C) Сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы өзара байланыс.
D) Сұраныс көлемі мен өндіріс факторлары арасындағы байланыс.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 36. Қоғамдық игілікке сұраныс қисығы:


A) Бұл игілікке жеке сұраныс қисықтарының вертикалды сомасына қарағанда қисық сызық.
B) Бұл игілікке жеке сұраныс қисықтарының горизонтальды сомалау жолымен табылады.
C) Бұл игілікке жеке сұраныс қисықтарының вертикалды сомалау жолымен табылады.
D) Осы игілікке жеке сұраныс қисықтарының вертиккалды сомалау жолымен табылады.
E) A) және C).

$ 37. Сұраныс факторларына жататындар:


A) Берілген тауардың бағасы.
B) Берілген тауарды алмастыратын және толықтыратын тауарлардың бағасы.
C) Табыс көлемі.
D) Барлық жауап дұрыс.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 38.
Сұраныс қисығының бойымен жылжып отыру төмендегі тұжырымдардың қайсысын сипаттайды:


A) Тұтынушының табысы өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің өзгеруі.
B) Бағаның әр түрлі деңгейге сәйкес сұраныс көлемінің өзгеруі.
C) Сұранысқа бағалық емес факторлардың әсер етуі.
D) Басқа факторлардың әсерінен сұраныстың өзгеруі.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 39.
Сұраныс заңы бойынша:


A) Тауарға деген сұраныс ұсынысқа тәуелді.
B) Тауардың бағасы тұтынушылардың табысына байланысты.
C) Тауардың бағасы арзандаған сайын осы тауарға деген тұтынушының сатып алу ынтасы арта түседі.
D) Тауардың бағасы қымбаттаған сайын тұтынушының сатып алу ынтасы артады.
E) Тауардың бағасы арзандаған сайын осы тауарға деген тұтынушыны сатып алу ынтасы төмендейді.

$ 40.
Қой етінің қымбаттауы сиыр етіне деген сұранысты өсіреді. Соның салдарынан:


A) Сиыр еті мен қой етіне деген сұраныс қисықтарды өзгереді.
B) Тек сиыр етіне деген сұраныс өзгереді.
C) Тек қой етіне деген сұраныс қисығы өзгереді.
D) Ешқандай өзгеріс болмайды.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 41.
Белгілі бір уақытта Х тауарына деген сұраныс көлемі Q1-ден Q2-ге өзгерді дейік. Себебі:


A) Х тауарын толықтыратын тауардың бағасы өсті.
B) Х тауарын алмастыратын тауардың бағасы өсті.
C) Осы тауардың бағасы өсті.
D) Осы тауардың бағасы кеміді.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 42.
Нарықтағы ұсыныстың көлемін анықтау үшін:


A) Белгілі бір ұсыныс көлеміне сәйкес келетін бағаларды қосамыз.
B) Кез-келген өндірушінің ең көп ұсыныс көлемін табамыз.
C) Белгілі бір бағаға сәйкес келетін жеке ұсыныстардың көлемін қосамыз.
D) Теңдестік бағаға сәйкес келетін ұсыныс көлемін қосамыз.
E) Барлық ұсыныс көлемін қосамыз.

$ 43.
Нарықтық ортада үш өндіруші бар делік. Егер картоптың бағасы


25 теңге болған уақытта олардың жеке ұсыныстары мынандай: А-
400 кг, В-320 кг, С-180 кг болса, онда жалпы нарықтық ұсыныс
төмендегінің қайсысы:
A) 400кг.
B) 320кг.
C) 900кг.
D) 1000кг.
E) 700кг.

$ 44.
Нарықтық ортада тауар тапшылығының болуы үшін:


A) Тауарға деген сұраныс көлемі ұсыыныс көлемінен аз болуы крек.
B) Тауардың сату бағасы теңдестік бағасынан төмен болуы қажет.
C) Тауардың бағасы теңдестік бағасынан жоғары болуы керек.
D) Тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен көп болуы қажет.
E) Тауардың ұсыныс көлемі мен сұраныс көлемі тең болуы қажет.

$ 45.
Сұраныс Qd=20-P пен ұсыныс Qs=10+P функциялары берілген. Онда тауардың теңдестік бағасы мен көлемі қандай болады:


A) P=10; Q=12.
B) P=5; Q=15.
C) P=12; Q=7.
D) P=16; Q=3.
E) P=10; Q=11.

$ 46.
Таблицада көрсетілген мәліметтер бойынша тепе-теңдік көлемі мен тепе-теңдік бағаны табыңыз:







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет