Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және филология факультеті
Тарих кафедрасы
|
Құжат СМЖ 4 дәрежелі
|
|
ОӘК
|
Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы
Оқу- әдістемелік кешені
тарих мамандығына арналған
|
Редакция №1
|
«Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы»
Оқу-әдістемелік кешені
Семей – 2013.
1. ҚҰРАСТЫРҒАН:
«Тарих» мамандығы үшін ҚР МЖМБС 3. 08 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты және «Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Құрастырған «Тарих» кафедрасының профессоры
Байсарина Қ.Қ.
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1.Тарих кафедрасы мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № 2013 жыл
Кафедра меңгерушісі: Мухамеджанова Р.Ж.
.
2.2.Тарих және филология факультетінің Оқу-әдістемелік бюросында мақұлданды.
Хаттама № 2013 жыл
Факультеттің ОӘБ-ның төрайымы: Тохметова Г.М.
Мазмұны
Жалпы ереже
Курс туралы мәліметтер
Глоссарий
Силлабус
Дәрістер және семинар сабақтарының қысқаша мазмұны
Дәрістер мазмұны
Cеминар сабақтары, әдістемелік нұсқау
Әдебиеттер
Студенттердің оқытушы ның басшылығымен орындалатын өздік жұмыстары
Өздік жұмыс тапсырмалары
Тест сұрақтары
Пән бойынша студенттер білімін бағалау жүйесі
Глоссари
Қоналға – қызмет бабымен келе жатқан әкімшілік шенділерді жеткізіп салу, қарсы алу және азықтандыру жөніндегі міндеткерлік.
Хараж – алым-салық жүйесіне қатысты термин, өнім түріндегі рента негізінен «хараж» деген атпен мәлім; бұл терминнің синонимі – мал (Абдураимов М. А. Очерки аграрных отношений в Бухарском ханстве в XVI – первой половине XIX века. Ташкент, 1970. Т. 2. С. 148)
Даруға – моңғол билеушісі, ханның қаладағы орынбасары; даруғаның міндеті: жалпы басқару, алым-салықтың дұрыс түсуін және міндеткерліктердің уақтылы орындалуын бақылау. XV – XVI ғасырларда «даруға» терминінің мағынасы әлдеқайда кеңейіп, билеуші, басқарушы, жалпы меңгеруші, қазынаның пайдасына міндеткерлікті өндіріп алу бастығы, губернатор дегенді білдірген (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и её падение. М.; Л., 1950. С. 471).
Хәкім – ханның тағайындалуы бойынша әкімшілік және соттық қызметті атқарушы қаланың не облыстың билеушісі.
Нөкер – моңғолша сөзбе-сөз дос деген сөз. Жауынгер, қызметші. Өз көсеміне қызмет етуге міндеттенген ерікті жауынгер дегенді білдіретін термин. Түркі халықтарында «нөкер» термині «жасақ», «әскери қызметші» дегенді білдірген (МИКХ. С. 500).
Аймақ – тайпа, ру деген мағынаны беретін «омақ», «обақ» деген сөзбен теңдес; XV−XVIII ғасырлардағы мұсылман шығармаларында да осылай қолданылады (МИКХ. С. 494). (246 бет)
Ауыл - қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас
жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған.
Ата – аймақ - жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады.
Айттыру құдалығы - қыз бой жеткенде айттырылады.
Айыр қалпақ - аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі.
Жүз - бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі.
Жайлау - селеулі жазық дала мен биік таулардың аралығындағы шалғынды
кеңістік , таза су, отты жер,қоңыр салқын ауа.
Зеңгі баба - сиыр малының пірі.
Киіз үй - жайылымнан-жайылымға көшіп отыру жағдайында қолайлы жеңіл
құрама үй.
Кереге - киіз үйдің қабырғасы.
Кимешек - жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім.
Көкірекше - жейденің немесе көйлектің сыртынан киетін жеңсіз, жеңіл киім
Кебеже - азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.
Келі - тары, бидай т.б.дәнді дақылдарды түйетін ұнтайтын қатты ағаштан
жасалған құрал.
Кесене - діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
Көген - қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған
қысқа жіптер.
Қамбар ата - жылқы малының пірі.
Құйысқан- ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Құрық - жылқышының мал баққанда ұстайтын құралы.
Қарын құда - бала анасының құрсағында жатқанда атастырылады.
Қозы күзем - қозылардың күзгі жүнін қырқатын мезгіл.
Тасаттық - құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі.
Туырлық - керегені жабатын киіз.
Түндік - шаңырақты жабатын киіз.
Үзік - уықты жабатын киіз.
Шекпен - түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім.
Шаңырақ - киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі
Шекшек ата - ешкі түлігінің пірі.
Шопан ата - қой түлігінің пірі.
Пост – тоталитаризм – коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік жүргізуге жарамсыз.
Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы.
Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы.
Инфляция – ақшаның құнсыздануы.
Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.
Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.
Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.
Авторитаризм – (лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы.
Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.)
Біртұтас аумақтық өндірістік кешен негізінде пайда болып, ірілі – ұсақты қалашықтар мен ауылдардан құралған қоныстық жүйе.
Агностицизм – ( грек.а- теріске шығару және gnosis – білім) – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Терминді ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гекели енгізген. А – нің гносеологиялық негізі мән мен құбылысты ажырату.
Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді.
Аккультурация – (лат.adcuitura – білім, даму) – белгілі бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі.
Актуальдандыру – (лат.actualis – қарекетшіл)- болмыстың өзгерісін білдіретін ұғым. Осы ұғымда қозғалыстың тек бір жағы ғана: болмыстың, мүмкіндік ахуалынан шындық ахуалына көшуі ғана ашып көрсетіледі.
Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды.
Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым.
Әлеуметтік позиция - әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.
Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.
Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.
Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.
Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы.
Инфляция – ақшаның құнсыздануы.
Депозит – банкіге сақтауға берілген салым.
Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.
Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.
Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні.
Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.
.
Курстың аты: Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы
Кредит саны: 3
СИЛЛАБУС
Байланыс ақпараты
1. Оқытушы бойынша мәліметтер
Лектор: Байсарина Қымбат Қабидолдақызы
Байланыс телефоны: 53-37-63
Тарих кафедрасы
Пән бойынша мәліметтер
Курс атауы: «Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы
3. Кредит саны: 3
Оқу формасы: күндізгі, негізгі оқыту бағдарламасы бойынша.
Курс- 4
Семестр-7
Сабақтар бекітілген кесте бойынша өткізіледі.
Кеңес беру сағаттары оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыстарының кестесі бойынша өткізіледі.
I.ПӘННІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
«Қазақстанның экономикасының тарихын » пәні Қазақстанның қазіргі аумағын мекендеген халықтардың экономикасы мен шаруашылықтарының қалыптасуы мен даму ерекшелігін және заңдылықтарын тас ғасырынан бастап қазіргі уақытқа дейінгісін, Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау мәселесін қоса ашуға арналған.
Берілген пәннің өзектілігі осы мамандық студенттеріне негізделшен. Дәріс ( лекция ) курсы өзіне терең мәселелерді қосады. Мысалы, ертедегі шаруашылық және әлеуметтік құрылым, түрік кезеңінің экономикасы. Ерекше бөлімдер-шаруашылықтың өзгеруіне табиғаттың және сыртқы факторлардың әсері (монғол шапқыншылығы, жонғар басқыншылығы, Ресейдің және ортаазиялық хандықтардың отарлық саяаты, қытай факторы), сондай-ақ дәстүрлі қазақ шаруашылығының XV-XVII ғ.ғ. арнайылануы. Одан әрі – капиталисттік қатынастардың элементтерінің пайда болуы және XX ғ. 20-30 ж. Қазақстан шаруашылығын мәжбүрлік құру, XX ғ. II-жартысындағы аймақтың аграрлық – индустриалдық қалыптасуы. Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың тарихының мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тәуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды құбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жұртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.
Бұл орайда Қазақстан тарихы пәніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.
Қазақстан тарихы институтың барлық мамандықтары бойынша бірінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жеріндегі ру - тайпалар мен ұлыс - ұлттардың сонау көне заманнан осы күнге дейінгі тарихына тоқталу.
Осыған байланысты пән өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды:
Халқымыздың тарихына байланысты қалыптасқан ұғымдар (дефениция) мен парадигмаларға түснік беру
Қазақ халқының этногенезі мен экономикакалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, шаруашылығы және материалдық мәдениеті жөнінде білім беру
Қазақ халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді талқылау.
Оқытушының негізгі мұраты- студент жастарға тек қана осы пән бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пәнді игерген маман елеміздің парасаты, іскер, жоғарғы мәдениетті, патриот азаматы болуы керек.
Пәннің мақсаты –Қазақстанда экономика тарихының пәндердің негізгі салаларын оқыту арқылы тәуелсіз еліміздің экономикалық тарих ғылымының дамуына, оның тарихи оқиғаларының шынтуайттылық негізінде, жан-жақты толық жазылуына үлес қосар зерттеушілер дайындау және материалдық-мәдени ескерткіштердің ғылыми құндылығын анықтайтын, қамқорлыққа алатын азаматтар тәрбиелеу. Сонымен қатар, қоғам дамуын, оның тарихын жалаң зерттемей, қоғам мен қоршаған ортаны экономика тарихы н географиялық жағынан байланыстыра зерттеу. Яғни, әрбір тарихи кезеңде физикалық, географиялық факторлар, ауа райы, рельеф т.б. қоғам дамуындағы шаруашылықты ұйымдастырудың түрлерінің қалыптасуына қалай әсер еткенін дәлелді баяндау және адам қоғамының дамуына экономикалық дамуының тигізетін әсерін ашып көрсету.
Қазақ халқының экономика тарихын оқи отырып студенттер қазақ халқының дәстүрлі шаруашылықтарының, қалыптасуымен даму жолын, шежіре деректерін пайдалана отырып зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы айырып білсе, нумизматикадан әр түрлі қоғамдық-экономикалық формация дәуірлеріндегі мемлекеттік бірлестіктердің ақша-тауар айналыстарын, өзара экономикалық байланыстары мен сауда жолдарын, монеталар тарихын, ақша атауларын, олардың жасалу жолдарын білсе, сфрагистика мен геральдикадан тайпалар мен халықтардың өздеріне тән мөрлері мен елтаңбаларының тарихын, даму жолын біліп, оларды танып-білудің әдістерін үйренеді.
«Қазақстанның экономикалық тарихы» Бағдарламада пәндердің аталған салаларының ғылым ретінде қалыптасу деңгейі мен зерттелу дәрежесіне, зерттеу әдістеріне де көңіл бөлінді.
Бағдарламада пәндер бойынша Барлық салалар бойынша негізгі мәселелер Қазақстанға байланысты деректер негізінде жасалды.
Қазақстан экономика тарихы пәндер құрамына кіретін ғылым салаларының Отан тарих үшін берер мағлұматы көп. Әсіресе қазіргі таңда қазақ тарихын қайта зерделеп жатқан тұстағы маңызы зор. Сондықтан да болар XX ғасырдың екінші жартысынан бастап тарих ғылымында бұл салалар Қазақстан экономика тарихы деп атала бастады.
Оқу жоспарынан көшірме
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс
|
Прак. сабақ
|
СРСП
|
СРС
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
2
|
3
|
3
|
30
|
15
|
22.5
|
67, 5
|
135,5
|
Емтихан
|
П р е р е к в и з и т т е р і
Қазақстан экономика тарихының демократиялық және өркениеттілік бағытта дамуын айқындайтын шешуші тарихи факторлардың қағидалары мен өркениеттілікті өскелең ұрпақ бойында берік қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан ежелгі тарихы, Қазақстан орта ғасыр тарихы, әлуметтану,т.б.пәндердің жалғасы болып табылатын Қазақстан экономика тарихы тарихи өзгерістерін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-тарихи құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында «Қазақстан экономика тарихы» пәнінің алатын орны ерекше.
Постреквизиті
Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде «Қазақстан экономика тарихы» курсының XXI ғ. білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда Қазақстан тарихының жаңа заман тарихын оқып-білу үшін, жас ұрпақ мектеп қабырғасынан қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,құқық негіздері, этнология, білімдері, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында Қазақстан экономика тарихы білімдері әрі қарай нақтылана, толыға түседі. Қазақстан экономика тарихы Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы ғылымдар кешенінің негізі болып табылады.
Постреквизиттері : Пәндермен: Қазақстан тарихы , экономикалық география, тарихи география,саясаттану, әлеуметтану, қазақ әдебиеті т.б.пәндермен байланысты:
К у р с м а қ с а т ы.
Ертедегі, ортағасырлардағы, дәстүрлі қазақ қоғамындағы, кеңесттік кезеңдегі Қазақстан экономикасының және тәуелсіздік кезіндегі шаруашылық жүйелер мен әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы туралы мәселелері бойынша студенттерге дұрыс түсінік қалыптастыру.
1. Қазақ халқының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін және шаруашылығы мен тұрмысын әлеуметтік-саяси тарихтың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтары мен арнайылануын мәселелерін ашу,
кұрылым жүйесінің тарихи даму заңдылықтарын оқып игеру.
2.Көшпенділер өркениетіндегі қазақ халқының өзіндік ұлттық ерекшелік өркениетіндегі тарихтың әр кезеңіндегі эконмикалық дәстүрлі шаруашылығы және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму заңдылықтары мәселелерін ашу,
еркшелігімен маңыздылығын ашу және әлемдік өркениет жүйесіндегі орнын көрсету.
3.Тарихтың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтары мен арнайылануын мәселелерін ашуда тарихи жеке тұлғалардың тарихтағы орнын көрсету. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және қоғамымыздағы экономикалық реформалардың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтарының мәселелерінің тарихының экономикалық маңызын ашу
4. Негізгі тарихи мәселелердің шешімін қарастыру: этногенез мемлекеттілік тарихи ұлт-азаттық қозғалыстар және саяси ағымдар, көшпенділер мәселесіндегі Қазақстанның экономикасының тарихының мәселелерін біліктілікпен игеру.
5. Қазіргі жағдайдағы табиғатқа адамның қатынасын және экологиялық тарихтың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтары мен арнайы мәселелерінің ерекшеліктерін тану.
6. Алдымен қойылатын талап: ойлау қабілеті, сараптап ой елегінен өткізіп қабылдау.
М і н д е т т е р і.
1.Танымдық –
- тарихтың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтары мен арнайылануын мәселелерін ашу,
- тұрақты және уақытша факторлардың әсерін талқылау,
- ауыспалы шаруашылықтардың әртүрлілігін және артықшылығын зерттеу.
2. Эвристикалық-
- ойлаудың өз бетіншелігін талап ететін мәселелерді қою,
- шығармашылық және интеллектуалдық потенциалды ( тест, кроссворд , тарихи – экономикалық карта құру, жасауды ) ынталандыруға бағытталған тапсырмалар беру.
3. Тәрбиелік-
- алғашқы екі міндетті шешу арқылы студенттерді халықтың тарихын есіне салу
- Отан сүйгішттік рухта тәрбиелеу.
«Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы
пәнінің лекция тақырыптық жоспары.
№
|
Тақырыптар
|
Лекция
|
1
|
Пәнге кіріспе.
Қазақстанның экономикалық тарихы пәні
|
1
|
2
|
Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері тарихының деректемесі мен тарихнамасы
|
1
|
3
|
Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект.
|
2
|
4
|
Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен қоғамдық қатынстары.
|
2
|
5
|
Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы.
|
2
|
6
|
Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы.
|
2
|
7
|
Ұлы Жібек жолы және Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы.
|
2
|
8
|
Қазақ хандығы: 15-17 ғ.ғ. халқы және ауыл шаруашылығы.
|
2
|
9
|
XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептерінің алғышарттары.
|
1
|
10
|
18-19ғ.ғ. 1-жарт: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
|
4
|
11
|
19 ғ. 2-жарт: - 20 ғ. басы Қазақстанның шаруашылығындағы өзгерістер.
|
2
|
12
|
ХХ ғ. 20-40ж.ж. экономикалық жаңартулар.
|
2
|
13
|
ХХ ғ. 50-80 жж. Ауыл шаруашылығы.
|
2
|
14
|
Тәуелсіздіктің жариялануы және 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер.
|
2
|
15
|
Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері.
|
2
|
16
|
Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
|
1
|
|
Барлығы
|
30
|