5. Оқу Бағдарламасын әзірлеу
20. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны, оны білу және түсіну модульдер бойынша
ұйымдастырылған, олар рухани-адамгершілік білім берудің мақсаттарын айқындайтын
тақырыптарға бөлінген: қазіргі білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілімдемелері,
пәннің тарихи, психологиялық-педагогикалық және аксиологиялық негіздері, «Өзін-өзі
тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі.
21. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының тарихи және
психологиялық-педагогикалық негіздері» модулі тыңдаушылардың адамзаттың жаһандық
мәселелері мен оларды шешудің жолдарын, тарихи әлемдік және отандық мұралардың
өзін-өзі тану идеяларының негізі екенін, рухани-адамгершілік білім берудің
психологиялық-педагогикалық аспектілерін, өзін-өзі тануды басқа пәндермен
интеграциялау мүмкіндіктерін түсінуін қамтамасыз етеді.
22. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық
негіздері» модулі тыңдаушыларға өзін-өзі танудың аксиологиялық негіздерін,
жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару қағидасының мәнін, өзін-өзі тану
мұғалімінің рөлін, шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттерін түсінуге көмектеседі.
23. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру
әдістемесі» модулі педагогтардың сабақ өткізу әдістемесінің талаптары негізінде өзін-өзі
тану сабақтарын жоспарлау және өткізу іскерлігін дамытады.
24. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы олардың әрбір нақты модульдегі зерделеген
тақырыптарын ұғыну бойынша іс-әрекеттерін сипаттайды. Тыңдаушылардың қажетті іс-
әрекет түрлері мен орындалған жұмыстың сапасын бағалау критерийлері
3-қосымша
«Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда» берілген.
25. Осы Бағдарламаның
4-қосымшасына
сәйкес өзін-өзі танудың пәндік бағдарламасын
әзірлеудің негізі спиральды оқыту болып табылады.
26. Спиральды білім беру бағдарламасын әзірлеу осы Бағдарламаның
5-қосымшасы
«Өзін-өзі танудың мазмұндық бөлімдерінің әдістемелік сипаттамасына» сәйкес сыныптан
сыныпқа өту шамасы бойынша пәндік бағдарламаларды оқытудың мақсатының
жиынтығынан айқын көрінеді.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың
ғылыми-әдіснамалық негіздері»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |