2. Бағдарламаға шолу
5. Бағдарлама мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тыңдаушы тұлғасын
рухани-адамгершілік тұрғысынан өзгерту, оның рухани-адамгершілік әлеуетін ашу,
педагогикалық кадрлардың, білім беру ұйымдары басшыларының ұйымдастырушылық-
басқару мәдениетін жетілдіру.
6. Бағдарлама міндеттері:
1) аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі білім беруді басқару
құрылымдарының қызметкерлерін, білім беру ұйымдарының басшыларын, олардың
орынбасарларын басшы қызметкердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға қажетті
білімдермен, іс-әрекет тәсілдерімен қамтамасыз ету;
2) аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі білім беруді басқару құрылымдары
қызметкерлерінің, білім беру ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының
жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту үдерісін ұйымдастырудың
практикалық дайындығын қамтамасыз ету;
53
3) аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі білім беруді басқару құрылымдары
қызметкерлерінің, білім беру ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының
басшылық қызметтерін «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының
идеяларына сәйкес жүргізу дайындығына мүмкіндік туғызу.
7. Оқыту нәтижелері:
1) жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсіну;
2) жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген білім беру немесе басқару үдерісін
құрудың ерекшеліктерін білу;
3) өзін-өзі тану мұғалімі лауазымына мұғалімдерді іріктеудің критерийлерін білу;
4) өзіндік рухани-адамгершілік кемелденуге талпыну қажеттілігін түсіну.
Достарыңызбен бөлісу: |