Эмоционалды күйіну (
ағылш.
Burnout) түсінігі ұзақ мерзімді өзіндік
дәрменсіздік, қажу, әрекетсіздік күйін білдіреді. Бұл терминді 1974 жылы
американдық ғалым Дж.Х.Фрейденбергер кәсіби көмек кезіндегі толық
эмоционалды атмосферада клиенттер мен науқастармен қарқынды және
тығыз қарым-қатынаста болатын сау адамдардың күйзелістік жағдайларын
сипаттау үшін еңгізген. Эмоционалды дағдарыс нәтижесінде, неврологиялық
ауытқуларға,
психосоматикалық
ауруларға
алып
келуі
мүмкін.
(Ш.А.Амонашвилидің атасы жайында «Жүрекке ой салу» жайында мысал).
Рим клубы -1968 жылы құрылған әлемдік саяси, қаржылық, мәдени және
ғылыми элитаның өкілдерінен біріктірілген халықаралық қоғамдық ұйым
Ғылыми-техникалық
революция
дәуіріндегі
адамзат
дамуының
ерекшеліктерін терең түсіну мақсатында итальяндық экономист А. Печчеи
Рим клубы президентіне сайланды. Оған әлемдегі 30 дамыған елдердің 100-ге
тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Рим
клубының
негізгі
бағыттары:
адамның
қажеттіліктері
мен
тұтынушылықтарына шек қою. 1972 жылы Рим клубы алғашқы
баяндамасында: табиғи ресурстардың сарқылғандығы, апатты жағдайлардың
орын алғандығы көрсетілген. Нәтижесінде көптеген елдерде қоршаған
ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды.
Тұтынушылық идеология тұлғаның рухани дамуына нұқсан келтіреді.
Шығу жолы: «жаңа аскетизм» идеологиясын қабылдау. Материалдық
құндылықты рухани құндылыққа қайта бағдарлау қажет. А.Печчеи: Адам
өзін-өзі өзгертуді ойлауы керек. Өндірістің ұлғаюын тежеп, тұтынушылық
идеологияны рухани жетілуге қайта бағыттауы тиіс. Мәселенің шешімі –
10
адамның рухани дүниесінде. Философтардың пікірінше, адамзаттың ең
негізгі, өзекті мәселелері экономикалық та, саяси да, ғылыми да емес, ең
бірінші - рухани-адамгершілік.
Конфуций Б.з.б 551ж -Данышпанның жауабы: Гун ақылды,бірақ жалқау,
Лу ержүрек, бірақ ақылды емес, Чжан еңбекқор, бірақ қызғаншақ. Гун
ақылдың жалқауға бақыт әкелмейтінін білмейді. Лу ержүректіктің
абайламаса өлімге апаратынын білмейді. Чжанның еңбекқорлығы
қызғаныштықпен бірге өмір сүре аламайтынын білмейді деп жауап беріпті.
Жаһандық мәселелерді тек адамның қасиеттерін өзгерту арқылы ғана
шешуге болады. Ол үшін жаңа гуманизм қажет. Оған кіретін құндылықтар:
жаhандық
(ақиқат,
тыныштық); -
әділетке
деген
сүйіспеншілік
(сүйіспеншілік, дұрыс әрекет); - зорлыққа наразылық білдіру; (қиянат
жасамау);
Адамның жаны тыныш болса, отбасында татулық орнайды Отбасында
тыныштық болса, қоғамда татулық орнайды Қоғамда тыныштық болса,
мемлекетте татулық орнайды Мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде
татулық орнайды
«Өзін-өзі тану әлемінде әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап
қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған
мейірімді адал, елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін адал адам тәрбиелейтініміз
сөзсіз.» С.А.Назарбаева «Өзін-өзі тану» жобасы аясында іске асып жатқан
рухани-адамгершілік білім жүйесінің мәні ерекше.
Қорытынды:
Рухани-адамгершілік - жалпыадамзатты біріктіреді.
Рухани-адамгершілік – әрбір адам бойындағы сүйіспеншілікпен,
ақиқатты тануымен, ар-ождандық қасиеттері мен құндылықтарымен
ерекшеленеді.
Руханилық – өмірде аса маңызды да биік нәрсенің бар екеніне о-
бастан-ақ саналы немесе саналы емес бағдар. Ол адамның шындыққа,
мейірімділікке, сұлулыққа деген табиғи, үнемі қажетті іңкәрлігі мен
құштарлыққа ұмтылысынан көрінеді.
ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны
игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың
тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге
алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп,
әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы қалыптасқан әлемдік ғылыми
біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудің алғы бастамасы
болды. Бұл үдерістің көріністерінің бірі ретінде алдыңғы қатарлы дамыған
елдерде және әртүрлі континенттердегі ұлтаралық бірлестіктерде бірыңғай
ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады.
«Дүниенің тұтастығы» дегеніміз — дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту
мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен
халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің
11
тұтастығы» — қазіргі замаңцағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық
мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын
біріктіретін «жаңа заман мәде¬ниетінің» тағдыры — адамзаттық
құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға,
ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық
мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық
қатынасқа тікелей байланысты. XX ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің
өмір сүретіндігін жоққа шығар- ған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік
моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі —
«дүниежүзілік пролетарлық революция» (сталинизм) идеясы. Ол таптық
құнды¬лықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана
ұлттық мөдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі)
мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан
миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты
туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы
мәдениетке» айналуы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі
пайда болды. Осы орайда, жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын
қозғалыстың өте күрделі процесс екендігін ерекше атап өткен жөн. Орын
алған қарама-қайшылықтарды шешуде түрлі мәдени бағыттарды,
көзқарастарды, пікірлерді есепке алмасқа тағы болмайды. Жалпы адамзаттық
мәдениет-жолындағы қайшылыққа толы алғашқы «Біз — Олар» жолы — өте
күрделі процесс, ал бұл формулаға сүйенсек тағылық заманға қайтып оралған
болар едік.
Достарыңызбен бөлісу: |