Микроэкономика” пәнінен тест сұрақтары 1-тақырып. Микроэкономикаға кіріспе



бет8/11
Дата14.01.2023
өлшемі97,79 Kb.
#165499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ìèêðîýêîíîìèêà” ï?í³íåí òåñò ñ?ðà?òàðû 1-òà?ûðûï. Ìèêðîýêîíîìèêà
сұрақтар Қаржы менеджмент Бахыт Е 2, ВНД и ее станов в процес разв школьн (для студ)
7-тақырып. Жетілген бәсеке нарығы

$ 191.
Бәсеклестік жетілген нарықта төмендегі тұжырымдардың қайсысы орындалмайды:


A) Фирманың шекті түсімі мен шекті шығыны бір-біріне тең болғанда, осы фирма теңдестік жағдайына ие болады.
B) Фирманың өніміне деген сұраныс қисығының бұрыштық коэффиценті теріс сан болады.
C) Орташа және шекті шығындардың қисықтары И кескінді болады.
D) Фирманың өніміне деген сұраныс қисығы горизонталь түзу болады.
E) A) және C) пунктері дұрыс.

$ 192.
Қысқа мерзімде өз пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізгісі келетін немесе шығынын ең төменгі шамаға дейін азайтқысы келетін фирма жұмысын мүлдем тоқтатады, егер:


A) Өнім бағасын орташа шығынның ең төменгі шамасынан аз болса.
B) Орташа тұрақты шығын өнім бағасынан жоғары болса.
C) Жалпы түсім жалпы шығыннан аз болғанда.
D) Өнім бағасы орташа айнымалы шығынның ең төменгі шамасынан аз болғанда.
E) Айнымалы шығын өнім бағасынан төмен болғанда.

$ 193.
Бәсекелестік жетілген нарықта:


A) Өндіріс саласындағы фирмалар бір үлгідей тауарлар шығарады.
B) Бұл тауарларды сатушылар нарықтық бағаның өзгеруіне ықпал жасай алмайды.
C) Сатып алушылар мен сатушылар нарықтық бағаның өзгеруіне ықпал жасай алмайды.
D) Жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
E) Мәліметтер жеткіліксіз.

$ 194.
Процент-бұл :


A) Қарыз қаражаттарды қолданған үшін төлем.
B) Монопольді баға.
C) Материалды ресурс бағасы.
D) Дайын өнім бағасы.
E) Шикізат бағасы.

$ 195.
Экономикалық пайда:


A) Ұзақ мерзімде бәсекелестік жетілген нарықта болмайды.
B) Жалпы шығындар жалпы түсімнен көп болған жағдайда болады.
C) Шекті түсім шекті шығыннан көп болған жағдайда болады.
D) Тұрақты шығындармен айнымалы шығындар арасындағы айырма.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 196.
Экономикалық рента-бұл:


A) Кез келген ресурсқа қаржылай төлем.
B) Дайын өнім бағасы.
C) Шекті ресурсқа төлем.
D) Бәсеке нарығындағы ресурс бағасы.
E) Кез келген ресурсты қолдану төлемі.

$ 197.
Бәсеклес фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы:


A) Шекті шығын қисығына сәйкес келеді.
B) Орташа шығын қисығының кемитін бөлігі.
C) Орташа шығын қисығының өсетін бөлігі.
D) Шекті шығын қисығының орташа айнымалы шығындар қисығынан жоғары орналасқан бөлігі.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 198.
Егер екі индивид тауарларымен алмасса, онда екеуі де ұтады, себебі:


A) Тұтынудың жалпы көлемі өседі.
B) Өнімнің жалпы көлемі өседі.
C) Өнімнің жалпы шығындары төмендейді.
D) Өнімнің жалпы пайдалылығы өседі.
E) Өнімнің жалпы көлемі өседі, сосын төмендейді.

$ 199.
Фирманың ең ұтымды өнімнің көлемі белгілі делік. Осы жағдайда фирманың шекті шығыны орташа шығынан көп болса, онда фирма:


A) Пайда алады.
B) Өндірісті тоқтатпайды.
C) Орташа шығын қисығының ең төмен шамасынан оңға қарай орналасқан нүктесіне сәйкес келетін өнім көлемін таңдап алады.
D) Жоғары деңгейдегі өнімдерді өндіреді.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 200.
Бәсекелес фирма ең жоғары пайдаға қол жеткізу үшін өнім көлемін былай таңдайды:


A) Орташа жалпы шығын шығынға тең болатындай етіп.
B) Орташа түсім шекті шығынға тең болатындай етіп.
C) Орташа тұрақты шығын шекті шығынға тең болатындай етіп.
D) Шекті түсім орташа шығынға тең болатындай етіп.
E) Орташа айнымалы шығын шекті шығынға тең болатындай етіп.

$ 201.
Төмендегі жалпы пайдалылық мәндерінің қайсысы шекті пайдалықтадың азаю заңын көрсетеді:


A) 200, 150, 100, 50.
B) 200, 30, 40, 500.
C) 200, 200, 200, 200.
D) 200, 250, 270, 280.
E) 200, 350, 450, 600.

$ 202.
Жалпы түсім мен жалпы шығындар арасындағы айырма:


A) Пайда.
B) Түсім.
C) Шығын.
D) Рента.
E) Сұраныс.

$ 203.
Фирманың жалпы шығыны фуннкция түрінде беріліп ТС =6 Q + 2Q квадрат оның әрқайсысын 30 теңгеден сататын болса, онда осы фирманың ұтымды өнімдері қандай:


A) q = 10.


B) q = 6.
C) q = 12.
D) q = 5.
E) Q=11.

$ 204.
Баға төмендегі көрсеткіштердің қайсысынан жоғары болғанда


фирма шығындарымен жұмыс істей алмайды:
A) Жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен.
B) Шекті шығындардың ең төменгі деңгейінен.
C) Орташа айнымалы шығындардың ең төменгі деңгейінен.
D) Тұрақты шығындардың ең төменгі деңгейінен.
E) Трташа тұрақты шығындардың ең төменгі деңгейінен.

$ 205.
Жетілген бәсеке нарығында жұмыс істеп тұрған фирма, тауардың басы P = 250 теңге болғанда, қандай шамада өнім шығаруы керек. Шекті шығындар функциясы берілген МС =10+Q:


A) 100.
B) 250.
C) 240.
D) 0.
E)10.
$ 206.
Қысқа мезімде бәсекелес фирма тауар өндірісін тоқтадады, егер:
A) Баға шекті шығындардан төмен болса.
B) Тауар бағасы орташа айнымалы шығындардың минималды деңгейінен төмен болса.
C) Баға минималды орташа жалпы шығындардан төмен болса.
D) Жалпы табыс жалпы шығындарды өтемесе.
E) Баға орташа жалпы шығынға теңессе.

$ 207.
Жетілген бәсеке нарығында Лернер коэффицентінің мәні қандай болады:


A) 1.
B) Теріс сан.
C) Оң сан.
D) 0.
E) –1.

$ 208.
Төменде аталғандардың ішінде қай белгі тек қана жетілген бәсекеге тән болады:


A) Фирма пайдасын мейлінше арттырады.
B) Фирма нарықта үстемдік жүргізе алмайды.
C) Нарықтың шарттары туралы ақпараттар жеткілікті.
D) Баға фирманың шекті түсіміне тең.
E) Фирма ұзақ уақыт мерзімінде экономикалық пайда алады.

$ 209.
Жетілген бәсеке нарығындағы пайданы мейлінше арттыру шарты: P- баға MR- шекті түсім MC –шекті шығындар:


A) P>MR
B) P> MC
C) MC
D) MR>MC
E) P=MR=MC.

$ 210.
Бәсекелес фирманың «азын-аулақ және көптікң деген белгісі нені білдіреді:


A) Сатып алушылар аз және сатушылар көп.
B) Тауарлар көп, сатушылар аз.
C) Тауарлар аз, сатушылар көп.
D) Сатып алушылар көп, фирманың түсімі аз.
E) Сатып алушылар мен сатушылар саны көп, ал әрбір фирманың сату үлесі аз.

$ 211.
Егер фирманың өніміне деген сұраныс қисығы P=25, ал өнім көлемі Q болса, онда түсім қисығының түрі қандай:


A) R=25Q.
B) R=25+Q.
C) R=25-Q.
D) R=Q-P.
E) R=Q.

$ 212.
Егер түсімі 40 мың теңгеге тең болып, ал шығындары 35 мың теңгені құраса, онда фирманың пайдасы қандай:


A) 5 мың.
B) 35 мың.
C) 40 мың.
D) 75 мың.
E) 0.

$ 213.
Егер түсім қисығы R=15Q формуласымен бейнеленсе, онда бәсекелес нарықта баға қандай болады:


A) –15.
B) 15.
C) 225.
D) 25.
E) 10.

$ 214.
Егер өнімнің бағасы P=20 теңге, ал өнімнің бір бөлігіне шаққандағы орташа шығындар ATC=18 теңге болса, өнімнің бір бірлігіне шаққандағы пайда қаншаға тең болады:


A) 2.
B) 20.
C) 18.
D) 38.
E) –2.

$ 215.
Сапа бойынша бәсеклестікті бәсекенің қай түріне жатқызуға


болады:
A) Бағалық бәсеке.
B) Стратегиялық бәсеке.
C) Бағалық емес бәсеке.
D) Территориялық бәсеке.
E) Өткізу нарығы үшін бәсеке.

$ 216.
Егер өнім шығару көлемі Q=5 кезінде әрбір фирма пайдасын мейлінше артыратын болса, нарықтағы сұраныс көлемі 150-ге тең десек, онда нарықта неше фирма жұмыс істейді:


A) 750
B) 150
C) 155
D) 30
E) 5.

$ 217.
Нарық құрлымындағы қандай нышандарында таза бәсеке белгілері бар:


A) Сатушылар бағаны берілген деп қабылдайды, оған әсер ете алмайды.
B) Сатушылардың салаға енуіне шектеу қойылған.
C) Сатушылар ортақ стратегия қабылдайды.
D) Сатып алушылар бағаға әсер ете алмайды.
E) Фирма бағаны өзі тағайындайды.

$ 218.
Фирма салаға қандай жағдайда келе алады:


A) Фирманың салаға келуі оның пайдасына байланысты.
B) Фирманың салаға келуі және кетуі ешқандай сала факторларымен белгіленбейді.
C) Фирма салаға тек өзінің ұзақ мерзімді аралықта пайда таба алатындығына сенген жағдайда келе алады.
D) Фирманың салаға келуі ешқандай факторлармен шектелмейді.
E) Фирманың салаға келуі ұзақ мерзімді шығындарына байланысты.

$ 219.
Парето-оптималдықтың барлық шарттарының орындалуы тек:


A) Жетілген бәсекеде.
B) Реттелген монополияда
D) Монополистік бәсекелестікте.
C) Олигополияда.
E) Таза монополияда.

$ 220.
Жетілген бәсеке жағдайында жалпы экономиканың тепе-теңдік болуының шарты-бұл:


A) Экономиканы мемлекеттік реттеу.
B) Барлық ресурстар шексіздігі.
C) Барлық тұтынушылар үшін пайданы жоғарлату.
D) Барлық өнімдер мен ресурстар нарығында сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдік жағдайды ұстап тұру.
E) Бекітілген шығын деңгейі.

$ 221.
Мына көрсетілгендердің қайсысы жаңа бәсекелестіктердің кейбір нарыққа кіріп кетуіне кедергі бола алмайды:


A) Белгілі нарықта әрекет етуші барлық фирмалар орындауға міндетті қоршаған ортаны қорғау туралы стандарттар.
B) Патенттік заңдар.
C) Мемлекеттік лизензия.
D) Анти-трестік заңдар.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 222.
Аталған жағдайлардың қайсысы жетілген бәсеке нарығына қатысты:


A) Сұраныс қисығы кері көлбеу жасайды.
B) Фирма-жалғыз өндіруші.
C) Фирмалар бағаға әсер ете алмайды.
D) Фирмалар бағаға үлкен әсер етеді.
E) Жалғыз сатушының болуы.

$ 223.
Жетілген бәсеке нарығында фирма төменде аталғандардың қайсысын берілген деп санайды:


A) Сұраныс көлемін.
B) Тауардың бағасын.
C) Орташа шығындар қисығын.
D) Тәртіп стратегиясын.
E) Тұрақты шығындар қисығын.

$ 224.
Егер өнімді өндіруге кеткен орта шығындарды өнім бағасы жаба алмайтын болса, онда жетілген бәсекелі фирма:


A) Тауар өндірісін P=MC ал P>AVC деңгейінде жалғастыру.
B) Өндірісті тез арада тоқтатуы қажет.
C) Жаңа технологияны таңдау.
D) Қосымша шығындарды қысқарту.
E) Өндірісті толығымен жабу.

$ 225.
Фирма жұмыс күшінің бәсекелес нарығында жұмысшыларды төмендегі шарт орындалғанға дейін жалдай береді:


A) Жұмыссздық деңгейі табиғи деңгейге жеткенге дейін.
B) Еңбекақы нақты еңбекақыға тең болғанға дейін.
C) Еңбекақы еңбектің шекті өніміне тең болғанға дейін.
D) Еңбекақы еңбектің шекті өнімінен жоғары болғанға дейін.
E) Еңбекақы еңбектің шекті өнімінен төмен болғанға дейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет