Байланысты: аза стан республикасыны білім ж не ылым министрлігі семей ал
Барометрді орнату. барометр агрометеорологтың кезекші бөлмесінде пештен, жылыту батареясынан, сыртқы есіктен, ашылмалы терезеден алыста орнатылады. Барометр ілінетін қабырға капитальды және есігі болмау керек. Барометрге күн сәулесі түспеуі керек. Барометр қабырғаға мықтап бекітілген арнайы шкафта орнатылады. Шкаф барометрді әр түрлі ластанудан және температураның күрт өзгеруінен қорғайды. Барометр шкафтың артына бұралған арнайы болтқа ілінеді. Барометр кесесі еденнен 70-75см биіктікте болуы қажет. Сынап анық көрінуі үшін шкафтың артқы қабырғасына ақ қағаз жабыстырылады. Түнгі уақытта барометр көрсеткішін бақылау үшін қол фонаригі немесе қуаты 25-40 ваттан аспайтын лампа қолданылады.