Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі»



Дата08.06.2018
өлшемі28,66 Kb.
#41725


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі»

«№ 27 ЖББОМ» КММ

Бағыты секциясы : Тіл ғылымы

Оқушылардың қалалық

ғылыми –практикалық

конференциясына ұсынылған

зерттеу жоба тақырыбы :

Тақырып: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларының идеялық-мазмұндық мәні мен тақырыптық ерекшеліктері.

Ғылыми жобаны орындағандары:

Хорошко Нелли 8 «А» сынып оқушысы

Авдеенко Максим 8 «А» сынып оқушысы

Ғылыми жоба жетекшісі:

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі : К.Ж.Хамзина.

Теміртау қаласы,2016ж



МАЗМҰНЫ 

І. Аннотация ...................................................................................................1

ІІ. Кіріспе.........................................................................................................3

ІІІ. Негізгі бөлім..............................................................................................4

1) Шығармашылық мұрасы...........................................................7

2) Зерттеу бөлімі.............................................................................8

3) Зерттеу әдісі мен мәліметтер ....................................................8

ІV. Жалпы қорытынды...................................................................................8

V. Пайдаланған әдебиеттер............................................................................9

VІ.Зерттеу журналы........................................................................................10








Аннотация
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының XX ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап ақыл - ойшысы. Ол - ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелеуге еркін де пайдаланған шебер. Сұлтанмахмұт өлеңдегі Абай өрнегін шебер пайдаланушы ғана емес, өзінің ақындық қуат-дарынымен жаңалаушы, ілгері дамытушы. Ол – қазақ халқының XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті аталатын тұтас дәуірдің айырықша ірі тұлғасы.

Жобаның мақсаты:

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби асыл мұрасын көздің қарашығындай етіп сақтау, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу.Халқына аянбай қызмет қылған адал жүрек ағаларымыздан үлгі, өнеге алу, шығармаларының мәнін таныту.


Жобаның міндеттері:

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың лирикалық шығармаларынан отаншылдық, өнегелік тəрбие алу;

-Жастарды қазіргі əдебиет пен поэзияға деген сүйіспеншілігін ояту.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларының идеялық-мазмұндық мәні мен тақырыптық ерекшеліктерін, оның рухани байлығының маңыздылығын шын мәнінде де ұрпаққа үлкен мұра қалдырды.

1

Зерттеу жұмысының дереккөздері: зерттеудің материалы ретінде деректер, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды
Болжам:

XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров шын мәнінде де ұрпаққа үлкен мұра қалдырды.Сондықтан да ақынның барлық жанрдағы туындыларында өз заманының, уақыттың көкейкесті, актуальді мәселелерін көтеріп, соларға көркемдік идеялық саралау жасауына күмәніміз болмайды.


Тақырыптың өзектілігі:

Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын өз шығармашылығында азаматтық позицияны бірінші қатарға қойған, өнердің әлеуметтік, тәрбиелік мәнін аса қатты құнттаған, шығармалары арқылы қоғамға қолма қол ықпал жасауды ойлаған жазушы. Оның барлық жанрдағы туындыларының басты бір ерекшелігі өз заманының, уақыттың көкейкесті, актуальді мәселелерін көтеріп, соларға көркемдік идеялық саралау жасауында жатыр. Ақынның аса қатты құнттаған, шығармаларын мен қанша білеміз? Қазіргі заманда ағамыздың қоғамға аянбай еткен еңбегі ақталды ма? деген сұраққа жауап іздейміз.

2

Зерттеу әдіс-тәсілі :

Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, талдау (анализ) тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады



Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар пайдалануға болады. 


Ақын лирикасының басты тақырыптары мен идесын ашып түсініп алдым. 

Зерттеудің жаңалығы: Осы зерттеу жұмысы барысында қазақ әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең бір көкейкесті тақырыптарын қопара көрсетіп, жанды бейне, көркем образдар арқылы, терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасағанын қазіргі заманда елімнің тәуелсіз мемлекет болып отырғаны, асқақатаған арманының орындалуы дәлел.

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ



Әдебиетке шолу

Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,

Разымын, не көрсем де осы жолда.

Шаршармын, адасармын, шалдығармын,

Бірақ бір табамын деп көңілім сонда

Сұлтанмахмұт Торайғыров
Торайғыров Сұлтанмахмұт 1893 жылы 29 қазанда қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында туады. Бір жасында анасы өліп, әжесінің тәрбиесінде болған оның балалық, жастық шағы Баянауыл өңірінде өтеді. Кедейлігінен "ІПоқпыт" атанған әкесі Әбубәкір ақ көңіл, жомарт әрі айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты адам болады.

Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902—1903 жылдары — Әлі, 1904—1905 жылдары — Тортай, 1906—1907 жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулады.

Сұлтанмахмұттың он үш жасында жазылған "Секілді өмір қысқа, жарты тұтам" деп аталатын алғашқы өлеңі, міне, осы Мұқан молданың ықпалымен туған еді.

Секілді өмір қысқа, жарты тұтам,

Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам.

Аз өмірді ақындық жолға бердім,

4

Лепес қьш түкірген соң молда Мұқан, — деп жазады бұл өлеңінде болашақ ақын.



1908—1910 жылдары Сұлтанмахмұт Баянауылдағы медреседе оқиды. 1911 жылы Троицк қаласынан көрші ауылға келіп, молдалық құрған Нұрғалидан дәріс алады. Нұрғалидың көмегімен бұл кезде ол қазақ, татар тілінде шыққан кітаптарды, газет-журналдарды көп оқиды. Өлең, әңгіме жазуға ден қояды. Білімі толысып, өнерге құштарланған Сұлтанмахмұт қаламынан бұл кезеңде "Дін", "Сарыбас", "Соқыр сопы", "Кезек қашан келеді", "Оқу" атты бірқатар өлеңдер мен "Зарландым" деген әңгіме туады. Оларда талапкер ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер мен білімнің пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б. туралы толғанады.

1912 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт оқу іздеп Троицк қаласына барып, осындағы медресеге түседі. Қуанышында шек болмайды. Көңілін шабыт кернеп, "Оқудағы мақсат не?", "Анау-мынау", "Қандай?", "Зарлау" тәрізді бірқатар өлеңдерін жазады.

Әйтсе де бұл медреседе көп оқи алмайды. Қыс өте науқастанып, амалсыздан Троицк маңындағы қазақ ауылдарына барып, бала оқытады. Өзі де көп оқиды, өлеңдер жазады. Осында жүріп "Ауырмай есімнен жаңылғаным" деген белгілі әңгімесін жазады.

1913 жылдың күзінде Троицкіге оралып, осында шығатын "Айқап" журналына қызметке орналасады. Бұл Сұлтанмахмұттың шығармашылық жолындағы аса абысты кезең болды. Шабыты толысқан ол әр түрлі жанрда көптеген шығармаларын жазады. Атап айтқанда, "Қамар сұлу" романы, "Өлең және айтушылары", "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу оқыту жайы қалай?" деген тәрізді мақалалары, бірсыпыра өлеңдері осы "Айқап" редакциясында қызмет істеп жүрген уакытында дүниеге келеді. Осында жүріп "Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" атты жинақтарын әзірлейді. Өкінішке орай, бұл кітаптары жоғалып кетеді.

5

1914 жылдың жазында ауылда біраз болып, қаржы жинап, үлкен қалалардағы оқуға бармақ ниетпен Сұлтанмахмұт Баянауылға келеді. Ел ішінде бала оқытады, жастар арасында оқуға, мәдениетке шақыратын насихаттық жұмыстар жүргізеді. "Шоң" деп аталатын мәдени-ағарту ұйымын құрады.



Күзде орысша оқу мақсатымен Семейге барады. Бірақ оқуға іліне алмайды, қаржысы таусылады. Көп қиындық көреді. Ақырында Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай деген жерге барып, екі жылдай осы аймақта бала оқытады. Арасында өзі де орысша оқиды. Бірқатар өлеңдерін, "Кім жазықты?" деп аталатын өлеңмен жазылған романын жазады.

1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курсқа ілігеді. Әдебиет, тарих, философия кітаптарын көп оқиды. Қиындықтарға кездеседі, жоқшылық көреді.

Ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың көктемінде Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді. Қазақтың оқыған азаматтарымен танысады, араласады, қызметке кіреді. Алаш қозғалысына белсене ат салысады.

1918 жылдың жазында кеңес өкіметі құлаған аласапыран тұсында емделу мақсатымен Сұлтанмахмұт Баянауылға келіп, шығармашылық жұмысын жалғастырады. "Социализм" атты мақала, "Неге жасаймын?", "Осы да әділдік пе?", "Адасқан өмір", "Кедей" поэмаларын жазады. Бұл шығармаларында ақын айналасына көзқарасын білдіреді, өмірге үмітпен қарайды. Өзінің демократтық ой-пікірлерін, түсінігін алға тартады.

1919 жылдың соңында Сұлтанмахмұт Павлодарға келіп, біраз уақыт кеңес өкіметіне қызмет етеді. Бірақ көп ұзамай бойындағы науқасы меңдеп, төсек тартып жатып қалады. 1920 жылы 20 мамырда 27 жастағы Сұлтанмахмұт дүние салады

6
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ


Шығармашылық мұрасы

XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық Ресей жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. Сол себепті де Сұлтанмахмұттың ойсанасы ерте оянды. Жасынан жетімдік пен жоқшылықтың қиындығын көп көрген ол айналасына сергек қарады. Алдына биік-биік мақсаттар қойды. Соған жетуді ойлады. Ілгері ұмтылды. Оқуға, білуге құштар болды. Мақсатын, жүрек қалауын қашанда ашық айтты:


Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,

Разымын, не көрсем де осы жолда.

Шаршармын, адасармын, шалдығармын,

Бірақ бір табамын деп көңілім сонда, –


деп өзі айтқандай, ақынның барлық саналы өмірі шындыққа, әділетті заманына жетсем, жақсылықты көрсем, халқыма осы жолда қызмет етсем деген ізгі арманның жетегінде өтті. Сол жолда өзінің қиналатынын, шаршайтынын, адасатынын сезсе де, қайраткер ақын оның бәріне көнуге өзіне-өзі серт береді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында осындай жігермен алға ұмтылған ол туған халқының тарихындағы от жүректі ақын әрі қоғам қайраткері, ұлтын шексіз сүйген азамат дәрежесіне көтерілді.

7
МӘЛІМЕТТЕР МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ


ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ:

Ақын өз кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген.Көшпелі шаруашылық тұрмыс жағдайынан туған әртүрлі атаулар мен түсініктер әрі дәл, әрі өте шебер түрде, асқан ісекерлікпен Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерінде өріліп жатады. Жауынгерлік өмірге тән қару-жарақ аттары да, сол жағдайға лайықты сөздер де, халықтың рухани күшінің биік шыңы болған жортуылды күндердің сипаттарын берерлік тамаша образдар да Махамбет өлеңдерінен өшпестік орын алды. Тек қана жауынгерлік емес, сонымен қатар, халық өмірінің басқа жағдайдағы көріністерін суреттеу үшін қолданған сөз бейнелері күні бүгінге шейін өзінің сырын да, сынын да жойған жоқ.Тілінің байлығы жағынан және оны шебер қолдана білуі жағынан Сұлтанмахмұт Торайғыров атақты сөз ұсталарының қайсысынан болсын кем түспейді. Сондықтан да ақын тіліндегі көркемдегіш құралдардың мағынасын ашып, жете түсіну оқушы үшін өте қажет.


8



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі – Алматы: Ғылым, 1976 – 270 б.

2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2томдық. 1том 1961ж.

3.Раушанов Е. Зымыран деген бір құс бар // Жас қазақ, 2005, 22 сәуір.

4.Сыздықова Р.С. Махамбеттің әр сөзін түсініп оқысақ // Қазақ әдебиеті, 1.08.2003.

5.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы – Алматы: Мектеп, 1973.

6.Сыздық Р. Сөздер сөйлейді – Алматы: Арыс, 2004 – 232 б.

7.Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік – Алматы: Мектеп, 1984, І т. – 256 б.

8. Бес ғасыр жырлайды. 3томдық. 1том 1984ж. 

9
П І К І Р

Қазақ көркем сөз дәстүрін жалғастырып, әдеби тілге жаңа образдар мен жеке сөздерді әкелген Сұлтанмахмұт ақынның асыл мұрасын танып-білу тіл тарихы үшін, жаңа сапаға жаңғырып жатқан ұлттық сана үшін де өте маңызды.

Сұлтанмахмұт өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ. Оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан. Жоба жұмысында Сұлтанмахмұт өлеңдерінің тіліне тоқталып, ақын тіліндегі метафоралар,әдеби-көркемдеу тәсілдері, Сұлтанмахмұттың өзіндік тың образдары жөнінде сөз қозғалады.

Бұл зерттеу жұмысында қажетіне қарай ғалымдар еңбектерінің тілдік деректерін және алдыңғы буын ғалымдар тарапынан ұсынылған бірқатар теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.

Жобамыздың басты мақсаты- ақын шығармашылығындағы метафораның орын алу деңгейін, мақсатын, мағынасын анықтау.


Мектеп директоры Н.А.Каменецкая



Жоба жетекшісі К.Ж.Хамзина
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет