Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі шымкент қаласының білім басқармасы



бет6/21
Дата07.02.2022
өлшемі214,01 Kb.
#90749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайды талдау
Бөж-1 қына compressed 2
2.Инвестиция және экономика


2.1.Инвестицияның мәні, қызметі
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне , дамуына жұмсалатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет