Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата06.06.2020
өлшемі1,12 Mb.
#72499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
kn-teor-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

1 ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 



 

1.1 Адамгершілік-рухани білім беру адамзаттық жаһандану 

дағдарысты өту тәсіл ретіңде 

«Отбасында,  мектепте,  қоғамдық  орындарында  үлкендер  мен  бала 

арасындағы  сыйластық,  махаббат  пен  мейірімділік,  шапағат  шуағы  мен 

ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын 

сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл  – қызымызға көзбе  - көз айтқан 

сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет»   

Сара Алпысқызы. 

Рухани  тәрбиенің  маңыздылығы  Василий  Сухомли́нский  (1918-1970 

жж.)  «Бала  кезде  үш  жастан  он  екі  жасқа  дейінгі  аралықта  әр  адам  өзінің 

рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани 

тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас 

баланың  рухының  өсіп  жетілуіне  қажетті  нәрсенің  мол  қоры  бар  рухани 

азық» – деп атап көрсеткен болатын.  

Руханилықтың  негізінде  адамның  мінез-құлқы  қалыптасады,  ар  -  ұят, 

өзін  -  өзі  бағалау  және  адамгершілік  сапалары  дамиды.  Мұның  өзі 

мейірімділікке, ізгілікке шақырады. 

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік 

қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр 

адамға  тән  асыл  қасиеттер.  Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы  -  халқында, 

отбасында,  олардың  өнерлерінде,  әдет-ғұрпында.  Әр  адам  адамгершілікті 

күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.   

«Мен  үш  қасиеттімді  мақтан  тұтам»  Олар:  жалған  айтпадым; 

жақсылықты сатпадым; һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.   

Рухани  –  адамгершілік  –  адамдарға  деген  ізгі  ниеттілік,  құрмет, 

жанашырлық  пен  сенім,  кеңпейілділік,  басқалардың  мүддесі  үшін  жан 

аямаушылық  сияқты  жеке  қасиеттерді  қамтиды.  Бір  минутқа  да 

күмәнданбаймын осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру 

үшін  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  жаңғырту  керек,  өзіңнің  бастауыңа 

оралуың қажет. С. А. Назарбаева. 

«Өзіңді өзің танысаң істің басы...»   Ш. Құдайбердіұлы ( 1858-1931) Ол 

бүкіл  батыс  Европа,  Шығыс  елдері  ғалымдарының,  философтарының 

еңбектерін  зерттейді  және  өз  тұжырымын  жасайды.  Мысалы:  «Үш  анық» 

еңбегінде, жалпыадамзатты жаратушы бір күш бар – ол бірінші анық- дейді. 

Ал, рух өлмейді,  жан мәңгілік  - бұл екінші анық  - деді. Үшінші анық  - ар-

ұждан  деп,  оны  білімнен  де,  ғылымнан  да,  бәрінен  де  жоғары  қояды. 

Жалпыадамзаттық  құндылықтар  адам  бойында    тумысынан  болады.  Рух 

дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы.  

Жалпыадамзаттық 

құндылықты 

оқыту 


Оқыту 

үрдісіне  

жалпыадамзаттық  құндылықтарды  енгізу  арқылы  адамның  рухани  өсуіне 

жағдай  жасаймыз.  Мәңгілік  құндылықтар  білімнің  негізгі  өзегі  болып 




 

табылады.  Жалпыадамзаттық  құндылықтарды  адамның  бойынан  жарыққа 



шығару    ізгілікке  апарады,  яғни,  мінезін  өзгертуге  болады.  Адамның 

жақсылыққа  ұмтылуы,  ақиқатқа  жүгінуі  оның  болмысынан  ішкі  жан 

дүниесінде  бес  құндылықтың  бар  екенінің  дәлелі.  Мейірімді  мінесіз  адам 

білімді адам болып саналмайды. 

Қазіргі  замандағы  жаһандық  мәселелер  Жаһандану  ұғымы,  жалпы 

алғанда,  әлемдік  өркениеттің  аса  маңызды  өлшемдерінің  жалпыадамзаттық 

өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Бүкіл әлемдік даму үдерісі жаһандануға 

алып  келмей  қоймайды.  Бұл  үдеріс  бүкіл  әлемдік  жалпыадамзаттық 

құндылықтардың тұтастығын талап етеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет