5-кесте. ПП қаптар өндірісін ұйымдастыру жобасының жалпы құны келесідей болады:
Атауы
|
Сома, мың долл.
|
ПП қап өндірісі үшін қажет құрал-жабдық
|
1 050
|
Құрал-жабдыққа ҚҚС (НДС)
|
210
|
Құрылыс-монтаж жұмыстары
|
103,1
|
Айналым капиталы
|
136,9
|
Барлығы:
|
1 500
|
Нәтижесінде ЖШС ”Итеко Плюстің” айналым капиталын қаржыландыру, жабдықтар сатып алумен монтажды-құрылыс жұмыстары үшін 1500000 АҚШ доллары сомасында инвестиция қажет. Берілген жобада ақша құралдарының ағымы жобаның 5 жыл өмір сүру цикіліне есептелген, мұнда бұл сома 5 жылға 12%-бен ұзақ мерзімге алынған.
Компанияның жалпы сипаттамасы
Бұл бөлімнің негізгі мақсаты берілген компанияның инвестицияларды немесе несиелік құралдарды қолданыла алатындығын, төлеу қабілеттілігінің бар болуы мен осы жобаны табысты жүзеге асыратындығын дәлелдеу үшін қажет, яғни оның несиелік тарихы кәсіпорынның сенімділігін көрсетеді.
Жоба бойынша негізгі қарыз алушы ЖШС ”Итеко Плюс” болып табылады. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Промышленная көшесі,100.
ЖШС ”Итеко Плюс” Директоры Имажанов М.Е.
Жарғылық қоры –5 000 000 теңге.
Кәсіпорынның қысқаша тарихы
ЖШС ”Итеко Плюс” 2017 жылдың 15 мамырында құрылды. ЖШС ААҚ ”Итеконың” еншілес компаниясы болып табылады. Жобаның негізгі кепілі, демеушісі мен ұйымдастырушысы, әсіресе бірінші кезеңде, ААҚ ”Итеко” болып табылады. ААҚ ”Итеко” (пластмассадан жасалатын өнімдерді өндіретін зауыт)- Қазақстан Республикасындағы ірі өндірісшілердің бірі.
2013 жылы мемлекеттік кәсіпорын жүз пайыздық жеке капиталы бар акционерлік қоғамға айналды.
Өндірістік іс-әрекетін талдау
ААҚ ”Итекода” 700 адам , соның ішінде 80 маман мен инженерлік – техникалық жұмысшылар, қызмет жасайды.
Кәсіпорын пластмассадан жасалатын кең ассортиментті өнімдер шығарады – шелектер, фляктар, көкөністер үшін жәшіктер, қаптар, кухняға қажетті ыдыстар мен ойыншықтар – барлығы 30 түрлі өнім түрлері. Өндіріс қуаты жылына 10 000 тонна өнім.
Достарыңызбен бөлісу: |