5. Оқу Бағдарламасын әзірлеу
18. «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздерін зерделеу екі модуль
бойынша ұйымдастырылған:
1) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи және
психологиялық-педагогикалық негіздері;
2) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының
аксиологиялық негіздері.
19. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны, оны білу және түсіну модульдер бойынша
ұйымдастырылған, олар рухани-адамгершілік білім берудің мақсаттарын айқындайтын
тақырыптарға бөлінген: қазіргі білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілімдемелері,
пәннің тарихи және аксиологиялық негіздері.
20. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының тарихи және
психологиялық-педагогикалық негіздері» модулі тыңдаушылардың адамзаттың жаһандық
мәселелері мен оларды шешудің жолдарын, тарихи әлемдік және отандық мұралардың
өзін-өзі тану идеяларының негізі екенін, рухани-адамгершілік білім берудің
психологиялық-педагогикалық аспектілерін, өзін-өзі тануды басқа пәндермен
интеграциялау мүмкіндіктерін түсінуін қамтамасыз етеді.
21. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық
негіздері» модулі тыңдаушыларға өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін,
жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару қағидасының мәнін, өзін-өзі тану
мұғалімінің рөлін, шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттерін түсінуге көмектеседі.
22. Осы Бағдарламаның
3-қосымшасына
сәйкес өзін-өзі танудың пәндік бағдарламасын
әзірлеудің негізі спиральды оқыту болып табылады.
24. Спиральды білім беру бағдарламасын әзірлеу осы Бағдарламаның
4-қосымшасы
«Өзін-өзі танудың мазмұндық бөлімдерінің әдістемелік сипаттамасына» сәйкес сыныптан
сыныпқа өту шамасы бойынша пәндік бағдарламаларды оқытудың мақсатының
жиынтығынан айқын көрінеді.
«Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық
негіздері» педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасына
1-қосымша
Оқу жоспары
№
Бөлімдердің атаулары
Сағат саны
Барлығы
Дәріс
Семинар
Практикалық сабақтар
I
«Өзін-өзі тану» рухани-
адамгершілік білім
бағдарламасының тарихи және
психологиялық-педагогикалық
негіздері
22
8
8
6
II
«Өзін-өзі тану» рухани-
адамгершілік білім бағдарламасы
мазмұнының аксиологиялық
негіздері
14
4
4
6
Барлығы:
36
12
12
12
56
«Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық
негіздері» педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |