Жылу ағыны - кез келген изотермиялық беттен уақыт бірлігінде өтетін
жылу шамасы.
Жылу алмастырғыш - б ір жылу тасығыштан екіншіге жылу тасымалдау
орындалатын құрылғы.
Жылу беру - қатты дененің бетімен қоршаған сұйық (газ тәрізді) орта
арсындағы жылу алмасу.
Жылумен қамту - жылыту және ыстық сумен қамту жүйелерді ыстық сумен
(бумен)жабдықтау.
Жылу сәулелену - дене ішкі энергиясының электрмагниттік толқындар
арқылы тасымалдануы.
Жылу тасығыш - ж ылу алмасатын сұйықтар мен газдар.
Жылу торабы - жылу тасығыш (ыстық су немесе бу) жылуды жылу көзінен
тұтынушыларға жеткізетін құбырлар жүйесі.
Жылу өткізгіштік - дененің құрылымдық бөлшектерінің қимылы және бір-
бірімен соқтығысу нәтижесінде ішкі энергияның тасымалдануы.
Жылыту - бөлмелер температурасын жылу комфортына сай келетін
денгейде ұстап тұру.
Жылыту аспап - бөлмелерді жылытуға арналған аспап.
Кәріз - лас суларды жинауға, әкетуге және тазартуға арналған инженерлік
құрылымдар жүйесі.
Конвективті жылу алмасу - сұйық немесе газ тәрәзді ортаның конвективті
қозғалу нәтижесіндегі жылу алмасу.
Конвектор - қырланған құбырдан және қаптамадан тұратын конвективті
аспап (75 % артық жылу конвекциямен беріледі).
Конвекция - сұйықтың немесе газдың макрокөлемдерінің бір-біріне
қатысты қозғалуы.
Кондиционер - кондиционерлеу жүйесіндегі ауаны дайындауға және
тасымалдауға арналған аппарат.
Енгізу - қала су құбырынан су өлшегішке дейінгі жалғанған құбыр
Мұнара- сумен жабдықтауда қолданылатын су толтырылатын