Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі шымкент қаласының білім басқармасы



бет3/21
Дата07.02.2022
өлшемі214,01 Kb.
#90749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайды талдау
Бөж-1 қына compressed 2
І. Кіріспе
Инвестициятабыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестициялық қызмет - пайда табу және (немесе) басқа тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін инвестициялау және практикалық әрекеттерді орындау.
Мен бұл тақырыпты алу себебім, елдің даму жолына қажетті жағдайларды анықтау Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады.Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен толықтырылмай, ал өндірістік аппараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етпеуде.
Ал отандық коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі экономиканы несиелеуге бағытталған несиелерінің шамамен 20-30%-ы орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80%-ы қасқа мерзімді несиелерді құрайды.Мұнда әлі де болса өз шешімін таппаған мәселелер аз емес.Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп көңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, ұзақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т.б. байланысты.Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің маңызы жоғары.Бұл айтылғандар да бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.
Қазіргі таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты пайдалану мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең техникалық-технологиялық алшақтықты жоюға ықпал ететін жобаларды іске асыруға бағытталған инаестициялар көлемін ұлғайту қажет. Экономикаға инвестиция тарту өнеркәсіп , ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды көздерінің бірі болып табылады.
Алайда, осы көп қатпарлы мәселенің бірқатар сұрақтары өз шешімін таппады.Инвестициялық жобаларды бағалау және олардың ең тиімдісін таңдау әдістерін Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру , жобаларды қаржыландыру үшін ашылған халықаралық несиелік желілердің қызмет етуін және несиелеу механизімін жетілдіру бүгінгікүннің талабы.
Осындай көптеген мәселенің теориялық әдістемелік сұрақтарының жеткіліксіз жерін өз курстық жұмысымда ашып көрсетуге тырыстым..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет