168
құбыр дайындамаларынан таратушы жылу құбырлары) пайдаланады.
Жылыту жүйесінің сапасын бақылау кезінде жылыту құралдарының
жобалық деректерге сәйкестігін, олардың еденнен, терезе алды, қабырғадан
арақашықтығын, кронштейндерді орнатудың перпендикулярлығы мен
беріктігін, аспаптардың тігінен және көлденеңінен тексереді; жылу
құбырларының диаметрлерінің жобаға сәйкестігі, еңістер мен көтерулер, тік
сызықты учаскелерде сынулар мен қисықтардың болмауы, дәнекерленген
жіктердің және тіректерге қатысты қосылыстардың орналасуы, жылу
құбырларының бекітілу беріктігі, гильзалардың болуы, тіректердің тік
сызықтығы мен тігінен болуы, ауа жинағыштардың жылу құбырларына
қосылуы, бекіту және реттеуші арматураның жарамдылығы мен жұмысы.
Санитарлық-техникалық
жүйелер
элементтерінің
өлшемдерін,
қашықтығын тексеру металл сызғышпен, жиналмалы метрмен, рулеткамен
жүргізіледі. Орнатылған жабдықтың көлденеңдігі, жылу құбырларының
еңістері деңгеймен, ал элементтер мен құбырлардың тік орналасуы -
тіктеуішпен немесе деңгеймен анықталады. Құбырларды бекіту беріктігін
сыртынан қарап, бітелген бекітпелерді іріктеп ашу (қажет болған жағдайда)
арқылы тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: